Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет


Омыртқалы жануарлардың шырышты эпителий



Pdf көрінісі
бет19/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
 
Омыртқалы жануарлардың шырышты эпителий 
қабаттары 
Жоғарғы сатылы жануарлардың шырышты эпителийі бүкіл 
асқорту жүйесін, тыныс алу жүйесін, жыныс жəне зəр шығару 
жолдарын алып жатады. Шырышты эпителий мынандай қызмет 
атқарады: 
1. 
Қорғаныштық (ішкі ортамен сыртқы ортаның) 
2. Зат алмасу қызметін- секрет бөлу, кейбір жағдайда 
оларды жинақтау. 
3. 
Сұйық 
заттарды 
жəне 
қатты 
түйіршіктерді 
шырышты қабаттар арқылы жылжыту. Астың, бөгде заттардың, 
жыныс органдардың продуктыларын, зəрдің жəне слиздің 
жылжуы. 
Шырышты эпителийдің құрылымы оның атқаратын 
қызметіне байланысты болады. Қорғаныштық қызметін іске 
асыру үшін клетканың апикальді бетінде талшықтар мен 
микробүртіктер болады ал көп қабатты эпителийде- мүйізді 
құрылым болады. Клетка байланыстары жəне клетка 
органоидтары жақсы жетілген. Эпителий қабатында бір 
клеткалы бездер орналасады. 
Ас қазанның шырышты эпителийі. 
Омыртқалы жануарлардың ас қорту жүйесінің алдыңғы 
бөлімінің эпителийі жақсы зерттелген. Өңештің эпителийінің 
құрлысы оның тек қана жапырақшадан пайда болуында ғана 
емес, жануарлардың қандай тамақпен тамақтануына да 
байланысты. 
Адамдарда жəне сүтқоректілерде өңештің эпителийі көп 
қабатты болып келеді. Сыртқы қабаты кейбір жануарларда 
мысалы жыртқыштарда мүйізделеді, ол қатты тағамдармен 
тамақтануына 
байланысты. 
Базальді 
қабатында 
толық 
қалыптаспаған клеткалар кездеседі. Негізінде бұл эпителий тері 
эпителийіне морфология жағынан өте ұқсас келеді. 
Құстарда өңеш эпителийі көп қабатты болып келеді. 
Көбінесе шырышты-талшықты. Бауырмен жорғалаушылар да 
(рептилийде) жабынды эпителийден айырмашылығы бар. Бұлар 
негізінде көп қабатты кейде көп қатпарлы призма тəрізді 


56
эпителийден құралады. Олардың құрамында шырышты 
эпителий көп кездеседі. 
Амфибийде жəне кейбір балықтарда (бекіреде) өңештің 
эпителийі көп қатарлы, шырышты, талшықты. 
Салыстырмалы гистологиялық зерттеулер бұлардың бəрі 
энтодермадан пайда болғанын көрсетеді. Филогенезде жəне 
онтогенезде эпителий бір қабатты негізгі ішектен пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет