Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары


Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет45/60
Дата10.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#135895
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
Байланысты:
Лекциялык сабактар ЖЕФ

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшеліктері
. Тыныс алу жүйесінің мүшелерін екі 
топқа бөледі: тыныс алу жолдары және тыныс алу орны. Тынысталу жолдары: мұрын қуысы, жұтқыншақтың 
жоғары бөлігі, көмей, кеңірдек, бронхылар. Тыныс алу орны - өкпе. 
Мұрын қуысы
кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау арқылы сыртқа 
ашылады да ішкі жағы 
хоан 
тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. 
Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған, шаң-тозаңдарды ұстап микробтарды өлтіріп, сыртқа 
шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, 
ылғалдайтын қантамырларына бай болады. 
Көмей
ІҮ-ҮІ мойын омыртқасының тұсында мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Оны алдыңғы 
жағынан бұлшық еттер жауып тұрады, екі жағында қалқанша бездің бөліктері орналасқан, ал артқы жағында 
жұтқыншақ жатады. Көмей тыныс алуға және дыбыс шығаруға қатысады. 
Көмейдің жалғасы 
кеңірдектің
ұзындығы балаларда - 4см, 10 жаста – 7 см, ересек адамдарда - 10-12 см. 
ІҮ-Ү арқа омыртқаларының тұсында кеңірдек екі бұтаққа сол және оң 
бронхыларға
бөлінеді.
Тыныс алу орны 
өкпеге
енген бронхылар тармақталып, майда ұсақ альвеолалар (ауатамырлар) түзеді. 
Альвеолалардың қабырғалары жұқа қантамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының 
жалпы ауданы 200 м². Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез 
алмасуын қамтамасыз етеді. 
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қантамырларына бай болады. Алғашқы 3 
айлығында және жыныстық жетілу кезінде өкпе қарқынды дамиды. 
Тыныс алу жиілігі 1 минутта: 1 ж – 44, 5 ж – 26, 15-20 ж – 20, 20-25 ж – 18, 25-30 ж – 16 рет. 
Жаңа туған нәрестенің кеуде қуысы конус тәрізді болады. Сондықтан бала терең дем ала алмайды. Қабырға 
сүйектері қиғашталғаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет