Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы


-тақырып ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК



Pdf көрінісі
бет60/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21082
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78
Байланысты:
karazhan ks kazakstan tarikhy lektsiialar kursy

13-тақырып
ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК 
ЖƏНЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА
Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері
• 
Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыру
• 
Халықтың тылдағы ерлігі 
• 
1. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері
30- жылдардағы əлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің 
экономикалық, əлеуметтік жəне халықаралық қатынастарын шиеле-
ністірді. Бұл жағдай əлемдік билікке талпынған күштердің пайда 
болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі — 
Германияда орнаған фашистік тəртіп еді. Батыс мемлекеттері тара-
пынан ұйымдасқан  қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның 
күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер — Герма-
ния мен Италияның милитаристік Жапониямен əскери-саяси одақ 
құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. 
Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польша-
ны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға 
қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 
10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы 
алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен 
КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу 
шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нəтижесінде Германия 
Польшаны  басып  алғаннан  кейін,  Кеңестер  Одағына  Польшаның 
12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек 
бұл  аумақ  Украина,  Белоруссияға  қосылды.  1940  жылы  Германия 
Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы 
мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эсто-
ния Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Ар-
мия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға 
бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия аумағын 
қайтару туралы ультиматум жіберді. Нəтижесінде Буковина мен 
Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның 
қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді. 
Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен батыс 
майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз 
мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, 
Люксембург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бель-
гияны жеңгеннен кейін негізгі күштер  талқандалды. Нəтижесінде 
Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан 
көмек сұрауға мəжбүр болды. 
Сонымен Батыс Еуропадағы əскери іс-қимылды аяқтаған фа-
шистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер 
Одағын басып алуға дайындықты бастайды. Басып алған 
мемлекеттердің экономикалық, əскери ресурстарын өз мүддесіне 
пайдаланып, əбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына 
қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмəнсіз сенді. Ал, 
Сталин  жəне  оның  төңірегіндегілер  1939  жылғы  келісімге  сеніп, 
Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді. 
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. 
“Барбаросса” жоспары 4 əскери топтың келісілген іс-қимылына 
негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон 
Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға 
бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал 
фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал 
фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Мəскеуге бағытталды. 
Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Оңтүстік тобы” 
Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның 
Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мəн 
берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Гер-
ман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл аумақты 
славян  халықтарынан  тазарту  жəне  түрік-моңғол  халықтарын 
жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін 
Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру 
жоспарланды. 
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия əскері Кеңес 
Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес 
халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан 
азат ету соғысы басталды. Кеңестік əскери күш бейбіт уақыт жоспа-
рына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған аумаққа тар-
тылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 
5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға 
қарсы барлық қарулы күшінің 70% — 5,5 млн адамнан тұратын 190 
дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық 


264
265
округтердегі Қызыл Əскер күштерімен салыстырғанда Герма-
ния əскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 
3 есе, артиллериядан — 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан 
шекарашылар, олардың қатарында  Брест қорғаушылары алғашқы 
ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық от-
ряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына 
А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, 
Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов жəне басқа 
қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен 
көзге түсті.  
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар жəне 4 атты əскер 
дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы жəне 50-ге жуық жеке полктер 
мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан 
аумағында жасақталған əскери құрылымдар соғыстың алғашқы 
күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Əсіресе, Мəскеу 
түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. 
Мəскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі — Волоколамск тас 
жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы 
генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік 
танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, 
моторлы жəне екі жаяу əскер дивизияларын талқандады. Мəскеу 
түбіндегі шайқаста, əсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған 
бөлімше — 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, 
асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8- гвардиялық 
деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Ри-
ганы жаудан азат еткені үшін екінші дəрежелі Суворов орденімен 
марапатталды. Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес 
Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск 
түбінде  үлкен  ерлік  көрсетіп  қаза    тапқан  талантты  қолбасшы, 
қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы 
берілді.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мəскеу түбіндегі 
шайқаста  өз  батальонымен  жау  қоршауын  үш  рет  бұзып  шықты. 
Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9- гвардиялық 
атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. 
Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі 
Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды.  Сөйтсе 
де, Б.Момышұлының соғыс  жылдарындағы ерлігі өз дəре-
жесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ə. 
Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Ба- 
тыры атағы берілді. 
И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан 
М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. 
М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан 
тартып алып, 7 сағат бойы ерлікпен қорғады. Шайқас нəтижесінде 
немістер  шегінуге  мəжбүр  болды.  Мəскеу  түбіндегі  шайқастарда 
Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев жəне т.б. қазақстандықтар асқан 
ерлік  танытты.  Бұл  шайқасқа  қазақстандық  238-  дивизия,  19- 
атқыштар бригадасы да қатысты. 
“Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Герма-
ния Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. 
Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кав-
казды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып 
алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген 
ат  қойды.  Фашистер  бұл  жерлерді  жаулап  алуға  үлкен  мəн  берді. 
Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер аумақтарынан мұнай 
тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты. 
Тағы бір себеп — фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порт-
тарын басып алып, одақтастары — Англия, АҚШ-пен байланысын 
үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркəсіптері 
көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық болды. Сондықтан 
фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сəтті аяқталуына 
үлкен мəн берді. 
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 диви-
зия, тамызда — 69, ал қыркүйекте — 81 дивизия аттандырды. Күш 
тең болмады. Өйткені, кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Мəскеу 
бағытында күтіп, негізгі əскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. 
Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға 
түсіріп, шабуыл Мəскеу бағытында қайта жанданады деген ақпарат 
таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей 
қазақстандық  əскери  құрылымдар  қатысты:  292-  атқыштар  диви-
зиясы ретінде қайта құрылған 74- Аралдық атқыштар бригадасы, 
387- атқыштар дивизиясы, 27- атқыштар кейінгі 72 гвардиялық 
дивизия, 75- атқыштар кейінгі 3- гвардиялық атқыштар брига-
дасы. 3- атқыштар бригадасы Сталинград түбіндегі шайқаста 5 
мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін 
тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81- атты əскер диви-
зиясы, 152- атқыштар бригадасы, 129- миномет полкі мен 196- жеке 
көпір құрылысы  батальоны қатысты.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауда-
нында болған əуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Əбдіров 


266
267
өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жер-
ге  бағыттап,  экипажымен  бірге  ерлікпен  қаза  тапты.  Н.Əбдіров, 
минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы 
ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталин-
градта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар 
құрметіне “Казахстанская” аталған көше бар. Бірнеше айға созылған 
Сталинград шайқасы 1943 жылдың басында жаудың жеңілуімен 
аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші 
дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.
1943  жылы  фашистер  Кеңестер  Одағын  басып  алу  мақсатында 
жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” де-
ген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның 
əлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен 
бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде 
болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сəтті аяқталуына 
бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты. “Цитадель” 
операциясына фашистер 900000 əскер қатыстыруды жоспарлады. 
Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: “Рейх”, “Ұлы Герма-
ния”, “Фикинг”, “Адольф Гитлер” жəне  т.б., барлық танктердің 70%, 
барлық ұшақтардың 65% тартылды. 5- шілдеде басталған Курск 
шайқасы шілденің аяғында кеңестер əскерінің жеңісімен аяқталды. 
Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақстандық əскери 
құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 
123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры  атағына ие болды.
1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, 
ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. 
Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл 
операцияның мақсаты — неміс фашистерін Кеңестер Одағы 
аумағынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды. 
“Достық  көмек”  идеологиясын  жамылған  Кеңестер  Одағы 
болашақта азат еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіпті 
кейбір мемлекеттерді өз бақылауында ұстауды көздеді. Өйткені ба-
сты жауы — Германияны  жеңгеннен кейін, Кеңестер Одағы əлем-
дік билікке талпынып, социалистік мемлекеттер жүйесін құруды   
жоспарлады. 
Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен 
ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен 
ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Ба-
тыры атағын алды. Олар — В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, 
Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга жəне т.б.
Словакия аумағын жаудан азат етуге 4- Украина майда-
ны  құрамында  қазақстандық  8-  атқыштар  дивизиясы  қатысты. 
Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының 
құрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен, 
151-  Карпат  полкі  3-  дəрежелі  Кутузов  орденімен,  310-  атқыштар 
полкі 3- дəрежелі Суворов орденімен марапатталды.
72- жəне 73- гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, 
Оңтүстік Чехия, Австрия аумақтарын жаудан азат етуге қатысты. 
Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық М.А.Пупков 
Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны 
азат етуші 105- гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, 
Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті.
Прага операциясына 118, 88, 314, 8- атқыштар, 72- гвардиялық 
атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992- алматылық 
авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк екінші дəрежелі 
Б.Хмельницкий жəне 3- дəрежелі Суворов ордендерімен  үш мəрте 
марапатталды. 992- полк  7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бом-
ба тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 
көпірді жəне т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52- армия 
құрамындағы алматылық 556- эскадрилия ерлікпен көзге түсті. 
Бұл  эскадрилия  тұтқиылдан  4050  шабуыл  жасап,  2350  мəрте  жау 
аумағын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тара-
пынан марапатталады. 
Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар        
2, 8, 5- əуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқа-
стардағы  ерлігі үшін  С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан 
кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: 
Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский жəне Л.И.Беда 2 мəрте 
Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 
жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26- маусымында, соғыстың 
бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастел-
ло экипажының ерлігі емес, капитан А.Масловтың экипажынікі 
екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б.Бейсекбаев 1998 
жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды. 
Берлин операциясына қазақстандық 118-, 313- атқыштар дивизи-
ялары жəне 209- атқыштар полкі  қатысты. Берлин ратушасын алуда 
118- атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше 
шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік 
танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін 
танкпен келеді. Соғыстан кейін  Нақыповтың танкі қала алаңына 


268
269
ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық 
ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. 
Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей 
көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, 
əскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. 
Мысалы, Қарағандының əскери комиссариатына соғысқа сұранып 
өтініш  жазған  арулар  саны  10  мыңнан  асқан.  Семей  қаласы  бой-
ынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, 
Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. 
Майданға аттанған əйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар 
мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі əскери 
құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару 
алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары — Əлия мен Мəншүк 
Қазақстан даңқын əлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген 
қазақ қызы — Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова 
басқарған əйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы бо-
лып 300-ден астам мəрте əуеге көтерілді. 2004- жылы Президенттің 
жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Са-
фарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық 
радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен 
көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке əйелдер 
ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, 
бірнеше марапаттарға ие болды.
Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсе-
не қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 
29 маусымындағы дерективасында жау басып алған аумақтарда жау 
армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын 
құру  көзделді.  Осы  жылдың  18  шілдесінде  БКП(б)  ОК  “Германия 
əскерінің тылында күрес ұйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, 
партизан қозғалысын ұйымдастырды. 1941 жылдың жазынан бастап 
жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы 
жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 
жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының 
ұштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық жəне 
облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды. 
Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан 
қазақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина аумағындағы пар-
тизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап 
айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы 
Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 
қазақстандық болды. Ленинград облысы аумағындағы партизан 
бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия аумағында 1,5 мыңға тарта  
қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жа-
умен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев об-
лысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. 
Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында 
оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов  коммунистік жолда-
мамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы парти-
зан отрядтарының командирі сайланып, Украина аумағында жау-
мен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Укра-
ина аумағында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған 
облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан — Байдаулетов, Шым-
кент облысынан — Ж.Омаров, алматылық — А.С.Егоров жəне 
т.б. қазақстандықтар əртүрлі партизан құрылымдары қатарында 
шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке 
“Халық Қаһарманы” атағы берілді. 
Белоруссия аумағын жаудан азат етуге де қазақстандық парти-
зандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Ста-
росельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. 
Белоруссия аумағында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: 
Ф.Озмитель, Ғ.Омаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмағұлов, 
Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ере-
щенко,  К.Темірханов,  Е.Балабеков,  Т.Жұмабаева  жəне  т.б.  Смо-
ленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 
ұлт өкілінен тұрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан брига-
дасында 19, С.Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше пар-
тизан бірлестігі “Тринадцать” құрамында 48 қазақстандық бол-
ды. Смоленск облысында  қазақстандық партизандар А.Шарипов, 
Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мұқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов жəне 
т.б ерлікпен көзге түсті. 
Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық парти-
зандар əртүрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен 
Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейінгі жылдары орталық партизан штабының 
шешімімен тəжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері аумағын 
аттандырды. Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырыл-
ды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал 
А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, 
А.Г.Акимин — Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Жүздеген 
қазақстандық соғыс тұтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югос-


270
271
лавия, Греция жəне т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық 
күресіне  белсенді  қатысты.  Соңғы  мəліметтерге  сай,  тек  Фран-
ция,  Бельгия,  Италия  аумақтарындағы  партизан  құрылымдары 
қатарында 180 қазақстандық болған.
Соғыстың алдында Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта 
Азия, Солтүстік Иран, Ауғанстан аумақтарын біріктіріп ислам пан-
түріктік  “Гросс  Туркестан”  немесе  “Пантуркестан”  мемлекетін 
құру көзделеді. Бірақ та  “Гросс Туркестан”  идеясы  жүзеге аспа-
ды. Оның орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота жəне жүк тасу-
шылар колоннасынан тұратын Түркістан  легионын құруды жо-
спарлады. 1942 жылы құрылған Түркістан легионы құрамында 
неміс əдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Раух 650 000 адам, ал 
қазақстандық мамандар 180 000 — 250 000 адам болған деген мəлімет 
береді. Түркістан легионын қолдаушы қазақ зиялысы — М.Шоқай 
Түркістан легионы құрамындағы əскери құрылымдарды қажет деп 
таппаған. М.Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды 
қайтадан майданға жіберу адамгершілікке жатпайды, керісінше, 
оларды Германия зауыт-фабрикаларына жіберіп, болашақ Түркістан 
мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын ұсынады. Өкінішке 
орай, М.Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бұл идея-
сы  жүзеге  аспайды.  Фашистер  Түркістан  легионы  құрамындағы 
бір батальонды 1942 жылы алғаш рет Воронеж майданы маңында 
қызыл Армияға қарсы соғысқа қатыстырады. 193 легионер соғыспай 
Қызыл Армия жағына шығып кетеді, ал батальон басшысы Бақыт 
Байжановты  фашистер  тұтқындайды.  Өйткені,  легион    құрамына 
əскери тұтқындардың басым бөлігі фашистік концлагерьлерден 
шығу мақсатымен ғана кірген. Олардың көбі жергілікті парти-
зандармен байланысып, фашистерге қарсы партизан қозғалысы  
құрамында соғысады. Майданға түскен жағдайда Қызыл Армия 
жағына өткен. Өкінішке орай, бұл жағдай ескерілмеген. Отанында 
олар “РКФСР Қылмыстық істер кодексінің” 58-1 б, 58-3, 58-9, 59-10, 
58-11 баптарымен жазаланып, “сатқын” деген лақапқа ие болып, 
үрім-бұтақтарына дейін қудаланды. Француз тарихшысы Клод 
Дельпла түркістандықтар партизандық қозғалыстарға көптеп тар-
тылып, үлкен ерліктер танытты дейді. Ал, неміс тарихшысы Па-
трик фон Мюллер олардың қиын тағдырын аяп, свастика мен қызыл 
жұлдыз арасында қалғандар деген сипат береді.
Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар са-
нына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда  6,2 млн. адам 
тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам 
аттанды. Сталиндік тəртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тəжіри-
бесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Бұл 
батальондар Орта Азия жəне Қазақстанның жергілікті халқынан 
жəне қуғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан 
əскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам 
жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс 
объектілерінде еңбек етті. Осылайша əрбір төртінші  қазақстандық 
қорғаныс  жəне  майдан  объктілеріне  тартылған.  Республиканың 
мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Гер-
мания халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 
24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50—60% 
қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркəсіп жұмысшылары 
соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен 
дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым 
болды. 
Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар 
санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы 
мəліметтерде соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 
000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл 
қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқандардың саны. Егер осы 
тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің 
санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, та-
тар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық 
шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған 
орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  
қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға 
өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, 
оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры 
атағын алуы — ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып 
алға шыққанын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет