278
279
ауылшаруашылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспа-
рын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге
1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12—16 жас арасындағы
жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын
орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған
қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе
тəртіптерінен жоғары тұрды.
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына
алынған
қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шым-
кент теміржол жүйесінің комсомолдары Мəскеу түбіндегі майданға
танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды.
Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан
қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың
қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград
майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында
жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері”
фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері”
атты коллоннаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен
жоғары оқу орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк
колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонна-
лары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық
ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Ал-
маты қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл
кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға
жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға
И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар,
Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатаев атындағы суасты қайығы жа-
салынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке
жинағынан май-
дан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен
əскер бөлімдерін шефтікке алып, жауынгерлерге 2 млн. астам жылы
киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті.
Сонымен қатар, қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға
қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал
облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Ленинград облысының 12
қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге
көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кав-
каз, Белоруссия, Украина жəне т.б. республика тұрғындарына
көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталин-
градта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына
келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол
аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды
қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.
Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен
үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандары-
нан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде
толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым инсти-
туттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының
физиология институты, Украина Ғылым Академиясының физика-
механика институты, Мəскеу, Ленинград, Киев институттары бол-
ды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев,
И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков,
С.Н.Бернштейн жəне т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға
Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден
аса жазушылар уақытша
көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков,
К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко
сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын
Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы
аңызы”, М.Əуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы,
С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”,
Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық
өрендерімі” дүниеге келді.
Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық
мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941—1945 жыл-
дары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес
киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді.
Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищают Родину”, “Воздуш-
ный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из на-
шего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино
қызметкерлері мен əртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн,
Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васи-
льев, И.Пырьев, Л.Орлова, Н.Крючков, В.Марецкая жəне т.б. Орта-
лық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов,
Ə.Тəжібаевтің қатысуымен “8- гвардиялық”, “Абай өлеңдері”, “Жау-
ынгер ұлы”, “Саған, майдан” фильмдері түсірілді.
Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық
бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, əдебиет пен тарих,
химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология жəне
өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сəтбаев бастаған қазақстан-
дық ғалымдар қара, түсті жəне жиі кездесетін металдарды, тау пай-
280
281
далы қазбаларын, су жəне гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс
қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді.
Соғыс жылдары Қазақстанға
жоғары оқу орындары көшіріліп,
көптеген орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен
интернаттар ашылды. Олардың ішінде — Мəскеу авиация институ-
ты, Мəскеу түсті металл жəне алтын институты, біріккен Украина
мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Ал-
маты мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық
институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық институты ашылды.
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фа-
шизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан
үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған
қазақстандық батырлардың есімі əрқашан ел есінде сақталады.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін,
барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің ор-
нын əйелдер, қариялар мен балалар алмастырды.
Тыл еңбеккерле-
рінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық
ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін та-
нытты.
Достарыңызбен бөлісу: