Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы


-тақырып ХІХ  ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет47/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21082
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78
9-тақырып
ХІХ  ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ  
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖƏНЕ 
ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР
Қазақстанда жаңа əкімшілік-аумақтық басқару жүйесінің 
• 
ендірілуі жəне  оған  қазақтардың қарсылығы
Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен 
• 
дүнгендердің қоныс аударуы
XVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен XІX ғасырдағы 
• 
Қазақстан мəдениеті
1.  Қазақстанда  жаңа  əкімшілік-аумақтық  басқару  
жүйесінің  ендірілуі жəне  оған  қазақтардың  
қарсылығы
Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа — патшалық 
Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып 
табылады. Өйткені, ол əкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот 
құрылысы, халыққа білім беру, дін мəселесі сияқты қазақ қоғамының 
шешуші салаларының бəрін қамтыған болатын.
Қазақстанға əкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша 
үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық 
саясатын  күшейту  болды.  Осыған  орай,  1867  жылы  11  шілдеде 
патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-
губернаторлығы  құрылса,  ал  1868  жылы  Орынбор  жəне  Батыс 
Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты 
жəне негізгі міндеті — «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен 
бірте-бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды 
бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті 
ақсүйектерді  биліктен  ысырып  тастап,  ру  басшыларын  əлсіретіп, 
ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай əрі тез жүзеге 
асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің 
қазақ даласының жергілікті тұрғындарын жəне аймақтық табиғат 
байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым 
тиімді жағдай қалыптастыру əрекетінен туған еді.
Экономикалық шаралар негізінде қазақтардың қыстауы мен 
жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, казак əскери бө-


166
167
лімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін «артық» жер  
мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жабдықталды. Мұның өзі 
қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің 
мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя 
отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің 
1886 жылғы Түркістан туралы ережесі жəне 1891 жылғы Далалық 
облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары 
нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін 
тереңдете түсті.
1867—1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ дала-
сын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы 
облыстарға бөлініп, ал облыстар əкімшілік орталықтарына, қазақ да-
ласымен байланыссыз жататын əртүрлі генерал-губернаторлықтарға 
бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары — Орынбор; 
Ақмола жəне Семей облыстары — Батыс Сібір; Жетісу мен Сырда-
рия — Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. 
Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық 
басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 
1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал 
Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне бай-
ланысты Кавказ əскери округінің билігіне өтті. Бұлай бөлшектеулер 
мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері болды. Бұл 
туралы профессор Б. Сүлейменов: «Патшалық үкіметтің ойынша, 
Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен əскери округ-
терге бөлшектеу, қазақ халқының ұлттық бірлігінің қалыптасу жо-
лына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде ұстауды жеңілдетуі 
тиіс еді» — дейді.
1867—1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі 
Қазақстанда күшті əскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол 
аппарат əртүрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе 
төлем, қызметтен босаған кездегі жоғары зейнетақыға қызығатын 
чиновниктерден құралды. Зерттеуші ғалым К.А. Жиреншин өз 
еңбегінде: «Отаршылық  əкімшілік аппараты қазақ даласының 
жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз 
қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез 
ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын. 
Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал-
губернатор, оның кеңсесі жəне тапсырма орындаушы чиновник-
тер құрды. Генерал-губернаторлар əскери жəне азаматтық билікті 
толығымен өз қолдарына жұмылдырды, сонымен қатар қазақ 
даласындағы əкімшілік құрылысының принципі — жаңа отаршы-
лық реформа бойынша билікті толығымен əскери ведомствоның 
қолына беру болды» — деп, патшалық үкіметтің құйтырқы сая-
сатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді.
Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске 
асыратын басқару жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық 
басқармалар, уездік басқармалар жəне жергілікті басқармалар. 
Облыстық əкімшіліктің басқарма басшылығында əскери жəне 
азаматтық билік ететін əскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің 
22—23-бабында дала облыстарының əскери-губернаторлары об-
лыстардағы əскери қолбасшыларға теңестірілетіні көрсетілген 
жəне  де  олар  өз  облыстарының  аумағындағы  орналасқан  казак 
əскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын.
Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың 
басшылығына орыс чиновниктерінің ішінен облыстық əскери-
губернатордың ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін 
уезд бастығы тағайындалды. Жаңа əкімшілік жүйе бойынша 
уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына 
шоғырландырылды.  Ереженің  42—65  баптары  бойынша,  уезд 
бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару 
орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уез-
де тыныштық пен тəртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын 
бақылау жəне халықтың денсаулығын сақтау. Уезде орналасқан 
əскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына 
бағынышты болды.
1867—1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық 
үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға 
көңіл бөлді. Əрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. 
Е.Г.Федоров «Қазақстан — патша үкіметінің отары» атты еңбегінде: 
«Патшалық қазақ тұрғындарының орталықтарын əдейі бөлшектеді, 
барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мəдени 
дамуын тежеп, халықты қараңғылықта ұстауды көздеді»,— деп 
көрсетеді.
Уездер аумақтық белгі бойынша бір болысқа 1000—2000 киіз үй 
жəне бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген 
болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар шаруашылық жағынан 
біріккен ауылдардан тұрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда 
қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды 
түрде жойылды. Ру басында ақсақал тұрғанда, оның сөзі мен ісі 
билік күшке ие жағдайында патша үкіметінің дала тыныштығы үшін 


168
169
қорқуы заңды нəрсе болатын. Граф Паленнің Түркістан аймағын 
тексеру жөнінде есеп беруінде: «Бұл шараны іске асырудағы мақсат 
рулардың үлкен аймақта бір қалыпты орналаспауы əкімшілік 
басқару жүйесіне кедергі туғызды жəне көптеген біріккен ру ба-
сында ру ақсақалдары тұрған жағдайда дала тыныштығын ұстап 
тұруда көп қиындықтар туғызуы мүмкін еді»,— деп ондай биліктің 
күштілік себебін тап басып жазуы осының айғағы. Елге сүйенген 
ру басы кей жағдайда əкімшілік талаптарды орындамауы да əбден 
мүмкін екені шындық.
1867 ж. Ереженің 85-бабына сəйкес болыстардың басында 
қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, ал ауылдардың ба-
сында  старшиналар болды. Ережеде «болыстық жəне ауылдық стар-
шиналарды халық сайлайды» деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда 
сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі 
мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай 
жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын — облыстық 
əскери губернаторы, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы 
бекітетін  еді. Отаршылар əкімшілігі ұсынылған кандидаттар 
көңілінен шықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау белгілеуі де мүмкін 
болатын. Болыс басқарушыларын сайлауға — уезд бастықтары, ал 
ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті 
түрде қатысатын. Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына 
бағынышты болды жəне оның барлық бұйрықтарын орындауға 
міндетті еді, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей 
бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей 
міндеттерді орындады.
Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономи-
калық іс-шараларымен қатар өлкені мəдени жəне рухани жағынан 
да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ісі 
патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы бо-
лып табылатын. Бұл сала патша үкіметі отарлау саясатының 
өзекті құралы десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы 
ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, 
сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сай, 
1867—68 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар 
жан-жақты қарастырылды. Онда: «Дала тұрғындарына бастапқы 
білім беру үшін алғашқы кезде уездік басқарма орналасқан жердің 
бəрінде ұлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу ке-
рек»,— деп көрсетілді. Осыны негізге ала отырып  мектептер, гим-
назиялар ашылды.
1868 жылғы Ереженің 251-бабында діни істер Орынбор муф-
тиінің қарауынан алынып, азаматтық басқарманың қарамағына 
берілді. Молдалар сайланатын болды. Оларды бекіту тұтқасы орыс 
əкімшілігінің қолына тиді. Бастауыш мектептерде мұсылман дінін 
уағыздаушылардың қызметі шектелді. Əкімшілік қазақ мектебіне 
сабақ беретін ұстаздардан орыс тілін білуді талап етті.
Елде орын алып жатқан аумақтық-əкімшілік үрдістер Қазақ-
станның əлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай өзге-
рістер əкеліп, отарлық саясаттың жаңа салық жүйесін енгізді. 
Қазақстанда отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің 
ұлғайғандығына қарамастан салық төлеушілердің басым бөлігін 
көшпенділер құрады. Мəселен, 1880 жылы  90,5 %  құраса, 1897 
жылы  82,0 %-ға жетті.
1867—1868 жылдардағы əкімшілік реформалар қазақтардың 
жаңа көтерілісін туғызды. XІX ғасырдың 60- жылдарының алғашқы 
жартысында Қазақстанда, əсіресе Кіші жүзде отаршылдыққа қарсы 
жаппай халық наразылықтары өріс алды. Көшпелі халықтың ашу-
ызасын туғызған патша үкіметінің салық саясатының күшеюі бол-
ды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер мен ауқатты отбасылар 
бірдей міндеткерлік атқарды. Сондай-ақ, жаңа əкімшілік бөліністер 
ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың маусымдық 
жайылымдарды пайдалану үрдісіне нұқсан келтірді. Салықтар 
мен міндеткерліктердің күрт көбейтілуі мен əкімшілік-аумақтық 
бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай 
облыстарында орын алған ұлттық бас көтерулердің басталуына 
түрткі болды. 1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде 
басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. На-
шар қаруланған, бірақ жер жағдайын жақсы білетін көтерілісшілер 
өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметінің жазалау топтарын 
«қарақшылық» шабуылдарға ұшыратты. 1868 жылы 6 мамырда 
құрамында 200 қылышты жəне жаяу əскері бар Штемпель отряды 
Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен 
кездеседі.  Жазалау  тобы  көтерілісшілерге  тегеурін  бере  алмай, 
жетінші күні азық-түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады.
1869 жылдың наурызы мен маусым айының аралығында болыс, би, 
сұлтан жəне старшиндарға қарсы 41 рет шабуыл ұйымдастырылады. 
Оған 3 мыңға тарта жасақ қатысты. Торғай мен Орал облыстарында 
көтеріліс өртінің ұлғаюына байланысты жергілікті үкімет орында-
рымен қатар орталық үкімет те көтерілісшілерді жазалауға отряд 
топтарын  жөнелтті.  Орал  облысы  аймағына  подполковник  Рукин, 


170
171
граф Комаровский отрядымен бірге, генерал-губернатор Веревкин 
басшылығындағы отряд аттандырылды. Көтеріліс ұйымдаспаған
өзара келіспеушіліктер мен соғыс тактикасының нашар болуына 
орай басылып, жанышталды.
Сол сияқты 1870 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі 
де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық 
жүйесі Маңғыстау халқының үкіметке қарсы наразылығын туғызды. 
Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының 
қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869—1870 жылдар үшін 
шаңырақ  алымын  жаңа  салық  жүйесіне  сəйкес  дереу  енгізуді  та-
лап етті. Көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы 
түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. 
Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай 
жасалған əрекеттері жер-жерде көтерілістің шығуына себеп болды. 
1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен 
тобымен кездесіп, қоршауда қалады. 25 наурызда ашық қақтығыс 
кезінде 20-ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин 
өз-өзіне қол жұмсайды. Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сəуір 
айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына 
шабуыл жасады, алайда, олар сəтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілер 
саны  10  мыңға  жетті.  Патшалық  өкімет  орындары  қазақтардың 
батылдығынан қорқып,  қосымша əскери көмек сұрауға мəжбүр 
болды. Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын 
өзгертіп, көтерілісшілер Үстірттің баруға қиын аудандарына 
шегінді. 
Осы тұста Англия үкіметінің Иранға деген ықпалы арта түседі. 
Патша үкіметі ендігі кезекте Хиуа хандығына қарсы шаралар 
ұйымдастырды. Маңғыстау аймағына Хиуа билеушілері адайлар 
қозғалысын қолдау үшін 4 зеңбірегі бар 6 мыңдық жасақпен қимыл 
жасауды ұйғарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның əскери қыр 
көрсетуі нақты нəтижелер бермеді,  дегенмен аймақтағы жағдайды 
едəуір шиеленістірді.
Маңғыстау аймағы 3 айға жуық патша əскерінің қол астына 
қарады. Патша үкіметі көтерілісшілерді жаппай жазалайды. Осы 
тұста генерал-губернатор Н.А. Крыжановский əскери министр 
Милютиннің «көтерілісшілерді жазалау» туралы нұсқауын жібе-
реді. 1870 жылы желтоқсанда көтеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс 
басшылары И. Тіленбаев, Д. Тəжиев, Е. Құлов жəне олардың серік-
тері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне өтіп кетеді.
Сөйтіп, бұқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі 
қозғаушы күші — қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге 
қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысындағы халықтық-азаттық 
күрес жеңіліске ұшырады. Көтеріліс аяусыз жанышталып, адайларға 
соғыс шығыны ретінде 90 мың қой салық салынды. Маңғыстау 
көтерілісі өз кезегінде патша үкіметінің отарлау саясатына қазақ 
халқының қарсылығының айқын көрінісі болды.
Жалпы XІX ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың 
болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынандай түйін жасауға бо-
лады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген əкімшілік реформалары 
негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде 
империя  құрамындағы  əкімшілік  басқару  жүйесін  орнатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет