Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет5/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#107294
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Өзіндік сұрақтар:
1. Хордалылар типін жалпы сипаттамасы
2. Омыртқалы жануарлардың маңызы
3. Омыртқалы жануарлардың зияны
4. Хорда қандай қызмет атқарады.
5. Хордалы жанурлардың белілері.
6. Хорданың құрылысы
7. Хордалылар типін систематикасы


2-лекция. Тақырыбы: II-тип тармағы. Бас қаңқасыздар (Acrania)
Түйінді сұрақтар
1. Бас қаңқасыздарға жалпы сипаттама.
2. Бас қаңқасыздардың систематикасы
3. Класс хордабастылар, ланцетниктiң құрылысы, дамуы.


Лекция мәтіні: Бас қаңқасыздар – мейлiнше қарапайым, бiрақ хордалылардың барлық қасиетi сақталынған сан жағынан аздау теңiз жануарлары. Бас сүйексiздердiң iшiнде ғылымға белгiлi өкiлi ланцетник (Branchiostoma lanceolatum Pall.) Ланцетник ұзындығы 8 см, екi бүйiрi қысыңқы кiшi жануар. Көбiне теңiздiң таяз жерлерiнде құмға кiрiп, тек бас жағын шығарып жатады. Бас сүйексiздердiң денесiнiң соншалықты қарапайым болып келуi, олардың өмiр сүру жағдайына тiкелей байланысты. Олар теңiздiң таяз жерлерiнде тiршiлiк етедi, көпшiлiгi уақыттарын судың түбiнде, құмда өткiзедi. Олардың қорегi судың iшiнде кездесетiн ұсақ жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi[1].
Систематикасы:
Хордалылар типi- Chordata
Бассүйексiздер тип тармағы – Acrania
Бас хордалылар класы – Cephalochordata
өкiлi ланцетник - Branchiostoma lanceolatum Pall
Терi қапшығы . Екi қабаттан тұрады. Сыртқысын – эпидермис, iшкiсiн – кутис деп атайды. Ланцетниктiң эпидермисi бiр қабаттан тұрады, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың тканьдерден құралады.
Ет жүйесi. Денесi бiркелкi орналаспаған. Ет әсiресе денесiнiң арқасында көп болады. Ет жүйесi миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлiнедi. Миомерлер бiрiнен-бiрi миосепта деп аталатын дәнекер тканьдермен шектелген.
Хорда ланцетниктiң арқа жағында бүкiл денесiн бойлай созылып жатады. Хорда негiзiнен қаңқа қызметiн атқарады.
Нерв жүйесi. Бүкiл дене бойынша хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтiгi. Нерв түтiгiнiң iшi қуыс болып келедi, ол қуысты невроцель деп атайды. Түтiктiң бас жақ бөлiмiнiң қуысы кеңiп бас миының өсе бастауына себебiн тигiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет