Лекциялар Лекция №1 Заманауи педагогика адам жайлы



бет79/108
Дата25.11.2023
өлшемі0,79 Mb.
#126021
түріЛекция
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Сабақ құрылымы - бұл белгілі бірізділікті және өзара қарым-қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым әрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тәуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады: дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік және дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы. Оқу дәрістерін өткізу тәсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары және т.б .
Дәріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.


Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дәрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған. Сабақтан басқа да, жоғарыда айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формасы баршылық. Олардың арасында аса ерекше көзге түсетіні - дәрісбаян (лекция).
Дәрісбаян - оқу процесінің өзіндік анайы құрылымымен танылған тәлім-тәрбие формасы. Дәрістің басынан ақырына дейін мұғалім жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дәрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тәсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дәріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау- қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады. Дидактикалық мақсаттарына және оқу процесіндегі орнына байланысты дәрісбаян: кіріспе, айқындау, ағымдық, қорытындылау және шолу- түрлерімен ажыралады. Құрылымдық жағынан, әдетте, дәрісбаян үш: кіріспе, негізгі және қорытынды - бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады, негізгі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық және практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады, олар арасындағы байланыстар, қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады, қалыптасқан тәжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мәні - мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, қорытынды ой -сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.
Семинар - меңгеріліп жатқан мәселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дәрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша әдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі және бақыланады; дүниетанымдық бағыт -ұстанымдары, бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет