85
Нейроглияның классификациясы:
Эпендима-ең ерте дамыған. Төменгі сатыдағы жануарларда
көп кездестіреміз. Бұлардың орналасатын жері-нерв жүйесінің
орталық каналында жəне ми қарыншаларында.
Астроглия-бас миында жəне жұлында орналасады.
Олардың клеткасының формасы жұлдыз тəрізді. Астроглия 2-ге
бөлінеді: 1. Плазматикалық астроглия 2. Талшықты астроглия.
Плазматикалық астроглия мидың сұр затында орналасады.
Бұл клетканың денесі көлденеңінен қарағанда 15-20мкм жəне ірі
сопақша ядросы болады. Плазматикалық астроглия қысқа жəне
жуан өсінділерімен сипатталады. Цитоплазмасы талшықты
астроглияға қарағанда мөлдір болады.
Электронды микроскоп
арқылы
плазматикалық
астроглияның
цитоплазмасында
фибриллдің жұқа жəне жекеленген микротүтіктерді көруге
болады.
Талшықты астроглия-мидың ақ затында орналасқан. Бұл
клетканың денесінің диаметрі 10-20мкм. Осы клетканың ұзын
өсінділері қан
тамырлармен байланысты болады, ал қысқа
өсінділері мидың жұмсақ қабығымен байланысты болады.
Жарық микроскоп арқылы талшықты астроглия өсіндісінде
көптеген агрофильді фибрильдерді көруге болады.
Электронды
микроскоппен
қарағанда
бұл
фибрилдер
көптеген
протофибрилдердің шоғы екенін көреміз. Цитоплазмасында
микротүтіктер болады. Астроглияның бұл екі түрі де қорек
қызметін атқарады.
Олигодендроглия-денесі одан
тармақталған өсінділері
болады. Бұл клетканың денесінің формасы бұрышталған
болады.
Бұлар
қан
тамырларды
қоршап
жатады.
Олигодендроглия клеткасы мидың ақ жəне сұр затында
орналасқан. Олар нерв талшықтарының
арасында қатарласып
орналасқан. Цитоплазмасында көптеген микротүтіктер болады.
Торлы аппарат жəне түйіршікті ретикулум жақсы дамыған.
Олигодендроглия клеткасы нерв жүйесін қоректендіреді жəне
секреторлық қызмет атқарады.
Мультипотенциалды глия. Соңғы жылдары макроглия
клеткасының 4-ші түрі анықталып,
оған мультипотенциалды
глия деген атақ берілді. Оның клеткасы ұсақ жəне өсінділері
болады. Электронды микроскоп арқылы оның цитоплазмасында
86
жекеленген лизосомаларды табуға болады.
Нейрофибрильдер
Достарыңызбен бөлісу: