Макро және микроэлементтердің рөлі әртүрлі. Мысалы, кальций және фосфор сүйектің, ал фосфор
мен күкірт мидағы белоктың құрамына кіреді. Натрий мен калий жүйке жүйесінің қозғыштық қабілетіне
әсер етеді.
Микроэлементтер: йод –
қалқанша безінің, темір – гемоглобиннің,
фтор тіс ұлпасының, цинк –
жыныс бездерінің құрамында, хром, марганец, бром – гипофизде, мыс - бауырда болады.
1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет. Кальций мен фосфор тұздарының ара
қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1, 8-10 жаста 1:1,5, жасөспірімдер мен жоғары сынып
оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп жетіледі.
Кальций мен фосфордың ара
қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті
міндетті түрде енгізу қажет.
Нәрестенің дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар.
Достарыңызбен бөлісу: