Лекциялар жинағы шымкент 2019


Жұптұяқтылар отряды (Artiodactyla)



бет47/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
СОНГЫ омырткалылар зоологиясы лекция

Жұптұяқтылар отряды (Artiodactyla)
Осы отрядтың өкілдері даратұяқтыларға қарағанда көп және бірқатар жерде кездеседі. Көпшілігі сымбатты әсем жануарлар.Үшінші және төртінші саусақтары жақсы жетілген. Бірінші саусағы жойылып кеткен. Екінші және бесінші саусақтары нашар жетілген. Үшінші және төртінші саусақтың арасынан аяқтың тірегі өтеді. Бұғаналары жетілмеген.
Тұяқтылардың сүйектеріне қарап аяқтың эволюциясы қалай өзгергенін байқауға болады. Тұяқтылардың сауақтары әр өкілдерінде әртүрлі. Төрт саусақтан екі саусақтыға айналып бара жатқаны байқалады. Шошқа жұпты аяқтыларға жатады, бірақ төрт саусақты. Бұғының да екінші және бесінші саусақтары жетілген, ал сиырда олар жойылып кеткен. Жұптұяқтыларда күрек тістері жойылуға бет алғандығы бақалады. Қарындары қарапайым немесе күрделі болады.
Ішек-қарынның құрылысына байланысты жұптұяқтылар екі отряд тармағына бөлінеді: күйіс қайырмайтындар және күйіс қайыратындар.
Күйісқайыратын жұптұяқтылар: сиырла, бұғылар, қойлар, түйелер, жирафтар т.б. Денесі сымбаты ұзын, теріснің жұқа жүні бар, бірақ терінің астында қалың май қабаты болмайды. Бірқатар жануарлардың мүйізі жақсы жетілген, басы сопақтау болып келеді. Жоғары күрек тістері көпшілігінде болмайды, астыңғы ит тісі қашауға ұқсап келеді. Азу тістері шайнауға икемделген, беті жалпақ, эмальмен қаптарланып қапталған. Ал қарынның құрылысы күрделі, ол төрт бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Қарынның бөлімдерінің атқаратын қызметі әртүрлі. Жиылған жем (өсімдіктер) өңеш арқылы үлкен қарынға барып түседі, оның үлкендігі сиырда 150-200л су сиятындай. Үлкен қарын жұтылған шөпті жұмсартып араластырады. Ұсақталған жем жұмыршаққа барады. Осы екі қарынның ішінде шөптің клетка қабықтары – клетчатка ашыту бактерияларының әсерімен өзгеріске ұшырай бастайды. Біраз уақыттан кейін қарындағы жем кесек-кесек болып лоқсыған кезде ауызға түседі. Мал күйсеген кезде тістердің көмегімен жем тағы одан әрі ұсақталып және түкірік бездері сілекеймен шығарып жем қатпаршаққа барып түседі. Одан әрі қарынның ақырғы бөлімі ұлтабарға түседі. Ал қатпаршақтың және ұлтабардың қабырғасындағы бездер су қорыту шырынын шығарып тұрады. Ұлтабардан ұзын ащы ішек басталады. Ащы ішектің қабырғасындағы ұйқы бездерінің және бауырдың шығарған секреттері әсерінен ас мүлде қорытылып, қанға тарйды. Ал қорытылмай қалған ас тоқ ішекке жиылып барып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығады. Олар тек өсімдік тектес азықпен ғана қоректенеді: шөп, өсімдік қабығы, ағаштың әртүрлі мүшелері, жидектер, қыналар т.б.
Күйіс қайыратындар тұяқтылардың ішіндегі ерекше бір топ. Негізгі ерекшелігі қиын қорытылатын өсімдік тектес азықпен қоректенуінде. Олар табиғатта ашық далада, орманда, тауда т.б. тіршілік орталарында бейімделген. Соның нәтижесінде күйіс қайтаратын жануарлардың саны белгілі дәрежеде кездеседі.
Бұл тұқымдасы (Cervidae). Дене құрылысы сұлу, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі бар жануарлар. Қазақстанда теңбіл марал, бұлан, елік, марал, құдыр кездеседі. Бұларда мүйіз тек еркектерінде болады. Ал солтүстік бұғысының еркегінде және ұрғашысында да болады. Марал мен теңбіл маралдардың жас мүйіздерінен (панты) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жасалады. Дәрі зат алмасу проуесін тездетеді. Ол жүрекке, қантамыр жүйесіне, тыныс жолына әсер ететін жақсы сергіткіш дәрі. Қазақстанда панты алу үшін оларды жартылай қолға үйретіп бағып отыр.
Қазір ТМД-да жабайы марал 55-60 мыңдай болса, соның 15-20 мыңы Вьетнам және Корея. Бұл елдерде оның пантысын жоғары бағалайды, сондықтан “гүлбұғы” деп аталады. Қазақстан қызыл кітабына тоғай бұғысы енген.
Құдыр тек Шығыс Қазақстан облысында – Оңтүстік Алтай тауында ғана кездеседі. Құдырдың етінен басқа, мускус деп аталатын затты медицинада және парфюмерияда қолданылады. Мускус – құдыр текесінің арнайы безінен алынатын күрделі құрамы, ждұпар иісті зат. Құдырдың саны республикамызда әлі де аз және сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынған.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Cavicornia). Бұлардың бұтақтанбаған маңдай сүйегінің өсіндісі қуыс мүйізді болады.
Ұрғашыларының көпшілігінде мүйіз болмайды, болса еркегінің мүйіздерінен кіші болады. Бұл тұқымдастың жабайы түрлері мыналар: қарақұйрық, ақбөкен, муфлон, архар, тау ешкісі (таутеке).
Қарақұйрық. Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Соңғы уақытта қарақұйрық Үстіртте, Бетпақдалада, Зайсан ойпатында, Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесек, Атырау құмдарында бар. Осы аталған жерлерде қарақұйрықтың саны өте мардымсыз. Қазақстан қызыл кітабына тіркелген.
Ақбөкен. Қазіргі кезеңде республикамыздың шөл-шөлейтті далаларында таралған. Ол Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Атырау және Орал Қостанай және Ақмола облыстарының жерінде мекендейді. Аса бағалы ақбөкен қазір халқымыздың ет өндіруқажетін өтеу жөнінде елеулі бір резервке айналды. Бұған қоса оның мүйізінің емдік қасиеті бар. Одан пантокрин тәрізді дәрі алынады.
Муфлон немесе үстірт арқары. Республикамызда Маңғыстау түбегі мен Үстіртте таралған. Сан мөлшері өте аз, сондықтан ол қорғауға алынған. Үстірт арқары Қазақстан Қызыл кітабында.
Таутеке. Республикамыздың таулы аудандарын ерте заманнан –ақ мекендеп келе жатқан аша тұяқты жануарлардың бірі. Таутеке еті мен терісі үшін ауланады.
Арқар. Қазақстанда Тянь-Шань тауының батыс сілімдері, Іле мен Жоңғар алатаулар және орталық Қазақстан тауларында кездеседі. Арқардың санының азаюына байланысты қорғауға алынған. Қыста бірнешеуі бірігіп топтасып жүреді. Арқардан үй қойларының жаңа тұқымдарын шығарады. Қызыл құм арқары,Алтай арқары, Қазақстан арқары, Тянь-Шань арқары, Қаратау арқары Қазақстан қызыл кітабына енген.
Жабайы өгіздер. Қазіргі кезде Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялық және африкалық буйволдар, Үндістанда – бантенг, гаял және гауыр жатады. Бұлар орманда және бұталы жерлерде мекендейді. Орталық Азияда Қырғызстанда жүндес Як (кодас), Солтүстік Америкада – бизон, ал ТМД-да Белоруссияда зубр деген бір ғана түрі кездеседі.
Бантенг, гаял, буйвол, қодас, ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Тур – осы заманғы көптеген мүйізді ірі қараның арғы тегі болып саналады.
Күйіс қайырмайтын жұп тұяқтылар: шошқалар мен бегемоттар, сырт қарағанда өңсіз,сирағы қысқа болып көрінеді. Терісі қалың және сирек қылшық жүндері бар. Терісінің астында қалың майы болады, мүйіздері жоқ. Бас сүйегі сопақ, ал тістері әртүрлі азықпен қоректенуге бейімделген. Жабайы және үй шошқасының өсімдіктердің тамырын суырып алатын сойдық тістері болады. Еркегінде олар жоғары қарай қайқайып аузынан шығып тұрады және жауынан қорғанып, басқа жануарларға шабуыл жасағанда көп пайдасын тигізеді. Азу тістері сиырлардікіндей емес бұдыр келеді, сондықтан шошқа өсімдіктерді де жануарлар тектес азықты да шайнап жей береді. Қарыны қарапайым, сондықтан күйіс қайтармайды. Түр жағынан саны аз болсада, олар күйіс қайтаратын, жануарларға қарағада жер бетінде өте кең тараған.
Шошқа тұқымдасы (Suidae) өкілінің дүние жүзінде көп түрі кездеседі. Ал ТМД-да бір-ақ түрі кездеседі, жабайы шошқа – қабан. Сол жабайы шошқадан осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көп түрлері шыққан. Бұлар қамсты тоғайлы жерлерді мекендейді. Жылына бір-ақ рет көбейеді, өсімтал. Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартып, өсімтал түрлері шығарылған.
Бегемот тұқымдасы (Hippopotamus) – ірі, жалаңаш терілі, жартылай суда тіршілік ететін жануарлар. Олар құрлыққа өте сирек шығады. Су өсімдіктеріменқоректенеді. Бегемоттар тропикалық Африкада тараған. Бұл тұқымдасқа Африкада кездесетін екі түрі жатады. Бірі гиппопотам – тіршілігі суда өтеді, екіншісі ергежейлі бегемот тропикалық ормандардың өзен жағасында тіршілік етеді. Екеуі де өсімдік тектес азықпен қоректенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет