Лекциялар жинағы шымкент 2019


Тип тармағы Бассүйексiздер



бет3/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Тип тармағы Бассүйексiздер – Acrania

Класс Басхордалылар класы – Cephalochordata

  1. Тип тармағы Қабықтылар (Личинкахордалылар)-Tunicata seu Urochordata

Класс Асцидиялар-Ascidiae
Класс Сальпалар-Salpae
Класс Аппендикуляриялар-Appendiculariae

  1. Тип тармағы Бас сүйектiлер немесе омыртқалылар – Craniоta немесе Vertebrata

Бөлім Жақсыздар – Agnatha
Класс Дөңгелекауыздылар – Cyclostomata
Класс тармағы-Миногалар(тілтістер)-Petromyzones
Класс тармағы-Миксиндер-Myxini
Бөлім Жақтылар – Gnathostomata
Алғашқы су жануарлары-Anamnia
Класс үсті Балықтар- Pisces
Класс Шеміршекті балықтар – Chondrichthyes
Класс тармағы Тақтажелбезектілер– Elasmobranchiі
Класс тармағы Бутінбастылар– Holochephali
Класс Сүйекті балықтар – Osteichthyes
Класс тармағы Қалаққанаттылар– Sarcopterygii
Класс тармағы Сәулеқанаттылар– Actinopterugii
Класс үсті Төртаяқтылар-Tetrapoda
Класc Қосмекенділер– Amphibia
Класс тармағы Доға омыртқалылар-Apsidospondyli
Класс тармағы Жұқа омыртқалылар-Lepospondyli
Алғашқы құрлық жануарлары- Amniota
Класс Бауырымен жорғалаушылар - Reptilia
Класс тармағы Анапсидалар– Anapsida
Класс тармағы Лепидозаврлар– Lepidosauria
Класс тармағы Архозаврлар– Archosauria
Класс Құстар– Aves
Класс тармағы Кесіркеқұйрықтылар немесе Ежелгі құстар-Archaeornithes
Класс тармағы Желпуішқұйрықтылар немесе Нағыз құстар-Neornithes
Класc Сүтқоректілер немесе аңдар - Mammalia seu Theria
Класс тармағы Алғашқы аңдар- Prototheria
Класс тармағы Аңдар – Theria
Личинка хордалылар тип тармағы-Urochordata немесе туникаттар-Tunicata. Личинка хордалыларға-асцидиялар,сальпылар және аппендикуляриялар жатады. Олар мұхиттар мен теңіздерде кеңінен таралған.Личинка хордалылардың шамамен 1100 түрі белгілі,оның 1000 түрі су түбіндегі заттарға бекініп отырып тіршілік ететін асцидия класына жатады.Көптеген асцидиялар жеке жүріп тіршілік етеді,ал қалғандары бірнешеуі бірігіп колония құрады.Олардың басқа хордалылардан айырмасы ересек личинка хордалыларда хорда мен нерв түтігі болмайды, керісінше,личинкалық дәуірде типтің барлық негізгі қасиеттері анық, көрінеді.
Дене құрылысы. Денесі туника деп аталатын қалың қабықпен қапталған қап тәрізді болады.Денесі екі үлкен тесік арқылы сыртқы ортамен қатынас жасайды.Екі тесіктің біреуі ауыз сифоны арқылы организмге су кіреді де, төменірек орналасқан екінші клоака сифоны арқылы су сыртқа шығады.
Нерв жүйесі. Ауыз және клоака сифондарының аралығындағы орналасқан нервтері қуыс емес .Нерв жүйесі нашар дамыған,жұтқыншақтың үстінде жатқан кішкентай ганглиядан денеге бірнеше нерв талшықтары тарайды. Сезім мүшелері жетілмеген өте жұқа ет-тері қапшығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет