Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет31/66
Дата03.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#133063
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Байланысты:
Дәрістер (2)

Жыныстық жетілу ер балаларда
10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан 
бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекейі 
өсіп, дауысы өзгереді. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады. 15 жастан бастап 
қолтығында түктер өседі, сақал-мұрт шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда 
шәуһет бөліне бастайды. 
18 жаста жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады. 
Қыз балаларда
8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда болады, жамбас сүйектері 
өседі. 10 жасқа жақындағанда емшегі өсе бастайды. 13-15 жаста бойы жылдам өсіп, қолтығына түктер 
шығады, етеккірі келеді. 16-18 жаста қыздар толық жыныстық жетіледі. 
Жыныстық жетілу мерзімі тұқым қуалау қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына
тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, сыртқы орта жағдайларына байланысты. 
Балаларды жыныстық тәрбиелеу 
Ер бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығын дұрыс, мезгілінде 
түсіндіру мектеп жасына дейін басталады. 
Жыныс мүшелерін дұрыс күтуді түсіндіру қажет. Себебі жыныс мүшелері кір болса қышыма пайда 
болып, кейіннен бұл 14-15 жаста онанизмге айналып кетуі мүмкін. 
Қыздарға етеккір туралы айтып түсіндіру керек. 
Жасөспірімдерге ретсіз жыныстық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарын түсіндіру маңызды. 
Жыныстық қатынастан жұғатын ауруларды түсіндіріп беру керек. 
Стресс және оның жас ерекшеліктері 
Стресс ұғымын ғылымға енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Стресс - өте жағымсыз әсерге 
жауап ретінде туған огранизмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. 
Стресс 3 кезеңнен тұрады: 1) үрейлену – жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткенде туатын жауап; 2) 
төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіштің әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы; 3) әлсіреу – 
бейімделу қорының мүмкіндігі азайып таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің 
нашарлап жайылуы) пайда болады. 
Стресстің созылған түрі адамды жүдетіп қайғыға батырады. Стресс тудыратын әсерге қарай 2-ге 
бөлінеді: психологиялық және физиологиялық. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық 
стресс деп те атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс болады. Дұрыс жауап таба 
алмай қиналады, не істерін білмей абыржып қалады. 
Эмоциялық стресс қауіп туғанда, қатты қорыққанда пайда болады. Физиологиялық стресс 
гипоталамус – гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде 
қанда глюкокортикоидтар мен катехоломиндердің, серотонинннің мөлшерлері оқыс көбейеді. 
Л.А.Орбелидің ілімі бойынша стресстің тууына симпатикалық жүйке жүйесінің мәні бар. Стресс 
тітіркендіргіштерінің әсерінен норадреналин мен адреналин мөлшері артады. Симпатикалық жүйке 
ұштарынан норадреналин шығып, катехоломиндердің қандағы концентрациясы артады. 
Стресстің жас ерекшеліктері
. Жас балаларда стресс тез пайда болады да, көпке созылмайды. Ал, 
ересек әсіресе қартайған адамдарда көпке созылады.
Нәрестелерде қозу тежелуден жылдамырақ болғандықтан стресс оңай туып, тез өшеді. Бастауыш 
сынып оқушыларының стресс жағдайы жиі кездеседі. Өйткені бұрын ойнап жүгіріп жүрген бала партаға 
отырғанда, тапжылмай сабақ оқуда жүйке жүйесіне салмақ түседі. 
Жақсы оқитын балаларда норадреналин мөлшері өте көп 54, ал адреналин – 21. Нашар оқитын 
балаларда керісінше норадреналин аз – 20, адреналин – 50. 
Стресс гормондарының азды-көптілігіне, олардың өзара қатынасына және гипоталамус 
симпатикалық жүйенің белсенділігіне байланысты стресс не жағымды, не жағымсыз болады. Ол 
стресстің күші мен уақытына байланысты. 
Егер стресс әсері өте күшті болып, созылмалы болса, адреналин, норадреналин, серотонин т.б. 
бейімделгіш гормондарының қоры азайып, организм тығырықтан шыға алмай қатты қиналады. Егер 
балалар осындай халде болса өсуі мен дамуы тежеледі. 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет