Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары


Шартты рефлекстердің түрлері



Pdf көрінісі
бет18/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Байланысты:
Лекциялык сабактар ЖЕФ

Шартты рефлекстердің түрлері. 
Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын 
қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге байланысты бірнеше түрге бөлінеді. 
Тітіркенетін рецепторларына байланысты төмендегідей бөлінеді: 
1. 
Экстрорецепті шартты рефлекстер
шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде 
пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына. 
2. 
Проприорецепті шартты рефлекстер
қаңқа бұлшық еттерін тітіркендіргенде пайда болады. 
3. 
Интерорецепті шартты рефлекстер
ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады. 
Туатын қызметтің түріне қарай шартты рефлексті екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты 
рефлекстер. 
Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң және теріс неме 
жағымды және жағымсыз деп бөледі. 
Уақытша нервтік байланыс
. Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес 
орталығында қозу пайда болады. Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы, дыбыс әсер етсе - есту орталығы. 
Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта екіншің қозу ошағы пайда болады. Организм үшін 
маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу ошағы біріншіге қарағанда 
күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да екеуінің 
арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың 
қозуы күшті болып шартты рефлекс тез туады. Шартты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы 
нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы. 
Шартты рефлекстердің тежелуі. 
Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты 
тежелу.
Сыртқы тежелу
туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның 
күшті немесе ұзақ әсер ететін басқа тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мысалы, мұғалімнің айтқанын 
ұқыпты тыңдап отырған бала, кенеттен даладан шыққан қатты дауысты естісімен мұғалімді тыңдамай, дереу 
терезеге қарайды. Мұнда ми қыртысында пайда болған жаңа қозу ошағы шартты рефлекторлы түрде болған қозу 
ошағын тежейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет