Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi



бет14/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

2.Ондық бөлшек ұғымын енгізу
Оқушылардың ондық бөлшек ұғымын оқып-үйренудің қажеттігіне ой түртік жасау үшін мұғалім мынадай әңгіме өткізеді. Сендер натурал сандарға амалдар қолдануға қаарағанда жай бөлшектерге амалдар орындаудың әлде қайда қиын екендігіне көздерің жетті. Бөлшектіңтағы бір түрі бар, ол ондық бөлшек деп аталынады. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану натурал сандарға амалдар қолану сиқты орындалады. Сондықтан ондық бөшектер өмірде, өндірісте, эканомикада, инженер-техникалық жұмыстарда кең түрде қолданылады. Ондық бөщектермен танысуды бастайық.
Бөлiмдерi 10, 100, 1000 т.с.с. болып келетін бөлшектердi, мысалы мынадай бөлшектерді 32, , , 6, бөлiмсiз жазуға болады. Ол үшiн:

  1. бөлшектің бүтін бөлігі жазылады, егер бүтін бөлігі болмаса, нөл жазылады да одан кейін үтір белгісі қойыылады;

  2. бөлшектің бөлімінде қанша нөл болса, үтірден кейін сонша цифр болатындай етіп бөлшектің алымында тұрған сан жазылады. Егер бөлшектің алымындағы сан бөліміндегі нөлдер санынан аз болса, санның алдына нөлдер қойылады.

Мысалы, 32 = 32,17; = 0,3;  = 0,743; 6 = 6,09;  = 0,003.
Цифрлар және үтір арқылы жазылған бөлшек ондық бөлшек делінеді. 32,17; 0,3; 0,743; 6,09; 0,003 – ондық бөлшектер.
Егер бөлiмдерi 10, 100, 1000 т.с.с. болып келетін бөлшек бұрыс болса, онда бұрыс бөлшекті аралас бөшек түрінде өрнектеп, одан кейін ондық бөлшек түрінде жазады:  = 84 = 84,7; = 1 = 1,27 немесе бірден = 1,27;
Ондық бөлшектерді оқуға үйретіледі: 9,3 - тоғыз бүтiн оннан үш, 5,27 - бес бүтiн жүзден жиырма жетi, 3,419 – үш бүтін мыңнан төрт жүз он тоғыз, 0,03 - нөл бүтін жүзден үш, т.б.
Сөзбен айтылғанды ондық бөлшек түрінде жаза алуға да үйретіледі: бес бүтін мыңнан жүз сегіз -5,108; нөл бүтін жүзден жеті – 0,07; жүз сегіз бүтін он мыңнан жеті жүз үш – 108, 0703; нөл бүтін мыңнан бір – 0,001 т.с.с.
Ондық бөлшектiң соңындағы нөлдi алып тастағаннан немесе тiркеп жазғаннан оның мәнi өзгермейтiндiгi айтылады.
Мысалы, 2,310=2,31=2‚3100.
Натурал сан сяқты, кез келген ондық бөлшекті ондық разриядтық қосылғыштар түрінде жазуға болады.
Мысалы,7,189 =7+. Демек, ондық бөлшекте үтірдің оң жағындағы разриядтық бірліктерінің әр қайсысы алдыңғысынан -ге кем. Үтірден кейінгі екінші қосылғыш :10, яғни -ге, ал үтірден кейінгі үшінші қосылғыштың бірлік разряды :10 = -ге тең болады
Сонда 7,189 ондық бөлшегiнің бөлшек бөлігінде 1 ондық үлес, 8 жүздiк үлес, 9 мыңдық үлес бар.
Есептеулер кезінде жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырып алып, амалдарды орындау оңай. Сондықтан жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра алу керек. Бірақ барлық жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазып көрсетуге болмайды. Тек қана, егер жай бөлшектің бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде тек қана 2 немесе 5 сандары болса, онда жай бөлшектердi ондық бөлшектерге айналдыруға болады. Мысалдар келтiрiледi:

Басқа түрдегі жай бөлшектер кездескенде, керісіінше, ондық бөлшектер жай бөлшекке айналдырылып есептеу жұмыстары жүргізіледі.
Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруға болады.
7,63 = 7; 4,8 = 4 =4 ; 0,35 =  = : 5,05 = 5= 5.
Оқушылар мынадай жай бөлшектердің ондық бөлшек түріндегі жазылуын жатқа білгені абзал:
 = 0,5;  = 0,25;  = 0,75;  = 0,1;  = 0,01.
Тақырыпты оқып-үйрену нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:
1. Қандай бөлшектер ондық бөлшек деп аталатынын.
2. Бөлiмдерi 10, 100, 1000 т.с.с болып келетін жай бөлшекті ондық бөлшек тұрінде жазуды.
3. Ондық бөлшектерді оқи алу және оларды жазып көрсетуді.
4. Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болатынын немесе болмайтынын.
5. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуды.
Ондық бөлшектерді оқу және жазуға, түрледіруге арналған жаттығулар:

  1. Мына сандаары бөлімсіз жазу.; 2) ; 4) 8; 5) ; 6) ; 7) ; 8) .

  2. Сандарды оқу. 1) 0,8; 2) 4,5; 3) 46,00203 4) 0,0006; 5) 1432,019; 6) 3,2356.

3. Сандарды жазу. 1) 15 бүтін жүзден 25; 2) 3 бүтін мыңнан 8; 3) 6 бүтін он мыңнан 19; 4) 0 бүтін мыңнан 615; 5) 215 бүтін жүз мыңнан 81.
4. Мына сандардың ондық, жүздік, мыңдық үлестері қанша: 8,37; 6; 150; 14,3; 30,105; 0,7; 15,0044; 1200,1?
5. Ондық бөлшектерді өсу ретімен жазу: 0,25; 0,33; 0,338; 0,366; 0,2515; 0,00456: 0,6209.
6. Ондық бөлшектерді оқу: 5,06; 5,060; 5,0600; 5,06000. Олар туралы не айтуға болады?
7. Жай бөлшектерді қайсысын ондық бөлшек түрінде жазуға болады?

Ондық бөлшек түрінде жазуға болатынын жазып көрсет.
8. Ондық бөлшекті жай бөшек түрінде жазу: 80,721; 2,9; 8,72; 0,215; 5,44; 0,36; 15,25;0,4.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет