соң заттар көріне бастайды. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей
кетеді.
3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде,
екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған
оқушы маңайындағы бөгде дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.
4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін бөліседі. Мысалы, соқыр адам көзі
көрмегенімен басқа сезім мүшелері жақсы дамиды.
5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге
болады.
Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі
топқа бөледі: дистантты, яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың әсерін сезу (көру,
есту, иіс сезу талдағыштары) және контакты, яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін (дәм сезу, тері
талдағыштары) талдағыштар.
Достарыңызбен бөлісу: