Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет4/66
Дата03.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#133063
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
 
 
 
 



3-тақырып. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі мен дамуы 
 
Жүйке жүйесінің маңызы. 
Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай 
төмендегідей анықтауға болады: 
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады; 
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді; 
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады; 
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына организмді бейімдейді; 
- денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз 
етеді. 
Нейронның құрылысы
. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы. 
Жүйке жасушасын 
нейрон
деп атайды. Нейронның денесін 
сома
деп атайды. Нейронның көптеген ұсақ 
өсінділерін -
дендриттер
, ал ұзын бір ғана өсіндісін – 
аксон 
(нейрит) деп атайды. Аксонның сыртын 
миелин қабығы
қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталық 
жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нйрондар мен глиялар жүйке 
ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр 
изоляторы қызметін атқарады.
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып
синапстарды 
(грекше “synapsis” - 
байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс 
екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің 
пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс 
түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік 
медиатор
деп аталатын белсенді химиялық 
заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет