өзі Сыртқы істер министрлігінің, Әділет, Білім және ғылым министрліктерінің кейбір
бөлімдерінің қызметтерін, тіпті атқарушы өкіметте әкімнің және т.б. қызметтерін атқарады.
Дипломатиялық өкілеттілік болмаған жағдайда қабылдаушы
елдің келісімімен
дипломатиялық функциялар консулдық мекемеге тапсырылуы мүмкін. Алайда
дипломатиялық актіні орындау консулдық лауазымды тұлғаға дипломатиялық
артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болу құқығын бермейді.
Халықаралық құқық консулдың үшінші елдің атынан іс қимыл жүргізуіне мүмкіндік
береді. Консулдық мекеме шифр немесе кодтарды пайдалана отырып күнделікті байланыс
құралдарын (телеграф, телефон), дипломатиялық және консулдық курьерлерді және вализ
сияқты арнайы байланыс құралдарын пайдалана алады. Радиотаратқышты консулдық
мекеме қабылдаушы елдің арнайы рұқсатымен ғана пайдалана алады.
Консулдық мекеменің қызметкерлері қабылдаушы елдің ережелеріне қарсы келмесе
еркін жүре алады, тек қана мемлекеттік қауіпсіздік талаптары
тиым салатын жерлерге
баруға болмайды. Консулдық мекемелер өз жұмысының барысында қабылдаушы елдің ішкі
істеріне араласпай, сол елдің заңнамалары мен ережелерін сақтауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: