Бақылаужұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары өткізіледі.
Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.
Өзін-өзібақылауәдістері. Өзін-өзі бақылау әдістері - оқушылардың оқу жұмысының маңызды элементі. Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру, әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
Оқушылардыңүйжұмысынтексеру - бастауыш мектептегі негізгі әдістердің бірі. Күнбе-күнгі тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді. Дәстүрлісі және тиімдісі - оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерді тексеру. Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады.
Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды, курстың бөлімдерін немесе тұтас курсты оқып үйренудің қорытындылары шығарылады. Оқушылар монолог түрінде жауап бере алады. Сұрақ-жауап арқылы және алдын ала әзірленген сұрақтар, тапсырмалар арқылы да оқушылардың білімдері тексеріледі.
Оқытунәтижелерінбағалау. Бақылау - білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру - бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.