5- тапсырма. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылған көркем мәтін үзінділеріне стилистикалық талдау жасаңдар.
Жарықтарым-ау! Кінегені түзеткен кісі жоқ.
— Болыстың басы екеу дейсіздер ме?
— Не қыл дейсіңдер?
— Болмайтын жұмысты айтпандар.
— Ақылға түсіңдер!
— Жігіттер тоқтамайды. (Ж. Аймауытов)
— Мылжыңдап барасың, антұрған.
— Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сұрап әкетті. (Ғ.Мұстафин)
6- тапсырма. Ауызекі сөйлеу стилінде түсіндіріңдер.
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз - ақ ойнағаның, күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім,
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол – тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса кімде - кім
Есте болсын!
Ресми стильдің қысқа әрі нұсқа басты талабын қанағаттандыру мақсатында белгілі бір сөздік тіркестер жасалынады, олар қалыптасқан сөз тіркестеріне айналады, дайын сөздік оралым ретінде қолданылады. Мысалы: сенім білдіреді, міндеттеме алады,осы келісім-шартқа сәйкес, назарға алынсын, мәлім етілсін, тергеу жүргізу, тәртіп орнату, шара қолдану, жарыс ұйымдастыру т.б.
Көпшілік алдында сөйлеу өнері
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы неше бөліктен тұрады?
Жоспардың түрлері натаңыз.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Ел бастау қиын емес
Қонатын жерден ел табылады.
Қол бастау қиын емес
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргелі»,- деген екен Бұқар жырау.Сол айтқандай көпшілік алдында сөйлеу, сөз бастау қиын.
«Әдемі ойды орашалақ сөз бұзса, орашалақ ойды шебер сөз түзеп тұрады»,-дегендей іштегі керемет ойды сөздік қорын болмаса жеткізе алмайсың, ал егер тіл байлығың болса, ойыңды керемет жеткізе аласың.Көпшілік алдында сөйлей білу үшін қандай талаптар қойылады?
Тапқырлық – ойда-жоқта сөз тауып кететін шешен, тілге бай болу керек.
Батылдық – «ойымды жеткізе алам ба, жоқ па» дегендей қорқақ соқты қемес, мүдірмес жүректілік керек.
Сабырлық – ештеңеден саспайтын, өз-өзіне, ойының нақты екеніне көзжеткізетіндей салмақтылық, тыңдарманның психологиясын білу керек.
Сенім – менің ойым тыңдарманға қажет, мен ойымды жеткізе аламын деген ой болу керек.
Интонация – тыңдарманның көңілін аударатындай дауыс ырғағы болу керек.
Эмоциялық бірлік – тыңдаушыларға көңіл бөле, көз тастап, жылы жүзбен, жұмсақ дауыспен сөйлеу керек.
Ойы жүйелі – сөйлегенде ойың тыңдаушыларды жалықтыратындай шашыраңқы емес, жинақы, бір-бірімен байланысқан жүйелі болу керек.
Сөз қолданысы – сөздерді орнымен қолдану деген сөз.
Міне осы талаптар бойыңда болғанда ғана, сен көпшілік алдында еркін сөйлей аласың.Сөз этикалық сөзорамдарынан басталады. «Құрметті ханымдар мен мырзалар», «Құрметті әріптестер» деп бастау керек.«Сөз бен пікір тең түсуі шарт, өйткені сөз жетпей қалса, пікір толық көрінбей қалады.»Сондықтан сөзді жеткізе айту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |