Алдыналатексеру. Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, процестің тиімділігін талдап , өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды.
Ағымдағыбақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады.
Тақырыптықбақылау үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі. Білімді тест арқылы тексеру үшін мамандардың тестілерін қолданған дұрыс .
Қорытындынытексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу материалы жүйеленеді және талдап қорытылады.
Білімді тексерген кезде ең алдымен өз бетімен оқу үшін өте маңызды болып табылатын білімдегі кемшіліктер анықталады.
Лекцияжоспары: 1.ТПҮ-тің оқыту құралдары - іс-әрекет түрлері .
2. Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік,олардың өзара байланысы. 3.Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары.
4. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары.