Ас қорыту жүйесi. Балықтардың ас қорыту жүйесi үш бөлiмнен тұрады. Алдыңғы, оған ауыз қуысы мен жұтқыншақ, ал жұтқыншақ қысқа өңешке келiп жалғасады; ортаңғы, оған өңеш созылмалы қарынға жалғасады, одан нағыз iшек басталады, iшектiң алдыңғы бөлiмi иiрiлiп барып шумақ шығарады. Lшектiң басталған жерiне тұйық, кейде пилорикалық өсiндiлер пайда болады. Сонымен бiрге бұл бөлiмге асқорыту бездерi – бауыр, бауырында өтi болады және ұйқы безi жатады; артқы, оған денесiнiң арт жағына қарай созылып барып дербес тесiк болып сыртқа ашылатын артқы iшек жатады.
Шемiршектi балықтардың ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында iрi тiстерi болады. Сондықтан шемiршектi балықтардың көпшiлiгi жыртқыштар. Олардың iшектерi, сүйектi балықтармен салыстырғанда қысқа болады, бiрақ тоқ iшегi жуандау iшiнде спиральды қақпақшалары болады. Олар iшектiң iшкi ас қорыту бетiн ұлғайтады. Бауыры үлкен үш бөлiктен тұрады. Шемiршектi балықтардың тамағының құрамына әртүрлi балықтар кiредi. Көпшiлiгi шаянтәрiздiлердi, моллюскаларды, құрттарды және омыртқасыздарды қорек етедi. Ең үлкен китовая акула (ұз.15 м) және гигантская акула (ұз.20 м) мұртты киттер сияқты узымен сүзiп планктонды организмдермен қоректенедi.
Көбеюi. Шемiршектi балықтарда аналық жыныс бездерi жұп болады. Олар бауыр жағындағы қуыста орналасқан. Жетiлген жұмыртқа клеткалар бiрден дене қуысына түседi, содан кейiн одан уылдырық түтiктерiнiң шұңқырына түседi. Демек, жұмыртқа клеткалары уылдырық түтiктерiмен тiкелей жалғаспайды. Уылдырық түтiктерi бiрден клоакаға ашылады. Ұрықтану iште өтедi. Акула мен скаттарда ұрықтану ұрғашы балықтардың жыныс жолдарында болады. Спермалар (шәует) ұрғашы балықтың жыныс мүшесiне еркек балықтың ерекше жаратылған қосалқы (копулятивный аппарат) мүшесi арқылы енгiзiледi.
Дамуы. Шемiршектi балықтарда даму әртүрлi жолдармен өтедi. Көпшiлiгiнде сары уызы көп жұмыртқа клеткалары ұрытанғаннан уылдырық түтiктерiне түсiп қатты қабыршақтар пайда болып, сыртқа шығады. Сол жерде ұрық ересек күйге жеткенше жатып дамиды. Екiншi бiр түрлерiнде сары уызға өте бай болады да, сыртына қатты қабық түзелмей, уылдырық түтiктерiнiң арт жағында дамиды. Дамудың мұндай әдiсiн жұмыртқадан тiрi туу немесе”тiрi жұмыртқа тууышылық” деп атайды. Кейбiр түрлерiнде нағыз тiрi туу байқалады. Олардың жұмыртқаларында қоректiк заттар өте аз болып, ұрықтанғаннан кейiн уылдырық түтiктерiмен жылжып отырып, оның кеңейген жерiне бекiп даму үшiн қажеттi заттардың бәрiн содан алады. Тiрi туатын түрлерiнiң жұмыртқасының сыртында қатты қабығы болмайды[4]. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесiмен тығыз байланыстыратын “сары уыз плаценттерi” (желточный мешок) болады.
Систематикасы: Шемiршектi балықтар класы – Chondrchtyes
Тақта желбезектiлер класс тармағы – Elasmobranchia
I-отряд үстi акулалар – Selachomorpha
II-отряд үстi скаттар – Batomorpha
Бүтiн бастылар немесе химерликтер класс тармағы – Holocephali