Лекцияны дайындаған: Байдуанова Л. А. Қазақстан Республикасының Тұңғыш



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата04.04.2022
өлшемі6,06 Mb.
#29773
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шығыстың ұлы ғұлама ғалымы

Әл Фараби 

Аристотельдің 

«Метафизикасын» 

қырық, «Жан туралы» 

еңбегін жүз, ал 

«Риторикасын» 

екі жүз рет 

оқып шыққан. 


Фараби философия саласы 

бойынша грек ойшылы 

Аристотельдің 

“Категориялар”, 

“Герменевтика”, 

“Бірінші және екінші 

Аналитика”, “Топика”, 

“Риторика”, “Софистика”, 

“Поэтика”сияқты 

фәлсафалық және 

логикалық шығармаларына 

түсіндірмелер жазған. 




Ғұлама-ғылым ретінде әл-Фараби ат 

салыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы 

жоқ деуге болады. Ол жаратылыстану, 

философия, логика, математика, астрономия, 

астрология,  музыка, социология, лингвистика, 

поэзия, риторика, тіл білімі, әдебиет теориясы, 

педагогика ғылымдары т.б. ғылым салалары 

бойынша 100-ден аса ғылыми еңбектер жазды. 




Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің 

заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың 

қолына тигені 40-қа жуық шығарма деуге болады. 

Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің 

энциколпедист ғылым екендігін дәлелдейді. 



Алайда оның көптеген 

шығармалары ел 

арасында қолжазба 

күйінде тарап, 

бірте-бірте жоғалып 

қала берген. Фараби 

еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. 

Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны 

жөнінде нақты деректер жоқ. Мәселен, Фараби 

шығармаларының санын неміс ғалымы 

Ш.Штейшнейдр 117 еңбек десе, түрік ғалымы 

А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 

трактат деп көрсетеді. 



Ұлы ғұламаның жазып қалдырған еңбектерін 

Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Абу Райхан 

Бируни, Әбу әл-Уаха, ибн Бадж, ибн Туфайл, 

ибн Рушд, Омар Хайам сияқты шығыс 

ғұламаларымен қатар Роджер, Бэкон, Леонардо 

да Винчи және т.б. Еуропа ғалымдары да көп 

пайдаланған.



Оның философтық шығармалары шартты түрде 

екі санатқа бөлінеді. 



Біріншісі ғаламның заңдарына, адамның 

өміріне және дүниетанымына арналған. 

Математика, астрономия және геометрия 

ғылымдарына байланысты заңдарды зерттеген. 

Сондай-ақ, уақыт пен кеңістіктің 

тұжырымдамасы туралы теориялар айтқан. 




Екіншісі жабайы жануарларға арналған 

жұмыстар мен олардың қолданыстағы заңдарын 

қамтиды. Олар химия, биология, медицина, 

оптика және физика ғылымдары.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет