Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2019 Құрастырған: аға оқытушы Балгимбекова У. Б



бет21/49
Дата06.01.2022
өлшемі256,67 Kb.
#13115
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
. Көпір - сегменттер мен желілерді қосатын құрылғы. Көпірдің мақсаты:

  • желінің өлшемін үлғайту;

  • желідегі компьютерлердің максималды санын арттыру;

  • желідегі тар жолдарды жою;

  • желідегі әртүрлі сегменттерді қосу;

  • әртүрлі физикалық таратушыларды қосу.

Көпірлер О8І үлгісінің Арналық деңгейінде жұмыс істейді, сондықтан бұл үлгінің өзінен жоғары жатқан деңгейлеріндегі ақпаратпен жұмыс істей алады.Бір хаттаманы екіншісінен ажыратпай, желіде барлық хаттамалардың жұмыс істеуін қолдайды. Кез-келген хаттама көпір арқылы өтетіндіктен, әрбір компьютер өзінің қандай хаттамамен жұмыс істейтіндігін өзі анықгауы керек. Ортаға енуді басқару деңгейінің көпірлері келесі қызметтерді атқарады:

  • барлық трафикті «тыңдайды»;

  • әрбір пакеттегі жіберуші мен қабылдаушының адрестерінтексереді;

  • бағыттауыш кестесін құрады;

  • пакеттерді жібереді.

Көпірдің қызметі желінің әрбір түйінінің жеке адресінің болатындығына негізделген. Көпір жұмысының басында бағыттауыш кестесі бос болады. Түйіндер пакеттерді жібере бастаған кезде, жіберуші көздердің адрестері бағыттауыш кестесіне көшіріледі. Көпір бұл деректердің көмегімен компьютерлердің желі сегменттеріндегі орналасуын зерттейді.

Пакетті қабылдағаннан кейін, көпір бағыттауыш кестесіндегі жіберу көзінің адресін іздейді.

Егер жіберу көзінің адресі табылмаса, оны бағыттауыш кестесіне қосады. Содан кейін көпір қабылдаушының адресін бағыттауыш кестесіндегі деректер қорымен салыстырады.

  • Егер қабылдаушының адресін бағыттауыш кестесінде бар болса және ол адресат жіберу көзімен бір сегментге орналасқан болса, пакет алынып тасталынады. Бұл сүзгілеу желілік трафикті азайтып, желі сегменттерін оқшауландырады.

  • Егер қабылдаушының адресі бағыттауыш кестесінде бар болса және адресат пен жіберу көзі әртүрлі сегментте орналасса, онда көпір пакетті сәйкес порт арқылы адресатқа жібереді.

  • Егер қабылдаушының адресі бағыттауыш кестесінде жоқ болса, көпір пакетті ол қабылданған портынан басқа барлық портгарына жібереді.

Егер желіні ұзарту үшін кепірді пайдаланатын болсаңыз, келесі фактілерді есте ұстау керек:

  • көпірлерде репитерлердің барлық мүмкіндіктері бар;

  • екі сегментті қосады жэне сигналдарды пакеттер деңгейінде қалпына келтіреді;

  • О8І үлгісінің Арналық деңгейінде қызмет етеді;

  • беріліс жылдамдығы 56 Кбит/с-тан аз ортада жұмыс істемейді;

  • бір мезетте бірнеше бағьпты пайдалана алмайды;

  • желінің артық жүктелуін есепке ала отырып, кең таратылатын хабарламаларды өткізеді;

  • әрбір пакет үшін жіберу көзінің адресін және қабылдаушының адресін оқиды;

  • қабылдаушының адресі көрсетілмеген пакеттерді де жібереді;

Көпірлердің негізгі қызметі:



  • желіні ұзарту үшін немесе түйіндер санын арттыру үшін екі
    сегментті қосады;

  • желіні сегменттерге бөлудің есебінен трафикті азайтады;

  • әртүрлі желілерді қосады.


4. Маршрутизатор дегеніміз - әрбір сегменттің адресін білетін, ең тиімді бағытты анықтайтын және кең таралған хабарламаларды сүзгіден өткізетін құрылғы. Ол О8І үлгісінің Желілік деңгейінде жұмыс істейді. Олар пакегтерді көптеген желі арқылы бағыттап отырады және адрестерін анықтайды.

Бағыттауыш кестесінде желілік адрестер сақталады. Желіде қолданылатын әрбір хаттама үшін өзінің бағыттауыш кестесі құрылады. Ол келесі ақпараттан тұрады:

  • барлық белгілі желілік адрестер;

  • басқа желілермен байланыс тәсілдері;

  • бағыттауыштар арасындағы мүмкін жолдар;

  • бұл жолдар бойынша беріліс құны.

Әртүрлі варианттардың мүмкіндігін және жолдардың құнын салыстыра отырып бағыттауыш деректер үшін ең тиімді бағытты таңдайды (5 - сурет).

Бағыттауыштар хаттамалардың барлығымен жұмыс істей бермейді. Бағыттауыштармен жұмыс істейтін хаттамаларды бағытталушы деп атады. Оларға DЕСnet, ІР, ІРХ, ОSI, ХNS хаттамалары жатады. Бағытталмайтын хаттамаларға LАТ, NetBEU жатады.


4.10- сурет. Бағыттауыштар алыста орналасқан компьютерлермен емес басқа бағыттауыштармен әрекеттеседі
Бағыттауыш желіні «тыңдап», оның қай бөлігінің көбірек жүктелгенін анықтайды. Ол желі сегменттері арасындағы транзиттер санын орнатады. Осы ақпараттарды пайдалана отырып, бағыттауыш деректерді жіберу бағытын таңдайды. Егер жолдардың біреуі артық жүктелген болса, басқа жолды көрсетеді.

Бағыттауыштар екі негізгі типке бөлінеді



Статикалық

Динамикалық

Барлық бағыттан қолдан орнатылады және конфигурацияланады

Бірінші бағыт қолдан конфигурацияланады. Қосымша бағыттар мен желілер автоматты түрде анықталады.

өнемі бағыттауыш кестесінің элементі бойынша анықталған бағытты қолданады.

Желілік трафиктің құны және өлшемі сияқты факторлардың негізінде бағытты таңдауға мүмкіндік бар.

Қолданылатын бағыт қатаң бекітілген және барық уақытты тиімді емес

Пакеттерді жіберудің басқа жолын таңдауға мүмкіндік бар

Администратор әрбір бағытты өзі көрсетіп отыратындықтан, статикалық бағыттауыш-тар қауіпсіз саналады.

Динамикалық бағыттауыштың қауіпсіздігі қолдан конфигурациялау арқылы жоғарылауы мүмкін. Мақсаты – табылған желілік адрестерді сүзгіден өткізу және олар бойынша деректердің жіберілуін болдырмау.


Көпірлер мен бағыттауыштардың айырмашылығы олардың О8І үлгісінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істейтіндіктерінде. Бағыттауышта ақпарат көбірек, ол адрестер мен қатар хаттамалар типтерін де ажырата алады. Ал көпір желілер арасындағы тек бір жолды ғана ажыратады. Бағыттауыш бірнеше мүмкін жолдардың ішінен қазіргі мезеттегі ең тиімдісін анықтай алады.

Көмей - әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын ақпараттық желілерді қосатын құрылғы. Көмейлер ОSІ үлгісінің Қолданбалы деңгейінде жұмыс істейді.

Көмейлер әртүрлі архитектуралар мен ортапардың байланысын қамтамасыз етеді.Олар әртүрлі ортада түсінікті болуы үшін деректерді қайта біріктіру және түрлендірумен айналысады. Кемей қабылдау жүйесінің талаптарына сай деректерді қайта біріктіреді; қабылдаушы жақтың қолданбалы программасы деректерді түсінуі үшін хабарламаның форматын өзгертеді. Мысалы электрондық пошта көмейлері хабарламаларды бір форматта қабылдап, оларды өзгертіп, басқа форматпен жібереді.

Көмейлер екі жүйені қосады, егер олар әртүрлі:



Көмейлер нақты мақсатты орындау үшін, деректерді нақты типке түрлендіруге қолданылады. Деректерді өңдей отырып, көмейлер келесі операцияларды орындайды:

  • деректерді қабылданған пакеттерден алып қарастыра отырып,оларды жіберуші желіде төменнен жоғары қарай барлықхаттамалар стегі арқылы еткізеді;

  • оларды қабылдаушы желіде жоғарыдан төмен қарай барлықхаттамалар стегі арқылы өткізеді де алынған деректердіқайтадан топтастырады.

Көбінесе желідегі көмейлердің рөлін бөлінген серверлер орындайды, сондықтан бұл желіні ұзарту үшін жеткілікті түрде қымбатқа түсетін құрылым болып есептеледі.

Бұл бөлімде қарастырылған компоненттер жергілікті және ауқымды желілерде қолданылады, соның ішінен Сіздің өз желілеріңіздің өлшемін жэне өнімділігін арттыруға қажеттілерін таңдай білу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет