Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет1/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

САРТАЕВА Х.М.
САРТАБЕВА Г.М.


ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ ПӘНІНЕН
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

ШЫМКЕНТ – 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


САРТАЕВА Х.М.
САРТАБЕВА Г.М.


ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

ШЫМКЕНТ – 2019


УДК-590
ББК-28.6

Сартаева Х.М., Сартбаева Г.М. Омыртқалылар зоологиясы пәнінен лекция жинағы. Шымкент. ОҚМПУ.2019- 95 б


ISBN 9965-601-36-4


Пікір жазғандар:


Байсеитова Н.М. -биология ғылымдарының кандидаты, ОҚМПУ
биология кафедрасының доценті
Абилдаева Р. - биология ғылымдарының кандидаты, М.Ауезов атындағы ОҚМУ биотехнология кафедрасының доценті.
Ұсынылып отырған оқу құралында омыртқалы жануарлардың географиялық таралуы, систематикасы, сыртқы және ішкі құрылысы, қоректенуі, көбеюі, тыныс алу, дамуы, маңызы, Қазақстанда тіршілік ететін және Қазақстан Қызыл Кітабына енген омыртқалы жануарларға сипаттама берілген.
Сартаева Х.М.
ISBN 9965-601-36-4 Сартбаева Г.М.
1. Лекция тақырыбы: Кіріспе. Хордалылар типінің жалпы сипаты.
Типтің классификациясы.
Түйінді сұрақтар
1. Омыртқалылар зоологиясы және оның маңызы.
2. Дамуының негізгі сатылары.
Лекция мәтіні
Омыртқалы жануарлар – хордалы жануарлардың, олардың шығу тегін, дамуын және казіргі жағдайын жан-жақты зерттейді.
Омыртқалы жануарлар пәнінің негізгі міндеті хордалы жануарлардың, олардың шығу тегін, органдар жүйесінің құрылысын, тіршілігін, жеке даму заңдылықтарын, систематикасын, таралуын, тіршілік ортасымен байланысын және адам ушін маңызын көрсету.
Омыртқалы зоологиясы курсын игеру нәтижесінде студент хордалы жануарлардың көптүрлілігін және олардың қалыптасуын негізгі заңдылықтарын; әртүрлі топтардың биологиялық прогресі немесе регресінің себептерін; органдар жүйелерінің құрылысы мен физиологиясын білуі тиіс[1].
Алған білімін ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге, түрлердің биологиялық ерекшеліктерін екшелеуге, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің эволюциясындағы әртүрлі топтардағы жануарлардың маңыздылығын анықтауға қолдана білуі тиіс.
Осыған байланысты ұсынылып отырған лекция жинағында студенттер типтік бағдарламаға сай барлық мағлуматтарды алады.
Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда – хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалылардың үлкен маңызы бар. Омыртқалы жануарлар құрылықты, суды, ауаны және топырақ қабатын мекендейдi. Сондықтан оларды бүкiл жер шарына түгелдей тараған деуге болады[2].
Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлi салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткенi үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың iшiнде азық үшiн өсiретiндерi де, терi, жүн беретiндерi де, көлiк және спорттық мақсатқа пайдаланатын түрлерi де бар. Хордалылардың кейбiреулерi ауыл шаруашылығының зиянкестерi (кемiргiштер-тышқандар, саршұнақтар, аламандар, егеуқұйрықтар т.б.). Сонымен қатар, көптеген түрлерi орман, балық және аңшылық шаруашылықтарына зиянды әсерiн тигiзедi. Хордалылар типiнiң өкiлдерi адамдардың және ауыл шаруашылық малдарының қауiптi ауруларын сақтаушы және тасушы рөлiн атқарады. Ондай ауруларға: чума, туляремия, бруцеллез, лептоспироз, энцефалит т.б[3].
Бәрiнiң де денесiнiң ұзына бойына созылып жатқан iшкi тiрек қаңқа хордасы болады. Хордасы солқылдаған серпiмдi созылып жатқан тұтас зат. Төменгi сатыдағы хордалыларда хорда өмiр бойы сақталады, ал жоғарғы сатыда дамыған хордалыларда дамудың барысында хорда омыртқа жотасына айналады. Хорда эмбриональдық даму кезiнде мезодерма қабатынан дамиды. Хорданың үстiңгi бөлiмiнде нерв жүйесiнiң орталығы нерв түтiгi орналасқан. Бұл түтiктiң ішкi қуысын – невроцель деп атайды.
Омыртқалылар зоологиясы пәні жануарлардың сыртқы, ішкі құрылысын, географиялық таралуын, мекен ортасын, қоректенуін, көбеюін, дамуын, систематикасын, шығу тегін зерттейді.
Басқа жануарлар мен салыстырғанда омыртқалы жануарлардың үлкен маңызы бар. Омыртқалы жануарлар құрылықты, суды, ауаны және топырақ қабатын мекендейдi. Сондықтан оларды бүкiл жер шарына түгелдей тараған деуге болады[4].
Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлi салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткенi үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың iшiнде азық үшiн өсiретiндерi де, терi, жүн беретiндерi де, көлiк және спорттық мақсатқа пайдаланатын түрлерi де бар.
Табиғатта тiршiлiк ететiн көптеген тағы түрлерi үй малдарының жаңа пайдалы тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып саналады. Сондай-ақ, жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде аулай отырып, ет, май, бағалы терiлер сияқты шаруашылыққа қажеттi өнiмдер аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет