X-XIIIғғ мемлекеттерді біледі, атайды
Картадан X-XIIIғғ мемлекеттер Найман, Керейіт, Жалайыр көрсетеді
X-XIIIғғ мемлекеттерді картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіреді
Дескриптор
X-XIIIғғ мемлекеттердің кем дегенде 3еуін атайды
Картадан X-XIIIғғ мемлекеттердің кем дегенде 3еуін көрсетеді
Картаға XIIIғғ мемлекеттердің кем дегенде 3еуін түсіреді
X-XIIIғғ мемлекеттерді картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіреді
Тілдік мақсаттары
Біздің анықтағанымыз...
Қорытындысында...
Құндылықтарды дарыту
Ашықтық,жауапкершілік - өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну
- патриотизм
- өз елі үшін мақтаныш
- ұлттық сана-сезім
- тәуелсіздік
Қыпшақтар осындай ұлан-байтақ жерге ие болуының себептері қандай?
Қыпшақ тайпаларының этникалық ерекшеліктері, шаруашылығы туралы қандай тарихи деректер ақпарат береді?
Қыпшақтар қандай елдермен саяси қарым-қатынаста болды?
Дешті Қыпшақ жері - біздің атамекеніміз бола ала ма?.
Сабақтың ортасы
10 минут
20-минут
15 минут
10 минут
Б Бейнебаян көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындау. You tube желісі арқылы «Найман, Жалайыр, Керейіт мемлекеттері туралы» Видеоролигін көріп мына сұрақтарға жауап береді:
- Не көрдің?
- Не естідің?
- Не сезіңдің?
- Не ойлайсың?
Б«Тақырыптың түйінді сөзі» әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылып, топ құрылады. Мемлекеттердің аттары жазылған қағаздар арқылы оқушылар топ құрады.
Топпен жұмыс Зерттеу сұрақтары
1 топ – Наймандар. Тайпалардың орналасуы: Бұл тайпалардың мемлекет болып құрылуы Орталық Азияның шығысында Қазақстанмен шектес Монғолия аумағында қалыптасқан. Негізгі мекендеген жерлері – Монғолияның орта және батыс аудандары. Х ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңіріне қоныстана бастады.
Наймандар: Жазба деректерде ҮІІІ ғасырда «сегіз тайпа» бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрді. Монғолша «найман» «сегіз» дегенді білдіреді.
ХІІ ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің аты шығып, орталығы Орхон өзені бойындағы Балықты қаласы болған.
1160-1203 жылдары-Наркеш Дайын мемлекет ханы болды.
1201 жылы-қырғыз, меркіт, найман т.б. тайпалар құрылтайға жиналды.
1204 жылы-Монғол ханы Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржолата жеңді.
1211 жылы-наймандар Жетісудағы билікті қарақытайлардан тартып алды.
1218 жылы-Жебе ноян шабуылынан найман хандығы құлады
2 топ – Керейіттер Керейттер: Жазба деректерде бұл тайпалар Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Тайпаның аты Керлин (Керулен) өзені бойында қоныстанғандықтан керілер деп аталған. Керейттердің орталығы қазіргі Улан – Батор қаласы жанындағы Хантәңірі тауының шығыс жағындағы Битөбе деген жерде болған. Керейіт мемлекетінің шарықтау кезеңі Х-ХІІ ғасырда Маркус пен баласы Құршақұз хандар кезі болды. Керейттер Батысында-наймандармен,Шығысында - татарлармен,Оңтүстігінде-таңғұттармен көрші тұрды.1202 жылы - Керейт билеушісі Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейттерді жаулап алды. 1203 жылы-монғолдар шапқыншылығынан кейін Керей мемлекеті құлады.
3 топ – Жалайырлар Жалайырлар: Монғол шежіресінде жалайырлар Селенгі, Хилок өзендерінің бойында, Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыратында өмір сүрген. Жамұқа 1201 жылы Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып өзін «гурхан» жариялап таққа отырады.Қазақтың орта ғасыр тарихшыларының бірі Қыдырғали би Қосымұлы Жалаири Шыңғыс заманында Сартақ ноян болғанын айтады. «Оның ұлы Жалайыр Саба. Оның ұрпағы – Жалайыр Тедре бек. Оның ұрпаңы – Айтөле бек. Ол атақты адам болған, Ұрыс ханның сол қолын басқарған. Ол Алаш маңы үш саны ел еді. Олардың ішінде үлкен тарақ таңбалы жалайыр» дейді.Қоғамдық құрылысы: Тайпалардың басқару жүйесі хандық билік болған.
Әскери басқару жүйесі ХІІ ғасырда ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он мыңдық) бөліктерге бөлінген. Ұлыстардың ішкі істерін шерби жүргізген. Шаруашылығы: найман, керей, жалайыр тайпалары негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.
Керейттер жылқыны көп өсірген. Әр топ өз мемлекеттері бойынша қосымша материалдарды, оқулықтардан алынған деректерді зерттейді.