Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет33/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Нерв ұлпасы 
Дененің өзара қатынасы мен əрбір органдардың байланысы 
нерв жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 
Нерв ұлпасы органдардың əрекеттерін реттеп, тұтас 
организмнің тіршілігін үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайына 
бейімдеп отырады. Сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап 
беру 
түрінің 
негізгі 
бір 
қасиеті. 
Сыртқы 
ортаның 
тітіркендергіштеріне организмнің нерв жүйесі арқылы жауап 
беруін рефлекс деп атайды. 
Дененің ішкі жəне сыртқы нерв ұлпалары тітіркенгенде 
қозу туады. Пайда болған қозу сезімтал нерв арқылы орталық 
нерв жүйесіне өтеді. Ал орталық нерв жүйесіндегі қозу 
қозғалтушы нерв арқылы органға жетіп, оған қызмет жүктейді. 
Қозу өтетін жолды рефлекс доғасы дейді. Рефлекс арқылы 
организм 
орта 
жағдайына 
бейімделеді. 
Жануарлардың 
филогенездік дамуында нерв жүйесі ұзақ эволюциялық 
кезеңдерден өтті. Құрылысы күрделенген сайын олардың 
сыртқы ортаның əсеріне жауар беру түрлері де күрделене түсті. 
Нейрон- тітіркендергішті қабылдап, өңдеп, оларды дененің əр 
органдарына 
немесе 
нейрондарына 
өткізетін 
күрделі 
маманданған нерв клеткасы. 
Нейрондар нерв жүйесінің орталықтары мен талшықтарын 
жəне ұшты аппараттарын құрайды. Орталықтар деп бір 
нейроннан екінші нейронға импульс өткізетін бөлімдерді 
атайды. 
Нерв ұлпасы нерв ситемасын құрайды. Нерв ұлпасы 
нейрондардан жəне нейроглиядан тұрады. Нейрондардың 
құрылысы жағынан: униполярлы, биполярлы, мультиполярлы 
болады. Өсінділері аксон жəне дендрит деп аталады. 
Қызметтеріне қарай сезгіш, ассоциативті, эффекторлы. 


83
Ассоциативті келген информацияға талдау жасалады. 
 
 
Нейрон. 
Нейронның денесі (перикарион) жəне өсінділері болады. 
Өсінділері 2 түрлі: ұзын жəне қысқа болады. Ұзын өсіндісі-
аксон, қысқа өсіндісі-дендрит деп аталады. Аксон əсер ететін 
мүшелерге 
барып, 
жіңішке 
тармақтарға 
бөлінеді 
де, 
рецепторлерге айналады. Ал дендрит қозуды қабылдап денеге 
өткізеді. Нейрондар 1. Униполярлы (жалғыз өскіні бар) 2. 
Биполярлы (екі өскіні бар) 3. Мультиполярлы (көп өскінді) 
болып бөлінеді. Жоғарғы сатыдағы жануарлардың өсінділерінің 
қарым-қатынасы 
функциясына 
байланысты 
əртүрлі. 
Униполярлы өсінді қозуды қабылдайды жəне өткізеді. Сыртқы 
ортадан қабылдайтын дендрит. Биполярлы өсіндінің біреуі 
қозуды қабылдайды, ал екінші өсінді қозуды өткізеді. Барлық 
қозу импульстары перикарионда жиналады. Мультиполярлы 
өсіндінің аксоны жалғыз ал дендриті көп болады. Нейронның 
негізгі қызметі қозуды қабылдап, соған жауап береді. Оны 
рефлекс деп атайды. Рефлекс арқылы организм сыртқы ортаға 
бейімделеді. Нерв жүйесінің құрылысы күрделенген сайын 
олардың сыртқы ортаға жауап беруі күрделене бастайды. 
Тітіркендіргіштерді қабылдайтын нерв ұштарын рецепторлар 
деп атайды. Қозуды өткізетін нервтер сезімтал клеткалар деп 
аталады. Сезімтал клеткалар импульстарды орталық нерв 
жүйесіне бағыттайды. Орталықтан тараған қозуды органға 
жеткізетін эферентті клеткалар, ал аферентті клеткалар 
ақпаратты орталық жүйке денесіне бағыттайды. 
Рецепторларды 
қасиеті 
мен 
қызметіне 
қарай: 
интеррецепторлар жəне экстрорецепторлар деп бөлеміз. 
Интеррецепторлар-ішкі 
органдарды 
бір-бірімен 
байланыстырады.Экстрорецепторлар-сыртқы ортадан қозуды 
қабылдайды. 
Арнайы тəсілмен жарық микроскопының көмегімен 
перикарионда нерв клеткасының маманданған органоидтары 
табылды. Олар: нейрофибрилдер, тригроидтар. 
Нейрофибрилдер 
дегеніміз-нерв 
клеткасының 
цитоплазмасында болатын нерв талшықтары олар өте жіңішке 


84
фибрилдерден тұрады. Ерекше бояу арқылы байқалады. 
Тригроид- перикарионды толтырушы түйіршікті құрылым, 
кейде Ниссель денесі деп те атайды. Жоғарғы базофильді 
дəрежесіне ие болады сонымен қатар тригроидта гликоген жəне 
белоктар кездеседі. 
Сонымен қатар нерв клеткасының цитоплазмасында жəне 
дендритінде микротүтіктер кездеседі. Оның көлденең кесіндісі 
25нм. 
Микротүтіктер кейбір бекіткіштерде (фиксаторларда) 
фиксаторларды нашар сақталады. Нейрондарда жақсы жетілген 
клетка ішілік торлы аппарат жəне түйіршікті ретикулум жақсы 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет