Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi



бет13/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128
Жай бөлшектерді азайту.Бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi азайту затты бiрнеше тең бөлiктерге бөлiп қалған бөлiктi табу немесе кесiндiнiң ұзындығын табу арқылы түсiндiрiледi. Мынадай тапсырма орындалады:
1) СВ кесiндiсiнiң ұзындығын табу керек
онда


2) 3) 4)
Бөлiмдерi әртүрлi бөлшектердi азайту үшiн берiлген бөлшектердi ең кiшi ортақ бөлiмге келтiрiп, бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi азайтуды орындайды.
Мысалы,қысқаша
Бiрнеше мысалды шығарып үйренген соң бөлiмдерi әртүрлi бөлшектердi азайту ережесi тұжырымдалады. Бiрақ мiндеттi түрде, дәл мағынасын сақтай отырып, ереженi мұғалiмнiң өзi қайталап айтып отырады.
Ендi натурал саннан бөлшектi азайтудың екi тәсiлiне тоқталайық. Бiрiншi тәсiлiнде берiлген натурал сан бұрыс бөлшек түрiнде жазылады, екiншi тәсiлiнде аралас сан түрiнде жазылады.
Мысалы1-тәсiлмен:
2- тәсiлмен:
Бөлiмдерi әртүрлi аралас сандарды азайту үшiн: олардың ең кiшi ортақ бөлiмiн тауып, бөлiмдерi бiрдей аралас сан түрiне келтiредi. Алдымен азайғыш аралас санның бүтiн бөлiгiнен, азайтқыш аралас санның бүтiн бөлiгiн азайтып, айырымның бүтiн бөлiгiн табады. Ал азайғыш пен азайтқыш аралас санның бөлшек бөлiгiн азайтып, айырымның бөлшек бөлiгiн табады. Сонда олардың қосындысы айырма аралас санды бередi.

Қысқаша ‚ немесе
Егер аралас бөлшектердiң бөлшек бөлiгiн ортақ бөлiмге келтiргеннен кейiн, азайғыш аралас санның бөлшек бөлiгiнiң алымы азайтқыш аралас санның бөлшек бөлiгiнiң алымынан кем болса, онда азайғыш аралас санның бүтiн бөлiгiн 1-ге кемiтiп, бөлшек бөлiгiн бұрыс бөлшекке айналдырып, азайтуды жалғастырады.

қысқаша .
1. Натурал саннан аралас санды азайту үшiн, натурал санды аралас санға айналдырып, аралас саннан аралас санды азайту орындалады.
1-мысал. .
Қысқаша .
2. Аралас саннан натурал санды азайтқанда азайтқыш-натурал сан азайғыш аралас санның бүтiн бөлiгiнен ғана шегерiлiп шыққан айырмаға азайғыш аралас санның бөлшек бөлiгi тiркелiп жазылады.
2-мысал. , қысқаша .
3. Аралас саннан дұрыс бөлшектi азайтудың екi түрлi жағдайы бар.
1-жағдай. Азайғыш аралас санның бөлшек бөлiгiнiң алымы азайтқыш бөлшектiң алымынан артық болғанда.
3-мысал. ,
қысқаша .
2-жағдай. Азайғыш аралас санның бөлшек бөлiгiнiң алымы, азайтқыш бөлшектiң алымынан кем болғанда.
4-мысал.
қысқаша .
Демек, бұл жағдайда азайғыш аралас санды түрлендiрiп, оның бөлшек бөлiгiн бұрыс бөлшекке айналдырып жазу керек.
Жай бөлшектерді қосуға қарағанда оларды азайту күрделірек. Себебі аралас бөлшектерді азайту кезінде олардың бөлшек бөлігінде азайғыш азайтқыштан кем болып қауы мүмкін. Ондай жағдайларға ерекше мән беріп, тиянақты жаттығуға тура келеді.
Тақырыпты оқу нәтижесінде күтілетін нәтижелер:

  1. Бөлiмдерi бірдей бөлшектерді азайту ережесін білу.

  2. Бөлімдерi әртүрлі бөлшектерді азайта алу.

  3. Аралас сандарды азайтуды орындау.

  4. Натурал саннан бөлшектi азайту тәсiлдерін білу.

  5. Азайғыш аралас санның бөлшек бөлiгiнiң алымы, азайтқыш бөлшектiң алымынан кем болғанда оларды азайту тәсілдерін біледі.

  6. Натурал саннан аралас санды азайта алу.

  7. Аралас саннан натурал санды азайта білу.

  8. Оқушы мынадай есептерді шығара алуы тиіс:

  1. ; 2) ; 3) ; 4) 7; 5) 6;

6) 4 - .
«Жай бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбы бойынша қорытынды сабақтарда қосу және азайту амалдары араласып келген есептерді шығарылады. Ол есептер төмендегідей болуы мүмкін.
Амалдарды орында:
1)13;
2) 4;
3) (11;
4) 25– (12;
5) 7;
6) 5.
Осы сияқты есептерді шығара алу «Жай бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбын оқып-үйренудегі күтілетін нәтиже де болып табылады. Тақырып бойынша қорытынды тексеруге де осындай есептер ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет