Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы


-тақырып ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет10/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21082
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Байланысты:
karazhan ks kazakstan tarikhy lektsiialar kursy

2-тақырып
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ 
ОДАҚТАР ЖƏНЕ ЕЖЕЛГІ МЕМЛЕКЕТТІК 
БІРЛЕСТІКТЕР
Ерте темір дəуіріндегі тайпалық одақтар
• 
Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер
• 
1. Ерте темір дəуіріндегі тайпалық одақтар
Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында  
өзіндік    орын  алатын  қола  дəуірін  ауыстырып,  үлкен  де  күрделі 
өзгерістер əкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің 
заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын 
мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы жəне 
көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді. 
Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия 
жəне  Қазақстанның  оңтүстік  өңірін  қамтитын  кең-байтақ  аумақта 
«сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V 
ғ.) жəне басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп 
атаған. Сақ бірлестігі туралы мəліметтер кездесетін негізгі жазба 
деректер екі топтан тұрады: 1) антик дəуірінің авторлары (гректер) 
— Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей жəне т.б.; 2) Ахеменид-
тер əулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жа-
зуы, т.б.). Парсы жазбалары «сақ» атауын қолданса, грек деректері 
бұл тайпаларды «Азия скифтері» деп атайды. 
Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені 
бойын мекендеген скифтердің жəне төменгі Еділ өзенінің төменгі 
ағысы мен Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтардың, Кир мен 
І Дарий тұсындағы парсылардың жəне Александр Македонский 
дəуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар ежелгі парсылар-
мен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ—V ғасырларда Ахеме-
нидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына 
жазбаларында сақтар туралы аз  болса да анық деректер келтірілген. 
Оларда сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын 
даярлайтын сақтар), тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), 
парадарайа-сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар) туралы ба-
яндалады. Алғашқы екі тобын Герадот “амюргия-сақтар” жəне 
“ортокарибантия-сақтар” деп атаған.
Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан 
аумағында шоғырланғандығы туралы түрлі болжамдар бар. Олардың 
біреуіне  сəйкес  Шаш  (Ташкент  ауданы),  Солтүстік  Қырғызстан 
аумағында жəне Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтары ме-
кендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, 
оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.
Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ірі тайпа не-
месе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий-
сақтары деп аталды. Бұл сақтар Ежелгі Бактрия жəне Маргиа-
на аумағында (Əмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауында) 
орналасқан. Ертедегі парсылардың танысқан сақтары осылар еді.
Лингвистикалық зерттеулердің мəліметіне қарағанда сақтардың 
Орталық Азияның көне иран тұрақтарынан б.з.д. І мыңжылдықта 
бөлектеніп шыққан ирандық, нақтырақ шығыс ирандық тайпалар 
тобына жататындығы байқалады.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, ари-
маспылар, қаспилер, аргипейлер жəне т.б. сияқты ондаған тайпа-
лар кіреді. Олар ежелгі грек авторларының еңбектерінде аталады. 
Зерттеушілердің болжамдары бойынша олар Қазақстан аумағында 
былайша орналасқан делінеді: массагеттер — Сырдарияның төменгі 
бойы мен Арал теңізінің оңтүстік жəне солтүстік-шығыс өңірінде, 
дайлар — Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын, 
исседондар — Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағын-
дағы  Тарбағатай  тауына  дейінгі  алқапты,  ал  кейбір  зерттеушілер, 
соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев оларды Орталық Қазақстан ке-
ңістігіне орналастырады, аримаспылар — Шығыс Қазақстан 
аумағын, қаспилер — Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипей-
лер — Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.  
Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, 
жылқы, ірі қара, қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі бол-
ды: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. 
Сақтарда түйе өсіру Батыс жəне Оңтүстік Қазақстан аймақтарында 
өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы 
меңгерген. 
Б.з.д. VІІІ—VІІ ғасырларда Қазақстан мен Орталық Азияны 
мекендеген тайпалардың Ассирия жəне Мидиямен, ал б.з.д. VІ 
ғасырдың ортасынан бастап құрылған Ахеменидтер тұсында Пер-
сиямен қарым-қатынас жасаған жəне сол кезеңдегі көптеген тарихи 
оқиғаларға араласып отырған.


22
23
Жазбаша жəне археологиялық деректер б.з.б. VІІІ—VІІ ғғ. 
Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние 
өркениеті — Ассириямен жəне Мидиямен, ал б.з.б. VІ ғасырдың ор-
тасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап Перси-
ямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген 
тарихи  оқиғаларға  қатысты.  Мəселен,  Кир  сақтармен  одақ  жасап, 
Мидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде  олардан көмек ала-
ды. Кейінірек Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы бо-
лып жорыққа аттанады. Бірақ, оның  жорығы қатты қарсылыққа 
кездесіп, соңында Кир бастаған парсылар сəтсіздікке ұшырап, 
əскерлері талқандалып, өзі қаза табады. Герадот мынадай аңыздық 
мəліметтерді келтіреді: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың 
патшайымы Тұмар (Томирис) торсыққа қанды толтыра құйғызып, 
«Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдің ба-
сын салдырған.
Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын І Дарий (б.з.д. 
521—486) жалғастырды. Б.з.б. 518 жылы І Дарий массагет-сақтарға 
қарсы жорық бастап, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарих-
шысы Полиэн массагет-сақтардың парсыларға қарсы ерлікпен 
күрескендігі жайлы мына бір оқиғаны  келтіреді. Шырақ есімді бір 
сақ жауынгері өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға ба-
рып өзін сақ көсемдерінен зардап шеккен адам сипатында көрсетеді. 
Одан соң өзінің тайпаластарынан кек қайтарғысы келетінін 
мəлімдеген Шырақ жауларын, яғни парсыларды  сусыз шөл далаға 
апарып адастырады. Ал, ол жерде парсылардың көбі шөлге шы-
дамай қырылады. Өз жерін жат жерлік басқыншылардан қорғау 
мақсатында сақ жауынгері  Шырақ  осындай ерен ерлік жасады.
Дегенмен І Дарий аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын, 
соның ішінде хаомаварга-сақтарын жəне басқа да кейбір тайпаларды 
бағындырады. Бұл тайпалар Ахеменидтердің ХV сатрапиясының 
(салық аймағының) құрамына кіріп,  алым-салық төлеуге тиіс бол-
ды, бірақ ол өз уақытында төленіп тұрмады жəне көбіне сыйлықтар 
сипатында болды. Сақтар болса Ахеменидтердің əскерінде қызмет 
атқарды. Тіпті, олардың біразы парсы  патшасының «өлмейтін он 
мың» деп аталатын жеке əскери құрамасының қатарына да кірді. 
Б.з.б. VІ ғасырдың аяғымен V ғасырдың басында ежелгі 
Шығыста грек-парсы соғыстарының басталуына байланысты ірі-
ірі саяси оқиғалардың болғаны белгілі. Сол тұста кейбір сақ тай-
палары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде пар-
сылар жағында қатысып отырған. Мысалы, Гавгамелы маңындағы 
шайқасқа сақтардың жеңіл атты əскері қатысқан.
Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500—449 жылдары) парсылардың 
жеңілуімен аяқталды. Ал, бұл кезде Грекияда экономикалық жəне 
саяси дағдарыс шиеленісе түседі, құл иеленушілер болса, бұдан шы-
ғудың жолдары шығысқа басқыншылық жорықтар ұйымдастыру 
деп түсінеді. Б.з.б. ІV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер 
Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменидтік ІІІ 
Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. 
Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға қарай бет алады. 
Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия халықтары  табан тіресе 
ерлікпен қарсыласты. Александр Македонскийдің əскерлеріне қарсы 
күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер, 
оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский 
əскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, 
жараланады. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды 
қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен 
басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауына сүйене отырып, 
сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-грек əскерлерін 
бірнеше дүркін талқандаған болатын. Үш жыл бойғы кескілескен 
соғыстан кейін ғана македондық-гректер Орта Азияның кейбір тай-
палары мен халықтарын уақытша бағындырды. Сырдарияның арғы 
жағасындағы сақ тайпалары өздерінің тəуелсіздігін сақтап қалды. 
Александр Македонский өлгеннен кейін оның ұлан-байтақ импе-
риясы тығыз экономикалық жəне саяси байланыстары жоқ тайпалар 
мен халықтардан  біріктірілгендіктен дағдарысқа ұшырап ыдыра-
ды.
Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхауда-
сақтарға кіретін сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта 
Азия мен Қазақстанның этно-мəдени сақ қауымының өзіндік 
жарқын мəдениетінің ірі ошағы болды. Сақ мəдениеті — Орталық 
жəне Алдыңғы Азияның мəдениеті мен өнері жетістіктерінің бірі 
болды. Ол заманға қатысты қорымдардың көп болуы ерте кезден-
ақ Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің толық 
игерілгенін байқатады. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, 
Шарын, Кеген өзендері мен т.б. өзендердің аңғарларында көптеген 
тас жəне топырақ обалар шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы 
(Іле өзенінің сол жақ жағалауы) — 300 обадан, Берікқара қорымы 
(Талас өзенінің аңғары) 500 обадан, Кетпен — Төбе алқабында 
(Солтүстік Қырғызстан) 700 обадан тұратын қорымдар табылған. 
Оларда адамдар əр түрлі уақыттарда жерленіп, жүздеген жылдар 
бойы қалыптасқан.


24
25
Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары саналатын 
обалардың көп табылуы жағынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға 
тең келетін Орта Азия мен Қазақстанның басқа аудандары жоқ. 
Осындай археологиялық ескерткіштердің мол табылуына байланы-
сты А.Н.Бернштам «патша сақтары мен үйсіндер» Жетісуды мекен-
деген деп қорытынды жасайды.
Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань 
қарағайлары бөренелерінен тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары 
тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан 
аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сəулет өнерінің 
бірегей ескерткіштері.
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін 
«Есік» обасындағы ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының 
байлығымен қайран қалдырады. Оның басынан аяғына дейінгі 
киімдері алтыннан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша 
арқылы əшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» 
стилінде жасалған. Есік қабірінен табылған күміс тостағанның 
маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу, тегінде, 
əліпбилік жазба болуы ықтимал.
Б.з.д. І мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы рулық қауымның 
ыдырап,  əлеуметтік құрылымның қалыптасу үрдісінің жаңа си-
патымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер жекеменшік, ал 
кейіннен отбасылық меншік түрінің шыққанын айқын байқатады. 
Сақ заманының қоғамдық құрылымын: шағын туыс отбасылар тобы 
(патронимия) — яғни, көшпелі қауым-тайпалар одағы деп атауға бо-
лады. Бұл құрылымның патронимия деп аталған төменгі ұясы өрбіген 
үлкен патриархаттық-рулық əлеуеттің үлкейіп, табиғи бөлшектенуі 
нəтижесінде құрылды. Ол бөліністер əулет басшысының есімімен 
аталды. Ал қоғамның жіктеліп, байлар мен кедейлерге бөлінуі 
сақ қоғамында мүлік теңсіздігінің, яғни, əлеуметтік теңсіздіктің 
болғанының дəлелі болып табылады.
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған. Олар: жауынгерлер, 
абыздар, қауымшыл сақтар. Осы жіктердің əрқайсысының өзіне тəн 
дəстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл жəне сары-қызыл, 
абыздарға — ақ, қауымшыл сақтарға — сары мен көк түстер тəн еді. 
Сонымен қатар, абыздардың белгісі — құрбан табақ пен айрықша 
бас киім болды. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан 
сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. Сақ əйелдері 
қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да 
ерлермен бірдей  қатынасып, ерлік көрсетіп отырған. 
Б.з.д. VІ—V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық 
құрылысының сол заманғы прогрестің неғұрлым жоғарғы сатысы-
на көтерілгендігін, оған экономикалық жəне саяси алғышарттардың 
болғандығын  көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет