Стресс 3 кезеңнен тұрады: 1) үрейлену – жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткенде туатын жауап; 2)
төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіштің әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы; 3) әлсіреу –
бейімделу қорының мүмкіндігі азайып таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің
нашарлап жайылуы) пайда болады.
Стресстің созылған түрі адамды жүдетіп қайғыға батырады.
Стресс тудыратын әсерге қарай 2-ге бөлінеді: психологиялық және физиологиялық.
Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп те атайды.
Тосыннан жағымсыз хабар
естігенде мәліметтік стресс болады. Дұрыс жауап таба алмай қиналады, не істерін білмей абыржып
қалады.
Эмоциялық стресс қауіп туғанда, қатты қорыққанда пайда болады.
Физиологиялық стресс гипоталамус – гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне
негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар
мен катехоломиндердің, серотонинннің
мөлшерлері оқыс көбейеді.
Л.А.Орбелидің ілімі бойынша стресстің тууына симпатикалық жүйке жүйесінің мәні бар. Стресс
тітіркендіргіштерінің әсерінен норадреналин мен адреналин мөлшері артады. Симпатикалық жүйке
ұштарынан норадреналин шығып, катехоломиндердің қандағы концентрациясы артады.
Стресстің ж ас ерекшеліктері. Жас балаларда стресс тез пайда болады да, көпке созылмайды. Ал,
ересек әсіресе қартайған адамдарда көпке созылады.
Нәрестелерде қозу тежелуден жылдамырақ болғандықтан стресс оңай туып, тез өшеді. Бастауыш
сынып оқушыларының стресс жағдайы жиі кездеседі. Өйткені бұрын ойнап жүгіріп жүрген бала партаға
отырғанда, тапжылмай сабақ оқуда жүйке жүйесіне салмақ түседі.
Жақсы оқитын балаларда норадреналин мөлшері өте көп 54, ал адреналин – 21. Нашар оқитын
балаларда керісінше норадреналин аз – 20, адреналин – 50.
Стресс
гормондарының азды-көптілігіне, олардың өзара қатынасына және гипоталамус
симпатикалық жүйенің белсенділігіне байланысты стресс не жағымды, не жағымсыз болады. Ол
стресстің күші мен уақытына байланысты.
Егер стресс әсері өте күшті болып,
созылмалы болса, адреналин, норадреналин, серотонин т.б.
бейімделгіш
гормондарының қоры азайып, организм тығырықтан шыға алмай қатты қиналады. Егер
балалар осындай халде болса өсуі мен дамуы тежеледі.
Достарыңызбен бөлісу: