1. Семасиология– гректің sema – «белгі, белілеу», және атынның logos – ғылым» сөздерінен алынған термин. Семасиология лексикологияның негізгі саласы. Семасиология – лингвистикада тілдергі сөздерге тән мағыналарды зерттейтін ілім. Семасиология сөз мағынасын, сөз мағынасның жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейді. Тіл білімінде семантика деген термин мағына деген ұғымды білдіреді. Яғни семантика мен мағына синонимдер. М: Қаратаудың басынан көщ келеді, - дегендегі – бас. Байжан бізге бас-көз болып жүр. Бұлақ басы дегендерде бас сөздері түрлі-түрлі мағына береді. Ол мағыналарда контекст арқылы ажыратамыз.
Артымыздан қол жетті, - дегенде қол сөзі ауыспалы мағынада әскер сөзінің арнына қолданылып тұр.
Асыл жеңгемнің қолын сағынып жүрмін, - дегенде қол – дәм, асын, тағамын орнына, қолы қатты адам, - десек, қолы сараң мағынасында да күшті, қарулы мағынасында да ұғынуға да болады.
Бұл мысалдардан сөз мағыналарының мол екендігі айқын көрінеді. Осындай, сөз мағыналарының қыр-сырын зерттейтін сала – семасиология.
2. Этимология -гректің etymon – шындық деген сөзінен алынған термин. Этимология – морфемалардың, жеке сөздердің шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейтін ілім. Этимология халықтық және ғылыми болып екіге бөлінеді. Этимологияның тіл тарихын жете білу үшін маңызы зор. Өйткені тіл тарихы сол тілді қолданушы халық тарихымен тығыз байланысты. Тіл тарихнан сол халықтың өткен жолын аңғаруға болады. М: қалдырықтай қатып қалыпты, - дейді. Қалдырық – бидайдың қабығы. Кәрі-жілік – қар көне түркіде, монғолда қанат. Қызыл шақа – шақа әзірбайжанша – сәби бала.
3. Фразеология - гректің phrasis - «сөйлемнен қалыптасқан сөз» дегеннен алынған термин. Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді, единицаларды зерттейтін ілім. Тілдегі тұрақты сөз тіркестері бүтін бір тұтастық, лексикалық бір ғана единица ретінде қолданылады. Ондай тіркестер екі немесе бірнеше сөзден де, бүтіндей бірер сөйлемдерден құралу мүмкін. М: аттың жалы, екі көзі төрт болды.
Фразеологиялық единицалар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударылмайды, тек сол екінші тілде бар баламасы арқылы ғана беріледі.