Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы


Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап



Pdf көрінісі
бет46/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21082
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Байланысты:
karazhan ks kazakstan tarikhy lektsiialar kursy

5. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап 
алуы
ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде 
хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы 
жүз мəселесіне əлі де көңіл бөле алмаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 


160
161
30-жыл-дарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан” 
Орта Азия мəселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия 
мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді.
Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі 
арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия 
қарсылығының  күшеюіне  əкелді.  1841  жылы  Лондон  конвен-
циясы Ресейдің Таяу Шығыс мəселесіндегі  ірі дипломатиялық 
жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-
орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. 
Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары 
мен Ресей жəне Қытай аралығында орналасуын патша əкімшілігі 
жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі ша-
ралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия 
департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына 
Н.Г.Потанин, Бұхар əмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, 
Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатия-
лық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа 
жəне Бұхарамен орыс-азия сауда мəселелері бойынша бірқатар 
келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы 
мен Хиуа хандығының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты 
саясаты туралы бірқатар мəліметтер алып қайтты. 30-жылдардың 
аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың 
шекаралық аймақтардағы күш көрсету жəне тонаушылық 
əрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын 
босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтарап-
тандыру үшін Хиуаға əскери экспедиция ұйымдастыру туралы де-
кларациясын жариялады. Ресейдің мұндай ресми мəлімдеме жасау-
ына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің 
күшеюі себеп болды. 
1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы  
В.А.Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу əскер жəне 10 мың түйеге 
артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық 
пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айыры-
лып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 
жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал-
жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасын-
да Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне 
қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 
орыс тұтқынын қайтарды жəне Петербургке елшілік жіберді. 
Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға жəне 
Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс əскерін жақындату 
мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойы-
на  əскери  бекіністер  сала  бастады.  1847  жылы  Райым  бекінісі, 
1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салы-
нуы орыс əскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары 
жылжуға жəне қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке 
жақындауға мүмкіндік берді. 1848—1849 жылдары А.И.Бутаков-
тың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, 
теңіздің  картасын  жасады.  Арал  теңізінде  кеме  айлағы  ашылды. 
Оның болашақта Орталық Азия жəне Хорезммен сауда қарым-
қатынасында, əскери мəселелерде маңызы зор болды. 
12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс 
əскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның 
төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым 
бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді жəне 1864 жылы 
Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей  Қоқан жəне 
Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ 
ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның 
Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854—1856 жж. 
Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыно-
гынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет 
болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға 
Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес 
ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан 
алынған материалдардың негізінде патша үкіметі Оңтүстік 
Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы əскери қимылдарын 
ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне 
толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бұл аймаққа қатысты кең 
көлемде жаулап алу жоспары бар екені дəлелденген болатын. 1860 
жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, 
Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын 
барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан 
хандығының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп, 
əскери  нұсқаушылар  мен  қару  жасайтын  мамандар  жіберіле  ба-
стады. Қоқан өкіметі өздерінің əскери қамалдары мен форттарын, 
əскери шептерін күшейтуге кіріседі. 
Англия мен Қоқанның бұл əрекеттері Ресей үкіметі жағынан 
қарсы шаралар қолдануды талап етті. Ресей бұл аймаққа Орынбор 
мен Сібір шебінен екі жақтап тереңдей ену үшін дайындала бастады. 
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан аумағында Ресейдің əскери 
бекіністері мен қамалдары, форпостары мен шептерінің саны арта 


162
163
түсті. Ақтау, Ұлытау, Қапал, Сергиополь, Верный, Қастек  жəне т.б. 
Ресейдің Қазақстандағы əскери тірек пункттері болды. 1856 жылы 
құрамына 213 мың адамнан тұратын Ұлы жүз қазақтары жəне 60 
мың қырғыз кіретін Алатау округі құрылды. Ресей əскерлерінің 
оңтүстіктен де, солтүстіктен де сəтті жылжуына қоқандықтардың 
саясатына риза болмаған Əулиеата мен Шымкент төңірегіндегі 
Ұлы жүз қазақтарының 1857—58 жылдарда көтерілістер жасап, Ре-
сей жағына өтуі де қолғабысын тигізді. Патша үкіметінің ықпалды 
ру басыларына қатысты алдау-арбау, шен-шекпен беру, жоғары 
қызметтерге тағайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама 
маңызды рөл атқарды. Мұндай саясат тек қазақтарға қатысты ғана 
емес, Орталық Азия аймағындағы басқа да халықтарға қатысты 
жүргізілді. 
1860 жылы орыс əскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді 
əскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте 
Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда Ұзынағаш төңірегінде болған 
шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен қоқан əскерінің  
екіжақты қыспағы мен тəлкегіне түскен қазақтардың жағдайы өте 
ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты екі жақ та қатігездігімен 
ерекшеленді. Күш көрсету, тəлкек жасау мен қатыгездік туралы екі 
жақтың да əскери басшылары: “ауылдары өртеніп, малдары тартып 
алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық” деп 
жазды. 1861—63 жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан 
мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде жəне тез арада иеле-
ну жөнінде пікір-таластар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір 
шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бұл аудандарда 
қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жұмғол мен 
Құртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда 
қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы 
Ресейдің Соғыс министрі Д.А.Милютин ерекше комитетке Орта 
Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-əрекеттері туралы баян-
дама жасап, оны мақұлдатып алды. 1864 жылдың басында  бір-біріне 
қарсы тұрған екі жақ та əскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 
жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс əскерлерінің 
дайындығы негізінен аяқталды да полковник Н.А.Веревкин 
бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Веревкиннің отря-
дында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек жəне 150 ерікті қазақ 
болды. Верныйдан бір мезгілде құрамында 2571 солдат, 68 офи-
цер,  22  зеңбірек,    жəне  құрамында  сұлтан  поручик  Ш.Уəлиханов 
басқарған  1400  ерікті  қазақтар  бар  полковник  М.Г.Черняевтың  от-
ряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде 
Əулиеата бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің от-
ряды Түркістан қаласына барар жолда қоқан əскерлерінің шабуы-
лына ұшырады да бекіністі қоршауға  мəжбүр болды. 9 маусымда 
Түркістан орыстардың қолына өтті. Əулиеата мен Түркістанды тез 
арада алуда əскери операцияларға басшылық жасағандары үшін 
Черняев пен Веревкиннің əскери шендері жоғарылатылып, генерал-
майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар “жоғары 
құрмет” жəне түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне 
көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын ала дайындықсыз 1864 
жылдың 22—23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бұл 
уақытта қоқандықтар Шымкентке едəуір əскери күштерін тартып 
үлгеріп, орыс əскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын 
орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері 
қоқандықтарға қолдау көрсетті. 
Қоқан хандығында  саяси күштердің қарсылығы күшейіп,  хан 
мен оның  төңірегіндегілердің  озбырлығына наразылықтар  көбейе 
түсті. Қоқан мен Бұхара арасындағы қайшылықтар шиеленісті. 
Мұндай қолайлы жағдайды   орыс əскерлері де  өз мүдделеріне пай-
далана білді. Черняевтің алты жарым рота жаяу  əскер мен бір жа-
рым  жүздік казактардан  тұратын отряды  жəне Лерхенің  төрт рота 
жаяу əскер, бір казак  жүздігі мен  мың жарым  қазақтан тұратын  
отряды  Шымкент  түбінде    бірігіп  қалаға  шабуыл  жасап,  1864 
жылдың күзінде оны басып алды.  Түркістан мен Шымкентті  жау-
лап алғаннан кейін  Орынбор мен Сібір шептері  жалғастырылды.
1865 жылы маусымда  бір апта қарсылықтан кейін  орыс əскерлері  
Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында  патша ІІ Александр 
Ташкентті Ресейдің  құрамына қосу туралы  жарлық шығарды. Бір 
жылдан кейін 1867 жылы құрамына  қайта құрылған Жетісу жəне 
Сырдария облыстары кіретін, орталығы Ташкент қаласы болған 
Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғандығы туралы заң жа-
рияланды. 
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды əскери жаулауы Ақмешіт, 
Түркістан, Əулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қор-
ғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс 
əскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яс-
сауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан  
атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне  
зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын 
ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап,  қаза тапқандардың са-


164
165
ны  3170-ке  дейін  жетті,    Сайрам  қаласы  жермен-жексен  етіліп 
талқандалды. Шоқан Уəлиханов өзінің діндестері мен руластары-
на  орыс əскерлерінің  көрсеткен тағылық əрекеттеріне байланысты 
одан əрі жорыққа қатысудан бас тартуға мəжбүр болды. Оңтүстік 
Қазақстан  мен  Орта  Азия  тұрғындары    қарсылық  көрсеткендері 
үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл 
əрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді 
көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 
бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық 
сипаты” деп мəлімдеді. 
Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды  
жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл аумағы  ұзақ уақытқа  
Ресейдің отарына айналды. 1867—68 жылдары Түркістан жəне 
Далалық өлкені  басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылда-
нуымен  Орта Азия жəне Қазақстан — Ресей империясының  отары 
ретінде  заңдастырылды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет