заңдары қолданылады. Консулдық мекеме қызметкерлері куәгер ретінде сот және әкімшілік
істерге шақырылуы мүмкін. Алайда олар өз консулдық қызметіне қатысты сұрақтарға
жауап беруге, корреспонденция беруге міндетті емес.
Консулдық қызметкерлердің иммунитеті мен артықшылықтары шектелген жағдайлар:
1. Консулдық қызметкерлер аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда соттың шешімімен бас
бостандығынан айырылуы мүмкін.
2. Қабылдаушы мемлекет консулдық қызметкерге
қатысты қылмыстық іс қозғау
құқығы бар, бұндай жағдайда ол тиісті органға келуге міндетті.
3. Консулдық мекеменің персоналы сотқа куәгер ретінде шақырылуы мүмкін,
консулдың куәгерліктен бас тартуы қабылданбайды.
4. Консулдық қызметкердің арызына қарсы арыз берілген жағдайда консул өзінің
иммунитетіне арқа сүйеу құқығынан айырылады.
5. Қабылдаушы мемлекет консулдық қызметкерлердің иммунитетінен бас тарта алады.
Көріп отырғанымыздай, дипломаттық өкілге берілген азаматтық, қылмыстық және
әкімшілік иммунитеттер консулдық иммунитетте кейбір
жағдайларда шектеулі болып
отыр. Консулдарға
иммунитет пен артықшылықтар барлық жағдайларда емес, тек ресми
қызметтік міндеттерінің шегінде әрекет еткенде ғана беріледі.
Бұл тұрғыда консулдар
дипломаттармен теңе алмайды.
Консулдық лауазымды тұлғалар және олардың жанұясының мүшелері, қызмет
көрсетуші персоналдан басқалары, салықтардан оның ішінде жеке заттары баж салымынан
босатылады. Штаттық консулдық мекеме басшысының
резиденциясы мен консулдық
мекемелер барлық алым-салықтан босатылады тек нақты қызмет көрсету түріне төленетін
төлемнің тысында. Арнайы Консулдық курьер ad hoc жеке басына қолсұқпаушылыққа және
иммунитетке тек консулдық вализаны діттеген жерге жеткізу және табыстау сәтіне дейін
ғана ие.
Қабылдаушы мемлекетте консулдық қызметкердің жүріп тұру еркіндігі ешқандай
шектелмеген. Консулдық мекеменің басшысы экзекватура алғанға дейін өзінің міндеттерін
Консулдық қызметтер туралы Вена конвециясының 13 және 15
баптарында көрсетілген
жағдайларда атқаруына болады.
Достарыңызбен бөлісу: