Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет49/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#107294
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Өзіндік сұрақтар:

  1. Қалталы сүтқоректілердің ерекшелігі

  2. Қалталы аңдар.

  3. Географиялық таралуы.

  4. Қолқанаттылар отряды

  5. Кеміргіштер отряды

  6. Қоянтәрізділер отряды

  7. Жыртқыштыр отряды

  8. Ескекаяқтылар отряды

  9. Киттәрізділер отряды

  10. Тақтуяқтылар отряды

  11. Жұптұяқтылар отряды

  12. Көнтабандылар отряды

  13. Маймылдар отряды



15-лекция. Тақырыбы: Қазақстанның жануарлар әлемі.


Түйінді сұрақтар
1. Негізгі таксономиялық топтары.
2. Қызыл кітапқа енген өкілдері.
3. Сүқоректілер экологиясы. Маңызы.


Лекция мәтіні: Қазақстанда қоянның үш түрі кездеседі: құм қояны, ақ қоян және орқоян. Құмқоян Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының құмды төбелерінде кездеседі. Құмқояны өсімтал, әр туғанда 1-9-ға дейін көжек туады. Аққоян Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау т.б. Республикамыздың солтүстік облыстарында кездеседі. Орқоян Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау облыстарының құмды, Жайық өзенінің жайылымында, тоғайдың арасында, ашық далалы жерлерді мекендейді.
Қазақстанда каспий итбалығы кездеседі. Дене тұрқы 160 см, салмағы 50-85кг тарғыл түсті аң. Оның майы мен белогы медицинада және парфюмерияда қолданылса, сүйегі мен еті құрама жем дайындауға кетеді.
Нағыз жылқылар - Equus prgewalskii. Олардың түсі біркелкі болады. Құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Атақты саяхатшы Н.М.Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның далаларын мекендейді. Пржевальский жылқысына ұқсас жабаы жылқының бір түрі тарпан (E.gmelini) Украина жерінде осыдан жүз бұрын құрыған. Қазақстан қызыл кітабына Түркімен құланы енген.
Бұл тұқымдасы (Cervidae). Дене құрылысы сұлу, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі бар жануарлар. Қазақстанда теңбіл марал, бұлан, елік, марал, құдыр кездеседі. Бұларда мүйіз тек еркектерінде болады. Ал солтүстік бұғысының еркегінде және ұрғашысында да болады. Марал мен теңбіл маралдардың жас мүйіздерінен (панты) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жасалады. Дәрі зат алмасу проуесін тездетеді. Ол жүрекке, қантамыр жүйесіне, тыныс жолына әсер ететін жақсы сергіткіш дәрі. Қазақстанда панты алу үшін оларды жартылай қолға үйретіп бағып отыр. Қазір ТМД-да жабайы марал 55-60 мыңдай болса, соның 15-20 мыңы Вьетнам және Корея. Бұл елдерде оның пантысын жоғары бағалайды, сондықтан “гүлбұғы” деп аталады. Қазақстан қызыл кітабына тоғай бұғысы енген.
Құдыр тек Шығыс Қазақстан облысында – Оңтүстік Алтай тауында ғана кездеседі. Құдырдың етінен басқа, мускус деп аталатын затты медицинада және парфюмерияда қолданылады. Мускус – құдыр текесінің арнайы безінен алынатын күрделі құрамы, ждұпар иісті зат. Құдырдың саны республикамызда әлі де аз және сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынған.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Cavicornia). Бұлардың бұтақтанбаған маңдай сүйегінің өсіндісі қуыс мүйізді болады.
Ұрғашыларының көпшілігінде мүйіз болмайды, болса еркегінің мүйіздерінен кіші болады. Бұл тұқымдастың жабайы түрлері мыналар: қарақұйрық, ақбөкен, муфлон, архар, тау ешкісі (таутеке).
Қарақұйрық. Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Соңғы уақытта қарақұйрық Үстіртте, Бетпақдалада, Зайсан ойпатында, Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесек, Атырау құмдарында бар. Осы аталған жерлерде қарақұйрықтың саны өте мардымсыз. Қазақстан қызыл кітабына тіркелген.
Ақбөкен. Қазіргі кезеңде республикамыздың шөл-шөлейтті далаларында таралған. Ол Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Атырау және Орал Қостанай және Ақмола облыстарының жерінде мекендейді. Аса бағалы ақбөкен қазір халқымыздың ет өндіруқажетін өтеу жөнінде елеулі бір резервке айналды. Бұған қоса оның мүйізінің емдік қасиеті бар. Одан пантокрин тәрізді дәрі алынады.
Муфлон немесе үстірт арқары. Республикамызда Маңғыстау түбегі мен Үстіртте таралған. Сан мөлшері өте аз, сондықтан ол қорғауға алынған. Үстірт арқары Қазақстан Қызыл кітабында.
Таутеке. Республикамыздың таулы аудандарын ерте заманнан –ақ мекендеп келе жатқан аша тұяқты жануарлардың бірі. Таутеке еті мен терісі үшін ауланады.
Арқар. Қазақстанда Тянь-Шань тауының батыс сілімдері, Іле мен Жоңғар алатаулар және орталық Қазақстан тауларында кездеседі. Арқардың санының азаюына байланысты қорғауға алынған. Қыста бірнешеуі бірігіп топтасып жүреді. Арқардан үй қойларының жаңа тұқымдарын шығарады. Қызыл құм арқары,Алтай арқары, Қазақстан арқары, Тянь-Шань арқары, Қаратау арқары Қазақстан қызыл кітабына енген.
Жабайы өгіздер. Қазіргі кезде Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялық және африкалық буйволдар, Үндістанда – бантенг, гаял және гауыр жатады. Бұлар орманда және бұталы жерлерде мекендейді. Орталық Азияда Қырғызстанда жүндес Як (кодас), Солтүстік Америкада – бизон, ал ТМД-да Белоруссияда зубр деген бір ғана түрі кездеседі.
Бантенг, гаял, буйвол, қодас, ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Тур – осы заманғы көптеген мүйізді ірі қараның арғы тегі болып саналады.
Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ең жоғарғы сатыда дамыған тобы. Оларда нерв жүйесі жақсы дамыған. Балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. Дене температурасы тұрақты. Ұрпақтарына қамқорлық жасайды. Міне, осы ерекшеліктер олардың жер шарына кең таралуына мүмкіндік береді. Оларды ағаш басында да, жер үстінде де, жер астында да, ауада да, суда да көруге болады. Демек аңдардың тіршілік ортасы әр алуан. Олардың дене пішіндері де осы ортаға тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоректену тізбегі де өз жөніне қарай әртүрлі: біреулері өсімдік тектес азықпен, басқалары жануар тектес азықпен, үшіншілері жыртқыш – шабуыл жасаумен күн көреді, ал приматтар, жыртқыштар, кемірушілер азық талғамай қоректене береді. Жануарлардың ішінде адамдарға ең жақыны сүтқоректілер. Олардың ішінен 15 түрі үй жануарлары, сонымен бірге 20 түрі клеткада өсірілетін құнды терілі аңдар және лабораториялық (тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары) жануарлар. Сүтқоректілердің ішінде пайдалы жануарлармен бірге адамдар мен үй малдарына шабуыл жасайтын ауру тарататын егіс бақ шаруашылығына зиянын тигізетін жануарлар да бар. Осы жануарлардың табиғатқа, адам шаруашылығына тигізетін зиянды әрекеттерін азайту мақсатында олардың сан мөлшерін, популяциясын, азық қорын ғылыми тұрғыдан зерттеп болашаққа көз жіберу.
Сүтқоректілердің халық шаруашылығына тигізетін пайдасы
Сүтқоректілер омыртқалылардың ішіндегі түр жағынан ең көп жануарлар. Сондықтан олар барлық жерлерде кездеседі. Себебі барлық жердің халықтары сүтқоректі жануарлардың етін, майын тамаққа және жүнін, терісін шаруашылыққа қолданады. Сүтқоректілердің кейбір түрлері шаруашылықта қолданады. Сүтқоректілердің кейбір түрлері малдары, жабайы аңдар олардың ішінде ауыл шаруашылығына зиян келтіретіндері де бар.
Үй малдары, негізінде жабайы жануарлардан шыққан, бірақ олар адамның көмегінсіз өсіп-өніп тіршілік ете алмайтын күйге келді. Адамның әсер еткені сондай, олар ауыл шаруашылық қажетіне неше түрлі жаңа тұқымдар беріп, көбейіп кеткен. Негізгі үй жануарлары мүйізді ірі қара (сиырлар, қодастар, буйволдар), ұсақ малдар (қойлар, ешкілер) және жылқы, түйе, шошқалар. Біздің ТМД-да елуден артығырақ ірі қара мал тұқымдары (породалар) бар. Мысалы, біздің Қазақстанда сүтті дала қызыл сиыры. Бұл Қазақстанда 33 проценттей орын алады. Ол етті бірақ сүті аз, қазақтың ақбас сиыры 12-13% орын алады. Дала қызыл сиырдың ұрғашысының салмағы 500кг-дай, жылына 3200л. сүт бере алады (жеке сиыр ғана). Сүттің майлылығы 3,7%-ке дейін жетеді.
Сұрыптау жұмысының нәтижесінде 150-ден артығырақ қойдың жаңа тұқымы алынды. Олардың азық-түлік (ет, сүт, май) және тері мен жүн алынады. Жүннен мата, киіз, байпақ т.б. заттар жасайды. Терісінен тон, аяқ киім т.б. киімдер тігіледі. Ал кейбір қойлардың тұқымдары бағалы тері – сеңсең, елтірі береді.
Қойлардың жүні сапасына қарай үш топқа бөлінеді: биязы жүнді, ұяң жүнді, ққылшық жүнді. Биязы жүнді қойлардың жүні бірыңғай ұзын және жіңішке, ылғай түбіт, яки жабағы жүн болып келеді. Тері бездерінен шыққан шайыр жүннің талдарын бір-бірімен жабыстырып тастайды. Соның нәтижесінде жабағы пайда болады.
Қазақстандағы осындай биязы жүнді жүнді қойлар Қазақстанның жіңішке жүнді меринос, жіңішке жүнді арқар меринос және Солтүстік Қазақстан мериносы болып жіктеледі.
Ұяң немесе жартылай қылшық жүнді қойлардың да жүні бірыңғай болып келеді, бірақ биязы жүнді Қазақстан қойының жүніндей жіңішке емес және биязы жүні аз болады. Осындай жүні бар, ет салмағына да жақсы және майлы құйрықты, біздің Қазақстанда жаңадан қойдың бір асыл тұқымы шығарылады.Ол дегерес қой тұқымы (дегересская порода).
Қазіргі халық шаруашылығында жылқының да маңызы өте зор. Жылқылар ауыл шаруашылығының жұмысына пайдаланылады және еті, сүті жақсы тамақ болады. Сүттен қымыз, теріден түрлі бұйымдар жасайды. Жылқының да 100-ден аса асыл тұқымдары (пародалары) бар. Жылқының тұқымы тигізетін пайдасына сәйкес жеңіл жегістік, салт мінетін және ауыр жүк тартатын деп үш топқа бөлінеді.
Салт мінетін Түркменияда ақалтекс, ал Қазақстанда Қостанай жылқылары бар. Салт мінетін жылқылардың ішінде Дон жылқысы таңдаулы болып есептеледі. Бұл аттың тұқымы өте жақсы үйірмен далада жайылып жүре алады және әскери істеде, жүк тасыған да, басқа ауыл шаруашылығында да шыдамды.
Жылқының жеңіл жегістік тұқымдары да көп мысалы, Орлов жылқысы, ал қазақстанда орыс дошка және қазақ жегістік жұмысты жақсы атқарады. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы Владимир облысының колхозында шығарылған, владимирлік ауыр жүк тартатын жылқы. Бұл жылқының күштілігі сондай, мысалы, Владимирлік ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы 22,9т дейін алып жүре алады.
Қазақстанда аң аулау кәсіпшілігі және аң шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Біздің еліміз аңға бай, аңның терісін дайындауда ол жер жүзінде бірінші орын алады. Қазір республикамызда ірі-ірі аң шаруашылықтары мен аң фермалары құрылып, халық аса қажет етіп отырған товарлар дәмді ет пен бағалы аң терілері көп өндіріле бастады. Мысалы, тек біздің республикамызда 275 тіркелген аң шаруашылығы, арнаулы27 заказник және белгілі бір географиялық аудандардағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте-бірте саны азайып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң-құстар сақтайтын жеті қорық бар.
Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы жер бетінен аңдардың 106 түрініің, құстардың 139 түрінің оралмастай жойылып кеткендігін анықтап отыр. Тек өткен ғасырдың ішінде сүтқоректілер мен құстардың 70 түрі құрып кетсе, ал ХХ ғасырда 70 жылдың ішінде, жоғарыдағы айтылған санға жануарлардың тағы 40 түрі қосылған.
Шын мағынасында сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлардың қорғау мәселесін біздің мемлекетіміз бірінші күннен бастап маңызды істің бірі деп қарап келді. Соның нәтижесінде көптеген жұмыстар жасалынып, құруға жақын тұрған түрлерінің санын көбейтіп, халық шаруашылығына көптеген пайда келтіреді.
Мысалы, біздің елімізде бұлғынның, бұланның, камшаттың, ақбөкеннің т.б. санын көбейтуге мүмкіндік туды. Қазір осы жануарлар елімізге бағалы тері, дәмдлі ет, медицинаға шикізат панта мен мүйіздер т.б. беруде. Қысқасы, табиғаттың адамға берері мол.
Республикамызда қолда бар байлықты сақтау үшін қорықтар, заказниктер т.б. ұйымдар құрылды. Сирек кездесетін аңдар (бұлғын, сусар, камшат) ерекше рұхсатпен ауланады. Бұларды аулау үшін ең алдымен өсімін жыл сайын жоспарлап отырады. Сирек кездесетін аңдардың тек санын беріп қоймай, биологииясын зерттеп, оларға тезірек көбейетін жағдай туғызады. Сирек кездесетін аңдарға қысты күні жем беріп және биотехникалық жұмыстар жүргізеді. Кейбір бағалы аңдарды кеңірек тарату мақсатында бір жерден екінші жерге апарып жерсіндіру жұмысына жүргізеді. Мысалы, жақсы тері беретін ондатрлар, саз камшаты (нутрия) және жыртқыштар отрядына жататын Америка қара күзені, жанат т.б. Қазақстанның көптеген аудандарында жесіндіріліп жақсы көндіруде.
Сонымен бірге сәнді терісі үшін күміс қара түлкіні, көгілдір түлкіні, қара күзенді (норка), саз камшатын колхоз бен совхоздардың аң фермаларында өсіріледі. Ауыл шаруашылығының бұл жаңа саласы табысты өркендеп келеді. Ал аң фермаларындағы түлкілер жабайы аңнан, үй жануарларына айналдырылып барады.
Республикамызда бірқамтар сүтқоректілер ауыл шаруашылығына зиянын тьигізеді. Мысалы, саршұнақ, қаптесер, тоқалтіс, аламан, егеуқұйрық сияқты зиянкестер кемірушілердің әрекеті салдарынан дәнді дақылдар өнімі жыл сайын шамамен 6-8% кемиді екен. Сонымен қатар, зиянкес кеміргіштер жеміс бағына, бау-бақшаға, қоймадағы астықта, орман алқабына, екпе ағаштарға және мал азығы дақылдарына да едәуір залалын тигізеді. Ал көптеген кеміргіштер жұқпалы ауруларды таратады.
Қазақстан территориясында кеміргіштердің жетпістен астам түрі кездеседі. Оның ішінде отыздан астамы зиянкестерге жатады (кемірушілер отрядының сипаттамасына қараңыз).
Қорыта келгенде сүтқоректілердің экономикалық маңызы өте зор және алуан түрлі.
Сүтқоректілер немесе аңдар класының өкілдері адамдар өміріне өте маңызды. Тұяқтыларды өсіру мал шаруашылығының негізін қалайды, жыртқыштар мен кеміргіштер аң шаруашылығында пайдаланады.
Қазір республикамызда сүтқоректілердің 60-тан астам түрі кәсіптік маңызда ауланып, халық шаруашылығына айтарлықтай үлес қосуда. Мысалы, Қазақстанда 1955 жылдан бері 4 млн. Астам ақбөкен ауланып, одан 70 000 тонна ет өндірілсе, соңғы 40 жыл ішінде республикамызда 32 млн.жуық ондатр терісі дайындалған екен. Дәмді ет беретін ақбөкен, таутеке, бұлан, елік, марал және жабайы шошқа сияқты жануарлар кәсіптік мақсатта ауланып, тиісті қажеттерге жаратылады. Сол сияқты кәсіптік маңызы бар – кеміргіштер, қояндар, жыртқыштар, су жануарларын кит тәрізділер мен тюленьдер жатады.
Тиімді аңшылық шаруашылығы тек кәсіптік маңызы бар аңдарды аулаумен шектелмейді. Оларды көбейту мақсатында биотехникалық шараларды жүргізеді: азықтық және панасы тиетін өсімдіктерді отырғызу, қосымша азықтандыру, су тасығанда немесе басқада дүлей табиғаттың апатынан сақтау, құтқару, жерсіндіру және қайта жерсіндіру, түз жануарларының ауруларымен және паразиттерімен күресі. Осы аталған жұмыстарды жүргізуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана аңшылық шаруашылығының жұмысы алға баспақ. Республикамызда аңшылық шаруашылығының жұмысын дұрыс жүргізу мен ұйымдастыру жауапкершілігі мемлекет тарапынан ҚР экология және биоресурстар министрлігіне жүктеген. Ол өзінің өкілеттілігіне қарай республика территориясында аң аулаудан әдісін, мерзімін және аулайтын аң түрін белгілейді жалпы Қаз ССР-нің 1981 жылғы 1 августа күшіне енген “Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану” туралы заңының дұрыс орындалуын қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет