Ас қорыту жүйесi. Ас қорыту мүшелерi ауыздан және жақсы дамыған ауыз қуысы мен үлкен тiлден басталады. Тiлдiң үстiнде тамақты ұстап алуына бейiмделген мықты мүйiз тiстерi жұтқыншақтан және iшектен құрылады. Жағы жоқ, аузы дөңгелек, ол жануарлардың денесiнiң қай жерiне болмасын сорып жабысып алуға бейiмделген. Жұтқыншақ iшекпен жалғасып, аналь тесiгiмен аяқталады. Дөңгелек ауыздыларда қарын жоқ. Қарыны дамымағандықтан өңеш бiрден iшекке келiп жалғасады. Миногаларда iшектiң iшкi қабырғаларында спираль тәрiздi қыртыстары болады, олар ас қорыту жүйесiнiң iшкi сiңiру бетiн ұлғайтады да, тамақтың iшек қуысынан өтуiн баяулатып, оның толық қорытылуына себепшi болады. Lшектiң алдыңғы бөлiмiнен бауыр дамиды, iшектiң алдыңғы бөлiмiне келiп құйылатын өтi бар, ұйқы безi жетiлмеген. Миногалардың iрi түрi балықтарға шабуыл жасап денесiн кемiрiп iшiне кiрiп барлық iшкi мүшелерiн жеп, зиянын тигiзедi. Миноганың ұсақ түрлерi судағы омыртқасыздармен қоректенедi.
Көбеюi. Жынысты жолмен көбейедi. Дөңгелек ауыздылар дара жынысты. Жыныс бездерi дара, көбею кезiнде дене қуысының көпшiлiк жерiн алып жатады. Бұл бездердiң арнаулы шығару түтiктерi болмайды. Жетiлген жыныс гаметалары бездерден дененiң қуысына құйылып одан арнаулы тесiктер арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр түтiк өзегi арқылы суға шығып, сол жерде ұрықтанады.
Дамуы. Миногаларда даму түрленiп жүредi. Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Құмғазғыштар көпшiлiк уақытта топырақты қазып, соның iшiнде жатады. Олар бiрнеше жыл өмiр сүредi, (2-5 жыл) сол жылдардың iшiнде олар ересек миногаларға айналады. Құмқазғыш кейбiр белгiлерiнiң болуына қарағанда (эндостильдiң болуы) тiршiлк ету тәсiлдерiне қарағанда ланцетниктерге ұқсайды. Миксиндер қос жынысты (гермафродит) болады. Олар тура дамиды[4].
Миногалар отрядына, миногалар тұқымдасына жататын өкiлi – Каспий миногасыҚазақстан қызыл кiтабына енгiзiлген. Туыстың жалғыз түрi. Өзендерге су құрылыстарын салу нәтижесiнде көбею жағдайының өзгеруiне байланысты бүкiл Каспий алқабында саны өте жылдам кемiп келе жатыр. Уылдырық шашу үшiн теңiзге құятын көпшiлiк өзендерге өрiстейдi. Ересектерi теңiзге құлайды, онда 55см-ге дейiн өседi.