Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары


Шартты  немесе  ішкі тежелу



Pdf көрінісі
бет19/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
Байланысты:
Лекциялык сабактар ЖЕФ

Шартты 
немесе
 ішкі тежелу 
пайда болған шартты рефлекстердің жағдай өзгергенде туады. 
Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Динамикалы стереотип.
Сыртқы және ішкі 
ортаның көптеген тітіркендіргіштерінің әсерінен биологиялық маңыздыларын таңдап алу үшін олар мида 
талданады.
Талдау
арқылы организм өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін 
тітіркендіргіштерді жіктеп талдайды. Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта 
жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы 
талқылау
дейді.
Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады. Динамикалы 
стереотип деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты 
тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін айтады.
Жоғары жүйке әрекетінің топтары 
 
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, 
сыртқы ортадан алған мағлұматын,мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің 
топтары
деп жинақтайды. 


И.П.Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 
қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы. 
Қозу мен тежелудің 
күші
деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Қозу мен 
тежелудің 
теңдігі
деп олардың бір-біріне қатынасы мен дау дәрежесін айтады. Қозу мен тежелудің 
алмасуы
деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу 
болуы мүмкін. 
Қозу мен тежелудің осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 
тобын ажыратады: 
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ. 
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ. 
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ. 
4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, 
тежелуі басым. 
И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың 
айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара 
қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе- сары өт), 
сангвиник (сангвине - қан), Флегматик (флегма – кілегей, шырын), меланхолик (мелайне холе – қара өт). 
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик. 
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник. 
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик. 
4. Әлсіз топ – меланхолик. 
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет