Лексикология. Оның салалары мен түрлері



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі11,97 Kb.
#107645
түріҚұрамы
1   2   3
4. Ономасиологиязат немесе құбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себебін зерттейтін, яғни заттардың атауы мен белгіленуі туралы ілім. Ономс – грекше ат, есім, атау деген сөз. Ономосиология диалектологиямен әсіресе лингвистикалық географиямен қатысты болып келеді. Ономосиологияның үлкен бір саласы – ономастика. Мұны ономатология деп те атайды. Ономастика тұтасымен алғанда ат, есім атаулардың шығу, қалыптасу жайын зерттейді. Ономасиология өзі бірнеше тармаққа бөлінеді: топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика және т.б.
а. Топонимика тұтасынан алғанда жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейді. Топонимиканың өз ішінде бірнеше тармақшасы бар:
- гидронимика - өзен, су, көл аттарын қарастырады. М: Қараанды облысы, Нұра өзені.
- оронимия – тау, төбе, шың. Құз аттарын;
- ойконимия – елді мекен аттарын зертейді. М: Қотыркөл – қатар көлден.
ә. антропонимика – кісінің фамилиясы, әкесінің аты, кісінің шын аты мен лақап аты (прозвище), бүркеншек ат (псевдоним) қарастыратын сала.
б. этнонимика – ру, ел, халық аттарын зерттейді.
в. астронимика – (гр. Astron – жұлдыз) жұлдыз, планета аттарын зерттейді.
г. зоонимика - грекше – soon – жануар, жануар аттарын зерттейді.


Сұрақтар:
1.Лексикологияның зерттеу нысаны қандай?
2. Сөздің ұғымы, белгілері қандай?
3. Лексикологияның негізгі салалары?
Әдебиеттер:
  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1965.


  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –А., 1973, 1977, 1993, 2000.


  3. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. –А., 1985.


  4. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1990.


  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. –А., 1996.


  6. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.


  7. Тектіғұл Ж.О. Тіл біліміне кіріспе. –А., 1997.




http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет