80
береді.
Көршілес клеткалардың плазмолеммаларының арасында
ені 20-30 нм болатын кеңістік болады.
Миофибрилдер ендірмелі пластинка аймағында Z жолақ
деңгейінде плазмолемаға бөлінеді. Бұл жерде плазмолемма
қалыңырақ болады Z-жолағының затымен араласып кетеді.
Ендірме
пластинкасының
фибриллярлы
аймағында
қалыптасады. Кейбір көршілес бұлшық ет клеткаларының
арасында плазмолеммалардың түйісуі жүзеге асады. Олар тығыз
немесе саңылау тəрізді байланыстар түзеді.
Жүректің бұлшық ет клеткалары плазмолеммадан басқа
базальді мембранамен қапталған. Клеткалардың арасынан
дəнекер ұлпалардың қабаттары, көптеген қан тамырлар жəне
нерв талшықтары өтеді.
Жүрек бұлшық еті күшті жиырылғыш қасиетке ие, бірақ
жиырылудың қарқындылығы мен жиілігі нерв импульстарымен
реттеліп отырады. Жүректің қалқаншасы мен құлақшасымен
жиырылуындағы келісімділік жүректің өткізгіш жүйесін
құрайтын арнайы бұлшық ет клеткаларының жұмысымен
байланысты. Бұл жүйе импульстің құлақшадан қалқаншаға
өтуіне қатынасады.
Өткізгіш жүйенің бұлшық ет ұлпасы өткізгіш бұлшық
етті қалыптастырады. Олар əлсіз жиырылғыш болып келеді,
бірақ импульсті құлақшадан қалқаншаға өткізуге үлкен қабілетті
болып келеді. Өткізгіш жүйенің цитоплазмасында гликоген
жəне аздаған митохондриялар кездеседі. Көлденең жолақты
мифибрильдер сирек орналасқан. Өткізгіш жүйенің бұлшық ет
клеткаларындағы Т-жүйесінің каналдары кездеспейді ядро
орталыққа орналасқан. Өткізгіш жүйелердің клеткалары жақсы
жүйкеленген.
Жүрек бұлшық етінің құрылысы
Достарыңызбен бөлісу: