Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2019 Құрастырған: аға оқытушы Балгимбекова У. Б


IPX/SPX стегі. NETBIOS/SMB стегі. SNA стегі



бет18/49
Дата06.01.2022
өлшемі256,67 Kb.
#13115
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Байланысты:
Комп жели лекция

2.IPX/SPX стегі. NETBIOS/SMB стегі. SNA стегі

IPX/SPX стегі. Бұл стек Novell фирмасы 80-ші жылдардың басында өзінің желілік NetWare операциялық жүйесі үшін жасап шығарған хаттамаларының түпнұсқа стегі болып табылады. Стекке атау берген Internetwork Packet Exchange (IPX) және Sequenced Packet Exchange (SPX) хаттамалары, IPX/SPX-ке қарағанда едәуір аз дәрежеде таралған Xerox фирмасының XNS хаттамаларының тікелей бейімделуі болып табылады. Орнату саны бойынша IPX/SPX хаттамалары көшбасшы, және бұл NetWare ОЖ-сінің өзі әлемдік ауқымда шамамен 65% үлеспен орнатылған көшбасшы жағдайында болуына байланысты. Novell фирмасының хаттамаларының топтамасы және олардың үлгілерінің ISO/OSI үлгілеріне сәйкестігі 2.10 суретте көрсетілген. Физикалық және арналық деңгейлерде Novell желілерінде осы деңгейдің барлық әйгілі хаттамалары қолданылады (Ethernet, Token Ring, FDDI және басқалары) Желілік деңгейде Novell стегінде IPX хаттамасы және де RIP NLSP (TCP/IP стегінің OSPF хаттамасына ұқсас) маршруттық ақпаратпен алмасу хаттамасы жұмыс істейді. IPX Novell желілерінде дестелерді адрестеу және маршруттау сұрақтармен айналысатын хаттама болып табылады. IPX маршруттық шешімдері оның дестесінің тақырыбындағы адрестік өрістерге, және де маршруттық ақпаратты алмасу хаттамаларынан келіп түсетін ақпаратқа негізделген. Мысалы, IPX дестелерді беру керек компьюбтерге немесе келесі маршрутизаторға беру үшін не болмаса RIP хаттамасы беретін, не болмаса NLSP (NetWare Link State Protocol) хаттамасы беретін ақпаратты қолданады. Өз жұмысында IPX сондай-ақ SAP жоғарғы деңгейінің хаттамасын да қолданады. IPX хаттамасы хабарламаларды алмасудың тек қана дейтаграммалық әдісін қолдайды, соның есебінен есептеу ресурстарын үнемді пайдаланады. Сонымен, IPX хаттамасы үш функцияның орындалуын қамтамасыз етеді: адресті беру, маршрутты орнату және дейтаграммаларды тарату. Novell стегінде OSI үлгісінің көліктік деңгейіне хабарламаларды қосылыстар орнату арқылы беруді іске асыратын SPX хаттамасы сәйкес келеді. Жоғарғы қолданбалы, өкілдік және сеанстық деңгейлерде NCP және SAP хаттамалары жұмыс істейді. NCP (NetWare Core Protocol) хаттамасы NetWare серверінің және жұмысшы станцияның қабықшасының өзара әрекеттесу хаттамасы болып табылады. Бұл қолданбалы деңгей хаттамасы клиент-сервер сәулетін OSI үлгісінің жоғарғы деңгейінде жүзеге асырады. Осы хаттаманың функцияларының көмегімен жұмысшы станция серверге қосылуды жүргізеді, сервер каталогтарын дискжетектерінің жергілікті әріптерінде көрсетеді, сервердің файлдық жүйесін қарап шығады, өшірілген файлдарды көшіреді, олардың атрибуттарын өзгертеді және т.б., және де принт-серверде қашықтықтағы баспаға шығаруды іске асырады. NCP хаттамалары Novell желісінің түпнұсқа хаттамасы болып табылады және басқа желілерде қолданылмайды. 2.10 сурет. -IPX/SPX хаттамалар стегі SAP (Service Advertising Protocol) – сервис туралы жариялау хаттамасы – RIP хаттамасына концептуалды ұқсас. SAP хаттамасы желілік құрылғыларға желіде қазіргі кезде қандай сервистік қызметтер бар екендігі туралы деректерді тұрақты түзетіп тұруға мүмкіндік береді. Старт кезінде серверлер SAP-ты желінің қалған бөлігін өз қызметтері туралы хабардар ету үшін қолданады. Сервер жұмысын аяқтаған кезде, ол желіні өз қызметінің тоқтатылғандығы туралы хабардар ету үшін SAP-ты қолданады. Novell желілерінде NetWare 3.х серверлері кеңхабарлаушы SAP дестелерін минут сайын таратады. SAP дестелері желіні біршама дәрежеде ластайды, сондықтан жаһандық байланысқа шығатын маршрутизаторлардың негізгі міндеттерінің бірі болып, SAP-дестелердің және RIP-дестелердің графигін фильтрлеу табылады. IPX/SPX стегінің ерекшеліктері NeyWare ОЖ-нің ерекшеліктеріен, атап айтқанда, оның ертеректегі нұсқаларының (4.0 дейін) жұпыны ресурстары бар дербес компьютерлерден тұратын шағын жергілікті желілердің жұмысына бағытталғандығына байланысты. Сондықтан Novell-ге іске асырылуы үшін оперативтік жадының ең аз мөлшерін қажет ететін (MS-DOS-тың басқаруындағы IBMүйлесімді компьютерлерде 640 Кбайтпен шектелген) және шағын есептеу қуаттылықтары бар процессорларда тез жұмыс істейтін хаттамалар керек болды. Нәтижесінде IPX/SPX стегінің хаттамалары соңғы уақытқа дейін жергілікті желілерде жақсы жұмыс істеді де, үлкен корпоративтік желілерде – онша жақсы жұмыс істемеді, өйткені баяу жаһандық байланыстарды осы стектің бірнеше хаттамалары қарқынды қолданатын, мыслаы клиент пен сервер арасындағы байланысты орнату үшін қолданатын кеңхабарлаушы дестелермен тым көп жүктеді. Бұл жағдай және де IPX/SPX стегінің Novell фирмасының меншігі болып табылатындығымен және оны жүзеге асыру үшін одан лицензия алу керектігімен, көп уақыт бойы оның таралуын тек қана NetWare желісімен шектеді. Дегенмен NetWare 4.0 нұсқасы шыққан сәтте Novell өз хаттамаларына оларды корпоративтік желілерде жұмыс істеуге икемдеуге бағытталған салиқалы өзгерістер енгізді және енгізуді жалғастыруда. Қазір IPX/SPX стегі NetWare-де ғана емес, басқа да бірнеше әйгілі желілік ОЖ-де - SCO UNIX, Sun Solaris, Microsoft Windows NT іске асырылған.

SNA стегі. SNA (Systems Network Architecture) – бұл үлгіні IBM мейнфреймдері базасында жасалған желілерге арнап IBM жасап шығарған,және желінің барлық элементтерінің: компьютерлердің, терминалдардың, концентраторлардың, жүйелік және қолданбалы бағдарламалардың арасындағы өзара әрекеттесуді стандарттайды. SNA хаттамалары желілік хаттамаларға қойылатын негізгі заманауи талаптарды қанағаттандырады: маршруттау құралдарының болуы, сервистің әртүрлі деңгейі, берілетін деректердің түрлері мен тәуелсіздік, басқа желілік сәулеттермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі. Корпоративтік желілердің саны көптеп өсуі жергілікті желілерді мейнфрейм желілерімен біріктіру сұрақтарын өзекті еткендіктен, SNA стегі жақын уақытта бұдан да кең таралуға ие болатындығын күтуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет