Лекцияның мақсаты : білім беруді ақпараттандырудың талаптары мен мақсаттарымен, e-learning ұғымымен танысу



бет6/19
Дата11.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#81580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Оқытудың «шеңбер» әдісі .
Бұл әдісті интеллектуальдық деңгейі төмен, бірақ білім алуға ынтасы бар топтарда пайдалану тиімді. Бұл әдістің «сызықтық» әдістен ерекшелігі студенттердің білім алуға ынтасының болуына байланысты қолданылуында. Оқытушы әрбір студенттің жауабын бақылау мүмкүндігін сақтайды. Бұл әдіс жағдайында оқытушы 1- студентке бірінші сұрақты қояды, студенттің берген жауабын 2- студент толықтырады және 3-студент, 4-студент берілген жауаптарды мүмкіндігінше өз тарапынан толықтырады. Осыдан кейін ғана оқытушы студенттердің берген жауаптарын толықтырып қортындылайды. Студенттер тарапынан жіберілген кемшіліктер көрсетіледі. Осылай әрбір сұрақ талқыланып қорытынды жасалып, тақырып мазмұнын студенттердің игеруіне қол жеткізіледі. Бұл әдістің «сызықтық» әдістен тағы бір ерекшелігі студенттердің белсенділігін артыруға ықпал етеді.
Мысалы, 1- студентке: дүниетаным немесе дүниеге көзқарас дегеніміз не? – деген сұрақ қоямыз. 1- студент: айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы түсінік – деп жауап берді делік. Бұл сұрақты толықтыру 2- студентке жүктеледі. 2- студент: ондағы адамның орны, тіршіліктің мән -мағынасы туралы көзқарастар – деп толықтырды делік. Бұл сұрақты тағы да толықтыру 3- студнентке жүктеледі. 3- студент: пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы - деп толықтырды делік. Бұл сұрақты тағы да толықтыру 4- студентке жүктеледі. 4- студент : сонымен бірге дүниетаным - бұл адамның дүниеге қарым - қатынасын анықтайды - деп жауап берді делік. Енді бұл сұрақты оқытушының өзі: сондай – ақ оның іс- әрекетінің бағыт - бағдарлаушысы мен реттеушісі болатын көзқарастардың, базалардың, қалыптар мен ұстанымдардың жиынтығы - деп толықтыруы арқылы сұрақ жауабын қорытындылай аламыз.



Сурет 2. «Шеңбер» әдісінің нобайы.




Оқытудың «дөңгелек» әдісі .
Бұл оқытудың типтік әдісі. Бұл әдісті интеллектуальдық деңгейі орта және білім алуға ынтасы төмен топтарда пайдалану тиімді. Бұл әдісті тиімді пайдалану үшін бір тақырыпты 5-6 нақты шағын сұрақтарға бөлеміз. Бұл жағдайда оқытушы бір студентке сұрақ береді, жауабына қарай бағалайды. Қалған студенттер сұрақ жауабын толықтыруға ат салысады. Оқытушы студенттердің жауабын толықтыру және сабақ жүргізудің техналогиясын сақтау мүмкүндігіне ие болады.
Мысалы, 1 – студентке: дүниеге көзқарастың қандай түрлері бар ?- деген сұрақ қоямыз. 1- студент: мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық сияқты дүниеге көзқарастың төрт түрі бар -деп жауап берді делік. Оқытушы сұрықты ары қарай тереңдетіп, ал мифологиялық дүниетаным дегеніміз дүниеге қандай көзқарас ? – деген сұрақ қояды. Сол бастапқы 1- студент: мифологиялық дүниетаным – аңыздарға әпсаналарға, ертегілерге негізделген, шындық дүниенің сыртқы, жеке көріністерін ғана ұғыну. Мифололгиялық дүниетану – дүниетанымның тарихи алғашқы типі болып табылады - деп жауап берді делік. Оқытушы немесе келесі 2- студент: табиғат және қоғамдық өмір туралы бейнелік, синкреттік түсініктерін сипаттайтын дүниеге көзқарастың түрі - деп толықтыруы мүмкін. 1- ші студент жауабы бағаланады. Оқытушы 2- студентке: мифология дегеніміз не? – деген сұрақ қояды. 2- студент: мифология (гректің muthos – аңыз және logos – ілім деген сөздерінен құралған)- алғашқы санадағы шындықтың ерте дүниедегі халықтың ауызекі шығармашылығына тән қиял түрінде бейнеленуі – деп жауап берді делік. Оқытушы немесе келесі 3-студент: миф- тарихтың ертедегі кезеңдерінде туған хикаялар : (құдайлар, аңызға айналған батырлар, оқиғалар және с.с.) табиғат пен қоғамның түрліше құбылыстардың жалпылай түсіндіруге әрекет жасаудан келіп туған – деп толықтыруы мүмкін. 2- студенттің жауабы бағаланады. 3- студентке: мифология түсіндірудің қандай түріне жатады?- деген сұрақ қояды. 3-студент: мифология түсіндірудің бейнелеу – көркем тәсіліне жатады - деп жауап берді делік. Оқытушы немесе келесі 4- студент: адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан мифологиялық дүние көзқарасына тән нәрсе - адам қоршаған ортадан өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына – символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Дүниеге мифологиялық көзқарастың мәні – дүниені ұғынудың әпсаналығы, бірлігі, біртұтастығында – деп толықтыруы мүмкін. 3-сутуденттің жауабы бағаланады және осылай сабақ жалғасын табады.

Сурет 3. «Дөңгелек» әдісінің нобайы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет