272
273
құру қиын болды. Бірінші кезекте елдің қорғаныс мұқтажына
жұмыс істейтін халық шаруашылығы материалдық жəне адам ре-
сурстарымен қамтамасыз етілді. Халық шаруашылығы салала-
рында негізінен əйелдер, қариялар, жасөспірім балалар еңбектенді.
Соғыс уақытының талабына сай жұмыс күні ұзартылды жəне еңбек
демалыстары жойылды. Барлық азық-түлік пен шикізат қорлары
майданға жіберілгендіктен, халық азық-түлік жəне өнеркəсіп
өнімдерімен белгіленген мөлшерде ғана қамтамасыз етілді.
Соғыстың алғашқы күндерінде КСРО үкіметі жанынан эвакуа-
ция жөніндегі Кеңес құрылды. Ал, Қазақ КСР Халық Комиссарлар
Кеңесі жанынан эвакуациямен келген халықты, өнеркəсіп орында-
рын орналастыру жөніндегі бөлімдер ашылды. 1941 жылдың жа-
зынан бастап Қазақстанға көшірілген халықты əкелген эшалондар
келе бастады. Қазақ Республикасына əсіресе, 1941 жылғы тамыз-
желтоқсан айларында халық көп келді. 1941 жылдың аяғында
тылға көшірілген 12 млн. халықтың 386492-сі
Қазақстанға орнала-
стырылды. Бұл көрсеткіш 1942 жылы 532,5 мыңға өсті. Жергілікті
өкімет ұйымдары эвакуациямен келген халықтың мұқтажын
қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырды.
Соғыстың алғашқы айларынан бастап Қазақстанға батыс
аудандардағы өнеркəсіп орындары көшіріле бастады. 1941 жылы
28 қыркүйекте Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь станок зауыты
көшіп келді. Петров атындағы мұнай жабдықтарын жасайтын за-
уыт Гурьевке, Пархоменко атындағы шахта жабдықтарын жасай-
тын зауыт Қарағандыға көшірілді. Қазақстан аумағына көшірілген
өнеркəсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне жақын жерлерге
орналастырылды. Ақтөбе ферросплавл зауыты Запорожье фер-
росплавл зауыты жабдығын, Өскемен қорғасын мырыш комбина-
ты, Орджоникидзе түрлі-түсті металл зауытын, Ворошилов ауыр
машина жасау зауытын Алматы авторемонт зауыты қабылдады.
Алматыдағы құрылысы толық аяқталмаған авторемонт зауыты Лу-
ганск ауыр машина жасау зауытын, республикамыздың оңтүстігі
Украинаның 14 қант зауытын қабылдады.
Өнеркəсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды: 1941 жылдың
соңынан 1942 жылдың басына дейін, 1942 жылдың басынан
күзіне дейін. 1941 жылдың күзінде
Қазақстанға УКСР-нен, БКСР-
нен, Ленинград пен Москвадан өнеркəсіп орындары көшірілді.
Тек Украинадан 70 шақты зауыт, фабрика, электростанция, депо,
механикалық шеберханалар келді. Олардың ішінде Қазанның
ХХ жылдығы атындағы станок жасайтын зауыт, № 24 зауыттың
Харьковтік ұшақ цехы, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты,
“Трансвязь” электромеханикалық зауыты, Пархоменко атындағы
Луганск машина жасау зауыты, Киев ет комбинаты жəне т.б болды.
Мəскеу жəне Мəскеу облысынан рентген, Дзержинский атындағы
электротехникалық зауыт, Курчатовск мехзауыты, “Изолит” зау-
ыты, “Красный факел” зауыты көшірілді. Тек Гурьев арқылы 1942
жылы тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанға 24 000 тонна əр
түрлі өнеркəсіп жабдықтары көшірілді.
Жеңіл өнеркəсіп орындары да Қазақстан, Орта Азия аумақтарына
көптеп көшірілді. Атап айтқанда, Киев, Азов, Артемов аяқ-киім
фабрикалары негізінде Семей аяқ-киім фабрикасы, “Парижская
коммуна” аяқ-киім фабрикасы негізінде Қарағанды, Қызылорда,
Алматы аяқ-киім фабрикалары құрылды. Қазақстанға 53 жеңіл
өнеркəсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл
өңдейтін,
аз литражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін ма-
шинасын жасайтын зауыттар əскери жабдық, қару-жарақ шығаруға
негізделіп қайта құрылды. Көшірілген өнеркəсіп орындарымен бірге
республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының
құрылысшылары, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы
мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000-ға тарта инженер-техник
мамандары қоныс аударды. Жау уақытша басып алған жерлердегі
өнеркəсіп орындары Қазақстанға көшіріліп,
орналастыру шаралары
6 айға созылды.
Отанға төнген қауіп Кеңестер Одағының барлық ұлттары мен
халықтарын тығыз біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап
Қазақстан еңбекшілері жоғары ұйымшылдық көрсетіп, Отанының
бостандығы мен тəуелсіздігі үшін еңбектенуді басты мақсаты деп
шешті. 1941 жылдың 16 тамызында БКП (б) ОК-мен КСРО ХКК По-
вольжье, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан жəне Орта Азия аудандары-
на 1941 жылдың 4- тоқсанына жəне 1942 жылға арналған жоспарды
бекітті. Бұл жоспар бойынша əскери техника, жабдықтар, оқ-дəрі
өндіруді ұлғайту жəне металлургия, көмір салалары өнімдерін
асыра өндіру, стратегиялық шикізат шығаруды арттыру көзделді.
Өйткені 1941 жылдың өзінде жау КСРО аумағының көп бөлігін жау-
лап алды. Жаулап алынған аумақтарда өндірілетін шикізат ендігі
жерде Қазақстанда бірнеше рет көп мөлшерде өндірілді. Донецк, Мо-
сква түбіндегі көмір бассейндерінен көмір өндіру мүлдем тоқталды.
Сондықтан соғыс мүддесіне көмір өндірудің барлық ауырлығы
Қарағанды көмір бассейніне түседі. Қарағанды көмір бассейні соғыс
жылдарында алдағы жылдармен салыстырғанда
көмірді төрт есе
274
275
артық өндірді. Соғыс жылдары 18 жаңа шахта ашылды. 1945 жылы
конструктор С.С.Макаров əлемдегі ең алғашқы көмір комбайнын
Қарағанды жерінде ойлап тапты. Қарағанды көмірі Орал, Орск-
Халиловск, Поволжье өнеркəсіп орындарын, темір жол транспор-
тын отынмен қамтамасыз етті.
Соғыс жылдары мұнай өндіру 3 есеге көбейді. “Қазақстан
мұнай” ұжымы тəулігіне 12 сағат жұмыс істеді. “Ақтөбе мұнай”
ұжымы Жақсымай мұнай шығару объектісін жұмысқа қосса, Гу-
рьев облысының мұнай құбырларында мұнай өндірісін арттыру-
ды қолға алды. Ұжымдар арасында социалистік жарыстар кеңінен
қанат жайып, жарысқа қатысқан 9340 мұнайшының 5800-і жұмыс
нормасын 101—200%, 218-сі — 200—300 %, 23 мұнайшы 300 % асы-
ра орындады. Ембі-Құлсары мұнай өндірісін басқарған мұнайшы
инженер Сапы Өтебаев 1941 жылы 29 ұңғыны жұмысқа қосып,
тəуліктік өнімді осы жылы соғысқа дейінгі көрсеткіштен екі есеге
көбейтті. Соғыстың тек алғашқы жылы жаңа 4
мұнай өңдеу орын-
дары жұмысқа қосылды.
1942 жылы неміс-фашистер əскері Волгаға шығып, Солтүстік
Кавказ аумағын басып алуына байланысты, мұнай өнеркəсібінің
жағдайы қиындады. Сондықтан Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті
мұнай өндіруде Қазақстанға үлкен үміт артады. Ембі мұнайшылары
1942 жылы тəулігіне 2500 т. мұнай өндірсе, 1943 жылы — Мемлекет-
тік Қорғаныс Комитетінің тапсырмасын орындау барысында мұнай
өндіруді 4500 тоннаға жеткізуді ұйғарды. 1943 жылы 18 мамырында
Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті “Қазақстан мұнай комбинатында
мұнай өндіруді жүзеге асыру шаралары” деген қаулы қабылдайды.
Қаулы бойынша мұнай өндіруді барынша күшейту жəне комбинат
жанынан барлау бөлімін ашу жолға қойылды. Нəтижесінде осы
жылы Кавказ жəне Қазақстан мұнайын майданға жеткізу жолда-
ры салынып, майдандар өз мерзімінде жанармаймен қамтамасыз
етілді. 1943 жылы “Қазақ мұнай” ұжымы Мемлекеттік қорғаныс
комитетінің Қызыл Туын 5 рет иемденіп, мұнай өңдеуде жоғары
көрсеткіштерге жетті. 1944 жылы “Қазақстан мұнай комбинаты”
ұжымы 15 рет Бүкілодақтық жарыстардың жеңімпазы аталып, 10 рет
ОАК мен Қазақстан коммунистік партиясының Туларын иемденді.
1944—1945 жылдары бұл ұжым 11 рет Қорғаныс Комитетінің Туын
иемденіп, бүкілодақтық жарыстың 2,3- орындарын жеңіп алды.
Соғыс жылдары қорғаныс өнеркəсібі үшін Қазақстан метал-
лургтері күні-түні еңбек етті. Өндірілген 100 т. молибденнің 60 тон-
насын Шығыс Қоңырат руднигі өндірді. Қазақстан
соғыс жылдары
Одақ бойынша өндірілген барлық қорғасынның 85%, полиметалдың
— 70 %, висмуттің — 50%, вольфрамның 20% өндірді.
Тоталитарлық тəртіптің қылмыстарының бірі — халықты де-
портациялау, яғни оның этноəлеуметтік жəне аумақтық бірлігін
күштеп бұзу болды. 30- жылдары жүзеге асырыла бастаған депорта-
циялау науқаны екінші дүниежүзілік соғыс жылдары күшейе түсті.
Негізсіз айыппен 1941 жылы поляктар мен 361 мың Волга бойының
немістері шұғыл түрде көшіріліп, Қазақстанның 12 облысына жер
аударылды. Қазақстанға жер аударылар алдында олардың мал-
мүлкі толығымен тəркіленіп, өкімет тарапынан ешқандай көмек
көрсетілмеді. Олар тек жергілікті халық тарапынан қолдау тапты.
Кеңестік немістерге əкімшіл-əміршіл жүйе Отанын қорғауға рұқсат
етпеді. Сондықтан қолына қару алып, фашистермен соғысу үшін
көптеген немістер фамилияларын өзгерткен. Мысалы, Вольдемар
Венцель Венцов деген фамилиямен соғысып, көптеген медальдар
мен Қызыл Ту орденімен марапатталған. Павлодарлық П.Шмидт
азербайжан тілін білгендіктен Али Ахметов деген атпен, Иван Гар-
вард Громов деген фамилиямен соғысқа қатысады. Соңғысы Кеңес
Одағының Батыры атағын иеленді. Оның есесіне 1942 жылдан ба-
стап 15—60 жас аралығындағы немістер еңбек
армиясына мобили-
зацияланады. Еңбек армиясы күшпен еңбек ету лагерьлерінде тұрды
жəне оларды ІІХК-ның қарулы əскер бөлімшелері күзетті.
1943—1945 жылдар аралығында республиканың 4 облысы мен
145 ауданына 507 мың карашайлықтар, балкарлар, шешендер, ин-
гуштар, қалмақтар, 110 мың месхеттік түріктер мен күрдтер, 180
мың Қырым татарлары жер аударылады. Əкімшіл-əміршіл жүйе бұл
халықтарды азаматтық құқықтарынан айырып, жойып жібере жаз-
дады. Бұл фактілер Кеңестер мемлекетінде сөз жүзінде халықтар
достығы, теңдігі туралы көп айтылғанымен, іс жүзінде ұлттық
саясаттың бұрмалағандығын көрсетеді.
Осындай халықтың жанқиярлық ерлігінің нəтижесінде кеңестік
экономиканың өсу қарқыны соғыс алдындағы бес жылдықтар
көрсеткіштерінен жоғары болды. Нəтижесінде тек 1942 жылдың
өзінде КСРО Германиямен салыстырғанда танкті 3,9 есе, ұшақты
2 есе, артиллериялық қару-жарақты 3 есе артық өндірді. Ал, 1944
жылы кеңестік индустрия сөткесіне бір танк бригадасы мен полкін,
3 авиация полкін жабдықтауға жарайтын əскери техника шығарды.
Оған Қазақстан экономикасы да өз үлесін қосып, соғыс өнімдерінің
басым бөлігін өндіріп, уақытымен майданға жеткізіп тұрды.