Тrаnsmіssіоn Соntrоl Рrоtосоl / Іntеrnеt Рrоtосоl (ТСР/ІР) -гетерогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өнеркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. үйлесімділік - ТСР/ІР хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар ТСР/ІР Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табылады. ТСР/ІР бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. ¤зінің кең тарауының арқасында, ТСР/ІР желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. ТСР/ІР ашық жүйеге негізделген және ОSІ үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.
ІР хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қабылдаушы арасында дейтграммалар деп аталатын деректер блоктарын жіберуді қамтамасыз етеді. ІР хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен, сенімсіз хаттама болып табылады, яғни ІР деректердің жеткендігін растамайды, алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған. ІР хаттамасы әрбір дейтграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді. ІР-дің негізгі мақсаты -дейтграммаларды бағыттау (дейтграммалардың түйіннен түйінге өтетін жолдарын анықтап беру).