10- тапсырма.. Мақал-мәтелдерді пайдаланып «Кішіпейілдің абыройы асады» тақырыбына эссе жазыңдар. «Кім тапқыр?»Берілген тұрақты тіркестердіңмағынасын ашыңдар. 1. Көзі алақандай болу, екі көзі шарасынан шығу
2. Көз ілмеді, түн ұйқысын төрт бөлді, кірпік қақпады
3. Жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан
4. Ит өлген жер – таяқ тастам жер
5. Екі езуі екі құлағына жету – қабағын кірбің тартты, бармағын тістеді -
6.Қолы ашық – пейілі тар – жомарт
11-тапсырма. Сөз тіркестерінің орысша-қазақша баламаларын жұптастырыңдар
Деловая поездка
Деловая репутация
Деловая этика
Деловая речь
Деловой разговор
Деловые бумаги
Деловой человек
Деловые отношения
Деловой подход к вопросу
Деловой контакт
12-тапсырма. Сөйлеу әдептілігіне байланысты айтылған ойға назар аударыңыз, тәрбиелік мәнін талдаңдар. Тым қатты, тым ақырын не тістеніп сөйлемеңіз.
Тіл тигізіп сөз жүргізбеңіз.
Біреудің сөзін бөлмеңіз.
Біреу жаңылысса, сөкпей, жәймен түсіндіріңіз.
Қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз.
Ата-бабаңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз.
Ант ішіп сөйлеген, өтірікшінің әдеті.
Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпайыды
Аталы сөздерді біліп жүріңдер. Тәкаппар адам ұшпаққа шықпас. (Ж.Баласағұн)
Тәкәппардың құты қашады. (А.Иүгінеки)
Көкірекшіл – тақсірет тартады. (М.Қашқари)
Менмендікті тәңір де сүймес. (Қорқыт)
Құрмет ақымақты тәкаппар етеді. (Ж.Баласағұн)
Әдепті келіп сұраған кісінің ісі алға озады. (С.Барайн)
Өтінішті білгеннің өрісі бар. (Б.Алақұс)
Сөз білгенге патша тағы тиеді,
Көп сөз басты жерге әкеліп иеді. (Ж.Баласағұн)
Әдептің басы - байқап сөйлеу. (А.Иүгінеки)