Орталық жүйке жүйесіне



бет1/4
Дата31.01.2022
өлшемі28,76 Kb.
#24610
  1   2   3   4

Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Орталық жүйке жүйесінің басты және арнайы қызметі – іс жүзінде біздің барлық әрекетімізге жауап қайтаратын рефлекстерді жүзеге асыру. Орталық жүйке жүйесі барлық қалған мүшелермен және жүйелермен шеткі жүйке жүйесі арқылы байланысады, оларға бас сүйек-ми жүйкелері (12жұп) және жұлын жүйкелері жатады.

Сонымен қатар орталық жүйке жүйесі:көру,есту,жанасуды сезу,иіс сезу сияқты сезім мүшелері не, сондай-ақ сезімге (эмоцияға),ойға,есте сақтауға жауапты.

Ми жұмсақ кеуек тәрізді жүйке жасушалары – нейрондардан тұрады. Ересек адамның миы 1200 – 1500г шамасында болады. Ми үш негізгі бөлімнен – жартышаралардан (оң және сол), мишық және ми діңінен тұрады. Ми діңі біртіндеп жұлын өзегінде орналасқан жұлынға жалғасады. Бұл өзек омыртқа денесі мен имектерінен түзіледі.

Ақ зат – бұл жүйке жолдарын құрап, нейрондар денесін байланыстыратын жүйке талшықтары. Мидың сұр заты нейрондар денесінен тұрады.

Оң және сол жақ ми жартышарлары мидың басты қызметіне- ақпаратты алу, өңдеу және сақтауға жауапты. Мидағы жүйке талшықтарының айқасуы арқасында оң жақ жартышарлар дененің сол жақ жартысына, ал сол жақ жартышарлар оң жақ жартысына жауапты болады.

Мишық мидың артқы жағында орналасады. Ол қозғалыс үйлесіміне (координациясына) жауапты. Мишықтың арқасында біз жүреміз,қолмен заттарды ұстай аламыз және т.б.

Ми діңі - ми мен жұлын арасында орналасқан ми бөлімі. Ол аштық, сондай-ақ жүрек соғуы, тыныс алу және дене температурасы сияқты қарапайым қызметтерге жауапты. Миды сыртқы ортаның әсерінен өзі орналасқан бас сүйегі қорғайды. Сонымен қатар ол ерекше сұйықтық – жұлын сұйығымен (ликвормен) жуылады. Жұлын сұйығы бас сүйегі қуысында белгілі бір қысымда болады. Жұлын сұйықтығының миға түсіретін қысымы бас сүйек ішіндегі қысым деп аталады. Ми сыртқы жағынан жұмсақ және қатты қабықшалармен қапталған. Олардың қабынуынан менингит дамиды ( лат. Menix - ми қабықшасы).

Ми жартышарлары екі бөлікке бөлінеді. Мидың жартышарларының әрқайсысы алты бөлікке бөлінеді: маңдай бөлімі, төбе бөлімі, самай бөлімі, шүйде бөлімі, орталық (немесе аралдық) бөлім және лимбикалық (көмкерме) бөлім. Мидың әр бөлімі белгілі бір қызметке жауап береді: мысалы, маңдай бөлімі сөйлеу сияқты маңызды қызметке жауапты, шүйде бөлімі әлемді көрнекті (визуалды) қабылдауға жауапты, ал самай бөлімі дыбыстық тітіркендіргіштерді қабылдауға жауапты.

Адамның орталық жүйке жүйесін ми және жұлын құрайды.

Ми ми діңінен (оның филогенетикалық өте ертеректегі орталықтары сопақша мида, ортаңғы, аралық мида орналасқан), мишықтан және үлкен ми сыңарларынан тұрады, оның сұр заты, яғни үлкен ми сыңарларының қыртысы эволюциялық тұрғыда мидың ең жас бөлімі болып тадылады.



Мишық өткізгіш жолдар арқылы орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланысады. Оның негізгі қызметі – қимылды үйлестіру, тепе-теңдікті сақтау және бұлшықет тонусын қалыпты деңгейде ұстау. Жануарларда мишықты алып тастау немесе оның зақымдануының салдары мынадай болады: а) бұлшықет тонусы күрт төмендеп, олар әлсіреп босаңсиды; ә) қозғалыс кезінде тез қажиды; б)қимыл- қозғалыс бұзылып, тепе-теңдікті саұтау мүмкін болмайды; в) аяқ-қолдың және бастың қалтырауы байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет