Лекцияны дайындаған: Байдуанова Л. А. Қазақстан Республикасының Тұңғыш


Бұл кітап мыныдай бес тараудан тұрады



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата04.04.2022
өлшемі6,06 Mb.
#29773
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Бұл кітап мыныдай бес тараудан тұрады: 

1. Тіл білімі және оның тараулары

2. Логика және оның тараулары; 

3. Математика, яғни арифметика, геометрия, 

оптика, математикалық астрономия, музыка, 

статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылым; 

4. Физика мен метафизика және оның тараулары

5. Азаматтық ғылым және оның тараулары, заң

ғылымы және кәләм (дін ғылымы).



Тіл білімі. Фараби тіл білімін 7 тарауға бөледі: 

дербес және қарапайым сөздер мен сөйлемдер

туралы; мәнерлеп оқу ережелері; тілдің заңы мен 

ережелері жайлы ғылым; дұрыс оқу ережелері; 

өлең жазу, шайырлық туралы ғылым немесе

поэтика. Кейінгінің өзі ырғақ, ұйқас және поэзия 

болып үшке бөлінеді.

Логика. Фарабидің анықтауы бойынша логика –

ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. 

Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау

әрекетін тәрбиелей алады, өзінің ойын анықтап

айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой қорыту, 

талқылау барысында логикалық қателер

жіберуден аулақ болады.



Математика. Фарабидің энциклопедиясында

математика ғылымдарына көп орын берілген. 

Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға

бөлген. Арифметика, яғни сан туралы ғылым. 

Оған практикалық және теориялық арифметика 

деп айрықша мән берді. Фарабидің түсіндіруі

бойынша сан объективті ақиқат нәрселердің

сезіп-түйсінуге болатын, яғни «көзбен көріп, 

қолмен ұстауға» болатын жақтарын елеусіз

қалдырып, тек саналуға, есептеуге тиісті

қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс

материалистік түсінік.




Геометрия. Бұл ғылымның мазмұны мен мәнін

ғалым төмендегіше тұжырымдайды:

Геометрия екі ғылымды біріктіреді – біріншісі –

практикалық геометрия, екіншісі – теориялық

геометрия. Практикалық геометрия сызықтар

мен беттерді, ағаш ұстасы, темірші, тас

қалаушы, жер өлшеушілердің ыңғайына лайық

ағаш, темір, тас денелердің бетінде

қарастырылады. Теориялық геометрия 

сызықтардың, жазық фигуралардың, 

геометриялық денелердің формасы мен 

мөлшерін, теңдігі мен теңсіздігін, олардың

түрлері, реті және басқа осыларға байланысты

барлық нәрселерді зерттейді.




Оптика. Фарабидің жіктеуі бойынша

математикаға оптиканы да жатқызған. Бұл

туралы ол былай дейді: «Оптикада геометрия 

тәріздес форма, шама, рет, тәртіп, орын, теңдік, 

теңсіздік т.б. нәрселерді қарастырады». 

Оптиканың мәні мен ақиқат, анық пен оның

алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады, 

қатаң дәлелдеу жолымен мұның себебі

айқындалады, көзбен көруде кездесуі мүмкін

болатын қателердің барлығы ескеріледі, одан

құтылуға көмектесетін, яғни қарастырылып

отырған нәрсенің мөлшері, формасы, орны, 

құрылысы, т.б. туралы ақиқатқа жеткізілетін

әдіс айлалардың түрлері көрсетіледі.




Астрономия. «Астрономия деген бір атпен екі

ғылымды түсінеміз, – деді ғалым. Олардың

біреуі – жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға

қарап болашақта не болатынын, кейде қазіргі

кезде болып жатқан және өткенде болған

оқиғаларды болжауға арналған. Екіншісі –

математикалық астрономия. Астрономияның осы 

бөлігі ғана математикалық ғылымдардың

қатарына жатады, ал қабілет – өнердің бір түрі; 

ол арқылы не болатынын адам болжамдай алады; 

мәселен, түс жору, құстың ұшуы бойынша

жорамалдау, бал ашу т.б. қабілеттер».




Әл-Фараби – педагогика тарихында алатын

үлкен орны бар асқан дидакт методист, ғұлама

болған адам. Ғұламаның бұл саладағы

мұралары сұрыптап, қазіргі педагогика 

игілігіне пайдалану – абзал міндеттердің бірі.



Бабамыз Фарабидің даналығы, ақылдығы, 

көрегендігі сонда, оның оқыту, тәрбие, білім

беру туралы айтқан, жазып кеткен еңбектері осы 

күнге дейін маңызын жойған жоқ. Қайта оны 

қайта қарап, жаңартып пайдалануға болады. 

Ұлы ұстаз ғылымдарды

меңгерудің, үйренудің

қажеттігін дәріптеп

қана қоймай, бұл

мақсатқа жетуге

көмекші боларлықтай

жетекші құралдар

және оқулықтар жасаумен де көп шұғылданған. 



Ол тәрбие жүйесіндегі әсіресе жастарды

тәрбиелеуде бірінші орынға адамгершілік

тәрбиесін қойды және де оған қоса тәрбиенің

басқа түрлерінде еңбек, дене тәрбиесі, 

эстетикалық, гуманитарлық, патриоттық

тәрбиені қойды. 




Ғалымның педагогикалық жүйесінде озық дидак-

тиканың негізгі принциптері, яғни ғылымилығы, 

көрнектілігі, жүйелілігі – оқыту арқылы тәрбие-

леу орын алған. Әл – Фарабидің әлеуметтік-

этикалық идеясы өзіне педагогикалық, 

методикалық ілімдерді қоса отырып Шығыстан

да, Батыстан да Ортағасырлық халықтарының

мәдени тарихында елеулі орын алады. 




Әл-Фарабидің медицина тақырыбындағы

қолжазбаларынан адам ағзасына қажетті

пайдалы кеңестерді кездестіруге болады. Бұл

ғұламаның медицина саласы бойынша білімінің

жоғары екендігін көрседі.

Жан-жақты ғалымның музыкаға қосқан үлесі 

тіпті ерекше. Әл-Фарабиді дүниеге танытқан 

музыка теориясына арналған шығармаларының 

бірі «Музыканың үлкен кітабы» еңбегі болып 

табылады. Ғұлама бұл еңбекте математикалық 

тәсілдерді пайдалану арқылы музыкалық 

дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, 

нотаны алғаш дүниеге келтірді. 



Ол тек музыка теориясын жазып қоймай, 

музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол 

аспаптарда керемет ойнай білген екен.

Кейбір деректерге қарағанда Фараби шығарған

әндер осы күнгі Иран, Ирак, Түрік және басқа да 

Шығыс елдерінде орындалады. Оның өзі

жасаған «Канун», «Уд», «Қыпшақ» деп аталған

аспаптары болған сияқты.




Әбу Насыр Әл – Фараби - өз дәуірінің көрнекті 

ақындарының бірі. Орта ғасырда өмір сүрген 

арабтың мәшһүр шайырлары мен 

тарихшыларының 

еңбектерінде Әл – Фараби 

көп өлең жазған деген 

пікір айтылады. 

Әл – Фараби өлеңдерінің 

негізгі тақырыбы –

өмірдің мән – мағынасы 

жайлы толғау, оқу мен 

білімді мадақтау, 

адамгершілікке шақыру. 



Ақынның мына бір жырынан Фараби 

поэзиясының бағыт – бағдарын, тынысын айқын 

сезінуге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет