Лекция №17,18
Дидактика оқыту және білім беру теориясы ретінде
Лекция жоспары:
1.Дидактика - оқыту және білім беру теориясы.
2.Дидактиканың негізгі категориялары.
3.Оқытудың психологиялық негіздері.
4.Қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі.
5.Дидактикалық құзыреттілік - мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің
құрылымдық компоненті .
1.Дидактика - оқыту және білім беру теориясы.
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйретуші, didaskalos - мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін ғылымының саласы.Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістері және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592- 1670). Оның «Ұлы дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған. XVIIғ. швейцар Иоганн Генрих Песталоцци (1746- 1827), XIXғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервектер (1790- 1966) оқыту дидактикасының негізін жасады. К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий үлкен үлес қосты.Педагогика ғылымының «Дидактика» саласына белгілі қазақ педагог -ғалымдары ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов , Шарапи Әлжанов өз уақыттарында еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.
Дидактика ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы В. Ратке (1571 - 1635).
Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселелері: оқыту мазмұны, процесі, әдістері, түрлері, принциптері, және т.б .
2.Дидактиканың негізгі категориялары.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |