Lesson study – дің басты мақсаты


зерттеу сабағына тоқталсақ



бет3/3
Дата02.02.2023
өлшемі15,42 Kb.
#64566
1   2   3
2 зерттеу сабағына тоқталсақ, зерттеу сабағы жаратылыс тану пәні болды. Сабақтың тақырыбы: «Микроскоп» болды. Пән мұғалімі: С. Гүлнар әпкей. Ол кісі де осы ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жасап келді. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларды қобалжу болмады. Бұл сабақта жаңа тақырып аз бөліктерден жұптарға бөлініп берілді. Жұптағы 1-ші оқушы мәтінді оқып, жұбына: «Сен қалай ойлайсың, мәтін не туралы айтып тұр?» немесе «Мәтінде нені әңгімелеп тұр? деген сияқты сұрақтар қойды. Ал 2-ші оқушы түсінгенін өз сөзімен айтты, ал 1-ші оқушы 2-шіге «Өте жақсы түсініпсің, жарайсың!», «Жақсы, бірақ, түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып үйрен!» деген сияқты кері байланыстар берді. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Мәтінмен жұмыс жасағанда «Интервью» әдісінің тиімділігін байқадық. А оқушысы – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына кей жұптардың (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары оқушы көшбасшылықты өз қолына алып кеткені, мәтіннің мазмұнын айтуда С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік.
3 зерттеу сабағы математика пәні болды. Пән мұғалімі Т. Луиза. Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерді көбейту». Бұл сабақта «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдандық. Оқушылар 1-ші тапсырма орындады. Осы тапсырманың орындалуын мәтіннен оқыды. Тапсырманың 1-ші орындалуы мәтіннің мағынасын түсінуге үлкен көмегі болды. Нәтижесінде оқушылар ондық бөлшектерді көбейту ережесін өздері тұжырымдады. Сабақты бекіткенде, ондық бөлшектерді өмірде қолдануға арналған тапсырмалар беріліп, оқушылардың қызығушылығын арттырдық. А оқушысы – жұпта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. Ал С оқушысының сабаққа қызығушылығы оянды. Жалпы, осы үш сабақты қорытындыласақ, сабақтардан байқағанымыз оқушыға жай ғана мәтінді оқу тапсырмасын беріп қана қоймай, оқылым дағдысын қалыптастыратын әдістерді таңдай білу қажеттігін түсіндік. «Әр бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін бір циклмен шектелмей, келесі циклдарды ұйымдастыру қажеттігін түсіндік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет