Лексика: Кәсіби мәтіннің грамматикалық-стильдік ерекшелігі. Жарыссөз. Грамматика


Қазіргі кезде ана тілімізді тазалығына нұқсан келтіретіндей қауіп бар ма?



бет7/9
Дата25.05.2023
өлшемі43,78 Kb.
#97034
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№15 Практикалық талдама

Қазіргі кезде ана тілімізді тазалығына нұқсан келтіретіндей қауіп бар ма?

13-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптерге көшіріп жазыңдар.
1. Қызмет бабында жеке кісімен конфиденциальді пікірлесу қажет болады. Бұл сізден .......... жоғары деңгейінен көрінуіңізді қажет етеді. Әрбір жағдайға қажетті тон, ............ тауып, ойыңызды ......... жеткізе білуіңіз керек. ( Керекті сөздер: мәдениеттіліктің, сауатты , сөздерді)
2. Әр маман өз ісінің үгітшісі, ......... болуы керек .Көпшілік алдында .......... сөйлей білгеніңіз, тілін білгеніңіз – білікті ......... ретінде бағаңызды көтереді. ( Керектісөздер:маман, еркін.шешені.)
3.Тіл маманның бар ........, ісін жүзеге асыратын, ......... немесе жеткізетін құрал( Керекті сөздер: бейнелейтін, ойын)

14- тапсырма. Сіз бөлім бастығысызжұмысқа жаңа қызметкер қабылдаңдар. Сұхбаттасып көріңдер.

Сәлеметсіз бе? Кіруге бола ма?
- Сәлеметсіз бе? Кіріңіз. Қандай шаруамен келдіңіз?
Мен сіздердің фирмаларыңызға хабарландыру бойынша келіп тұрмын. Сіздерде менеджерлік бос орын бар ма?
- Иә, бар. Сіз қандай жоғары оқу орнын бітірдіңіз?


  • Қазақ экономикалық университетін қызыл дипломмен бітірдім.


  • Жұмыс тәжірибеңіз бар ма?


  • Иә, бес жылдық жұмыс тәжірибем бар.


  • Сіз қазақ, ағылшын тілдерін жақсы білесіз бе?


  • Қазақ тілінде жақсы сөйлеймін, ағылшын тілін де біршама тәуір білемін.


  • Өте жақсы. Ондай болса, сіздің жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарыңыз дайын ба?


  • Иә. Менде жоғары білімім туралы диплом, жеке куәлік, төлқұжат, еңбек кітапшасы(жеке іс парағы), әлеуметтік жеке код(ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТН), зейнетақы шарты бар.


  • Онда сіз жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз. Мінездеме мен өмірбаян керек. Сонымен бірге түйіндеме жазып қалдырыңыз. Ертең келіңіз.


  • Рақмет, сау болыңыз!


  • Сау болыңыз. Біз сізді күтеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет