0503020905
00(05)09
4
5
ер толарсақтан саз кешкен» замандарды өткерген. Қазақтың кең-
байтақ, қазынаға бай жеріне, берекелі еліне сырттан кім көз аларт-
пады дейсіз. Жайылымдық жер, жазиралы алқаптар мен сан тарау
сауда жолдары үшін болған қақтығыстар үздік-создық жалғаса келе
ондаған жылдарға созылған соғыстарға айналғаны тарихтан мəлім.
Солардың бəрінде қазақ халқының «мың өліп, мың тірілгенін»,
тарихи-тағдырдың тұщысынан гөрі ащысын көп татқанын жақсы
білеміз.
Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналары түгел ашыл-
ды, жұмбақтары тұтас шешілді деу асылық болар. Түгенделмеген
дүниеміз, қалпына келтірілмеген қатпарлы тарихи шындықтарымыз
əлі де қаншама. Егемен ел болып, еңсе көтергелі бері ғасырлар
ауқымына жүк боларлық қыруар шаруа атқарылса да рухани
кемелдікке қол жеткізу үшін алдағы уақытта да тынымсыз ізденіс,
тыңғылықты зерттеулер бір сəтке толастамайды деп ойлай-
мыз. Қолдарыңызға тиіп отырған осы лекциялар курсында туған
Отанымыздың шежіре-баянын жан-жақты жүйелеп, ғылыми-
танымдық тұрғыда оқырман назарына ұсынуға алғашқы қадам
жасалды. Егер осы оқулық тарихи болмысымызды тануға септігін
тигізіп жатса, діттеген мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Елімізге қатысты маңызды оқиғалар мен тарихы жөніндегі
зерттелген, ғылыми-ақпараттық айналымға түскен деректерді
мүмкіндігінше мол қамтуға тырыстық. Тарих тəжірибесі —
ұрпақтардың кешегісі мен бүгінгісінің ең сүбелі, нағыз прогресшіл
қасиеттерін біріне-бірін жалғастыратын өмір эстафетасы. Бүгінде
Қазақстанның толыққанды тəуелсіз мемлекет болған жағдайында
тарихымызды білу, қазақ халқы жинақтаған бай тəжірибені игеру,
жаңа ұрпаққа білім беру мен тəрбиелеуде, олардың белсенді өмірлік
айқындамасын қалыптастыруда мейлінше маңызды. Тарихқа, тари-
хи бастауларға, тəжірибеге біз қаншама терең үңілсек, қоғамдағы
қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз.
Міне, осы тұрғыдан алғанда ұсынылып отырған оқулық
кеңестік қоғамның тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде
болған өткен тарихымыздан тағлым алғызып, тарихи шындықты
бұрмалаудан сақтандырады. Оқу құралында берілген материалдар
тарихтың көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі көптеген мəселелерді
қайта қарастырып, жаңа баға беруге, ақтаңдақ беттерді ақиқат
шындықтармен толастырып, студенттер мен оқырмандардың
ой-өрісін кеңейтіп, тарихты бүгінгі күн тұрғысынан зерделеуге
мүмкіндік беретіндігіне күмəн жоқ. Бұл оқу құралы өткенімізді
білуге, оны бүгінгі қалыптасқан ойлау жүйесі мен көзқарастар
тұрғысынан түсінуге, студенттердің ынта-ықыласын бұрынғыдан
да арттырары сөзсіз.
Ұсынылып отырған лекциялар курсы Қазақстан тарихы бойын-
ша студенттерге оқылып жүрген дəрістер мен семинар сабақтарын
толықтырып, егеменді еліміздің тарихы бойынша жазылатын жаңа
оқулықтарға қажетті тың деректер мен мағлұматтар береді деген
сенімдеміз. Сондай-ақ халқымыздың тарихын жастардың зердесіне
құйып, оларды осы тарихтың тағлымымен таныстырудың, əсіресе,
жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи
санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастыруда белгілі бір
үлес қосады деген ойдамыз. Бүгінгі күнде Қазақстан тарихының
тереңдетіп оқытылуы, мұндай лекциялар курсына студенттердің
аса зəру екенін көрсетіп отыр.
6
7
Достарыңызбен бөлісу: |