Лекциялар мазмұны


Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде орын ауыстырғанда істелетін жұмыс



бет37/58
Дата16.10.2023
өлшемі366,58 Kb.
#115692
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде орын ауыстырғанда істелетін жұмыс.Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, мысалы, электромоторларда электр энергиясын алу үшiн қолданылады. Сыртқы магнит өрiсiнде тогы бар өткiзгiш еркiн қозғалатын болсын. Олай болса, магнит өрiсiнде тогы бар өткiзгiш орын ауьтстырғанда ампер күшiнiң әсерiнен жұмыс iстелiнедi. Ендi осы жұмысты есептейiк. Ол үшiн ұзындығы түзу өткiзгiштiң бойынан I ток өткенде оның қозгалысын өткiзгiштiң ұштары мен тұйық тiзбектiң басқа бөлiктерi арасындағы жылжымалы контактiлер арқылы жүзеге асырайық. Магнит өрiсi бiртектi және контур жазықтығына перпендикуляр болсын. Мұндағы ток пен өрiс бағытында күш оңға бағытталып, ол Ампер заңы бойынша мынаған тең:
.
Осы күштiң әсерiнен өткiзгiш х ара қашықтыққа орын ауыстырған кездегi магнит өрiсiнiң жұмысы мына шамаға тең болады
.
мұндағы - еткiзгiштiң жүрiп өткен магнит өрiсiнiң ауданы. Ендi жұмыстың шамасын басқа түрде жазып керсетейiк
.
Соңғы өрнектегi . ауданы арқылы өтетiн магнит индукциясының ағыны болып табылады. Олай болса жұмыс шамасы мынаған тең болады:
. (17)
Сонымен, магнит өрiсiнде тогы бар өткiзгiш орын ауыстырғанда iстелетiн жұмыс ток күшi мен ауданы арқылы өтетiн магнит ағынының көбейтiндiсiне тең болады. Бұл алынған қорытындыны бiртектi емес өрiс жағдайында да оңай жалпылауға болады.


Бақылау сұрақтары

  1. Токтардың өзара әсерлесуінің Ампер заңын тұырымдаңдар.


  2. Магнит өрісінің басты қасиетін айтыңдар.


  3. Магнит индукция векторы дегеніміз не?


  4. Магнит индукция векторының бағыты қандай?


  5. Био-Савар-Лаплас заңын жазып оның физикалық мағанасын түсіндіріңдер.


  6. Био-Савар-Лаплас заңын қолданып түзу токтың және шеңберлі токтың магнит өрісін есептеңдер.


  7. Екі параллель токтардың өзара әсерлесу күшін табыңдар.


  8. Магнит өрісінің кернеулік векторының циркуляциясы туралы теореманың мәні неде?


  9. мен векторларының циркуляциясын салыстырып қандай қорытынды жасауға болады?


  10. Соленоидтағы токтың магнит өрісін векторларының циркуляциясын қолданып қорытыңдар.


  11. Магнит ағыны дегеніміз не?


12. Магнит өрісі үшін Остроградский-Гаус теоремасын жазыңдар.


10 Лекция. ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНИТ ӨРІСІНІҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗАРЯДҚА ӘСЕРІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет