Лекцияны дайындаған: Байдуанова Л. А. Қазақстан Республикасының Тұңғыш



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата04.04.2022
өлшемі6,06 Mb.
#29773
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
халқымыздың ұлы перзенттері 

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық 

мерейтойларын атап өтуіміз және бұл 

тұста ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама 

тұлғаларымыздың еңбектерін халық 

арасында дәріптеуіміз керек екенін айтты. Бұл 

туралы 2019 жыл 26 тамызда № 133 Жарлығы



бойынша қаулы қабылдап, мерейтойды 

жоспарлау мен өткізу жөнінде комиссия құрды.




Аты бүкіл әлемге мәшһүр болған, Шығыстың 

ғұлама ойшылы, энциклопедист, математик, 

астролог, музыка теоретигі, Аристотельден 

кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-

Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып 

құятын сағасындағы Жібек жолының маңызды 

орталықтарының бірі болған Отырар (Фараб) 

қаласында өмірге келді. Әкесі әскербасы және 

құрметті түрік отбасының өкілі болған.



Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу Насыр 

Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ 

әл-Фараби ат-Турки. Есімін туған жеріне

байланыстырып, Әл Фараби деп атаған,

Фарабидің әкесінің есімі Ұзлағ, арғы атасы

Тархан, шыққан тегі түркі дегенді білдіреді.




Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен 

мәдениеттің ордасы еді. Мұнда Араб-Мысыр 

әлемінде Александрия кітапханасынан кейінгі 

әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты. Ол 

жастайынан Отырар кітапханасында отырып, 

ондағы құнды шаң басқан қолжазбаларды 

ақтарып, талмай кітап оқып, оқу-білімге ерте 

құмартқан. Одан кейін білімін толықтыру үшін 

керуенге ілесіп, араб еліне аттанады. 



Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан 

кейін мұсылман әлемінің сол кезеңдегі аса 

маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары 

Хама, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, 

Мәдина, Мекке қалаларында болып, білімін 

үнемі толықтырумен болады. Ол жерлерде жас 

Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит т.б. 

тілдерді жетік меңгеріп, сан-сала ғылымға бой 

ұрады. Бір мәліметтерде әл-Фарабидің 70 тіл 

білгендігін айтады. Ұлы ғұлама өте сирек

кейде тіпті құпиялық үшін қолданатын тілдерді 

де өте жақсы білген. 




Әл-Фараби – өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол 

ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын

әсіресе Аристотельдің еңбектерін қызығып 

оқыған. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне 

аударып, оған түсініктемелер жазған.



Сол үшін оны Аристотельден кейінгі «екінші 

ұстаз», «Шығыстың Аристотелі» деп атаған. 

Ибн Халиланың 

айтуына қарағанда





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет